«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы
ЖАЛПЫ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ
БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ
СӨЗДІК
Нұр-Сұлтан
ТАҚЫРЫБЫ: «Патофизиология пәні, міндеттері»
Патофизиология /гр. pathos- ауру, бұзылыс, дерт +logos- iлiм+physis-табиғат +
logos- iлiм / – ол ауру организмнің бұзылған қызметтерiн зерттейтiн және ауру
дамуының, ағымының, аяқталуының жалпы заңдылықтарын анықтауды өз
мақсаты ретiнде қоятын iлiм.
Клиникалық патофизиология – патофизиологияның бөлiгi. Негiзгi міндеттері:
а) адамның әр ауруындағы жүйелер мен ағзалар қызметтерi бұзылыстарының
сипатын және ауырлығын зерттеу; ә) ауру патогенезі және оның клиникалық
көріністері арасындағы өзара байланыстарын анықтау; б) патологиялық процестiң
зақымдалған ағзаға және ауру организмнiң басқа ағзалары мен жүйелерiне әсер
ету деңгейiн анықтау; в) функциялық диагностика әдiстерiн меңгере бiлу; д) адам
ауруына байланысты диагностика, алдын алу және емдеу жағынан жаңа
нұсқауларды өңдеу.
Тәжірибе (лат. еxperimentum – сынау, тәжірибе) – басқарып, реттеп тұруға
ыңғайлы жағдайда зерттеу мақсатымен белгілі бір құбылысты жасанды түрде
шақыру не өзгерту. Бақылаудан айырмашылығы – зерттеліп жатқан объектімен
өзара белсенді қатынаста болуда. Моделдеудің мәні – патологиялық
реакцияларды, патологиялық процестерді, түрлі ауруларды үлгілеуде. Әдетте
тәжірибе ғылыми зерттеу барысында өткізіледі және де гипотезаны тексеру, түрлі
құбылыстар арасында себептік байланыстарды анықтау үшін маңызды.
Патофизиологияда тәжірибелік зерттеу объектісі – науқас адам. Көбіне тәжірибе
жануарларға өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |