Қазақстан республикасы ғылым және жоғары бiЛiм министрлiГi



бет1/4
Дата01.11.2022
өлшемі447,5 Kb.
#46688
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БiЛiМ МИНИСТРЛiГi
еуразия гуманитарлыҚ институты
Ақпараттық хабарлама
2022 жылдың 9 желтоқсанында сағ. 10.00-де Еуразия гуманитарлық институты тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақ Білім академиясының академигі, қоғам қайраткері Амангелді Құсайыновты еске алуға және туғанына 80 жыл толуына арналған Бірінші Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзедi.


Конференцияның ғылыми бағыттары:

1. Қазіргі жағдайда педагог кадрларды кәсіби даярлау.


2. Психология және педагогика: ХХІ ғасырдағы ғылымдардың интеграциясы.
3. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі даму тенденциялары: құндылықтар, үрдістер мен инновациялар.
4. Лингвистиканың, әдебиеттанудың және аударматанудың өзекті мәселелері.
5. Құқық және қазіргі экономика: дамудың жаңа сын-қатерлері мен перспективалары.
Конференция мәжілісінің форматы: пленарлық отырыс.
Материалдар электрондық жинағы конференцияға дейін шығарылатын болады.
Конференция материалдарын шығару үшін қатысуға тапсырыс пен баяндама мәтінін 2022 ж. 10 қарашаға дейін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы – 2500 теңге.
Жұмыс тілдері - қазақ, орыс және ағылшын.
Конференция қатысушыларына сертификат беріледі.


Баяндамаларды ресiмдеу тәртiбi
Мәтiн Microsoft Office Word-та терiлуi тиiс. Баяндамалар үшiн – шрифт Times New Roman, кегль 14, бiр жарым интервал. Мәтiн көлемi А4 форматты парақпен 5 толық бетке дейiн. Шеттерi: сол жағы – 3 см, жоғарғы, төменгi және оң жағы – 2 см;

  • парақтың оң жақ жоғарғы бөлiгiнде – кiшi әрiппен автордың аты-жөнi, ғылыми дәрежесi мен атағы; төменде: қаланың, жұмыс орындалған мекеменiң атауы;

  • ортасында: бас әрiппен мақаланың атауы, әрi қарай мәтiн;

  • әдеби дереккөздерге сілтемелер мақала соңында беріледі;

  • мақала мәтiнiн электронды түрде берулерiңiздi сұраймыз;

  • көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрiлiп жiберiлген немесе талаптарға сай ресiмделмеген материалдар қаралмайды және керi қайтарылмайды; ұйымдастыру комитетi мақалаларды iрiктеу құқығын өзiне қалдырады;

  • мәтiн автор тарапынан редакциялануы, оқылуы тиiс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет