Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 5 В020300 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



жүктеу 1.08 Mb.
Pdf просмотр
бет10/16
Дата03.03.2017
өлшемі1.08 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Әдебиет:  
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002. 
2. Антонов С.И. Статистические источники по истории СССР периода      
    
капитализма. Москва, 1968. 
3. Источниковедение: Теория. История. Метод. Источники Российской истории.  
    
Учеб. пособие. // Данилеский И.Н., Кабанов В.В., Медушевская О.М.,  
    
Румянцева М.Ф. Москва, 2000. 
4. Тәсілова Н. Статистикалық деректер және оны талдау әдістері // Қазақ  
    
тарихы, №4, 2007, -34-39 б. 
5. Тасилова Н.А. Статистика ғылымы және статистикалық деректерді талдау  
    
әдістері // ҚазҰУ хабаршысы, №2 (45), 2007, -12-17 б. 
 

Апта №10 
1 кредиттік сағат  
Дәріс №19   
Тақырыбы: Іс жүргізу материалдары.  
Дәріс мазмұны: 
 
1. ХVІІІ-ХХ ғ. басындағы іс-қағаздық құжаттардың пайда болуы және  
              
дамуы. 
3.
 
Іс қағаздарының құрылымы, түрлері және оның ерекшелігі. 
I  Петр  тұсындағы  әкімшілік  реформалардың  басты  бағыты  құжаттардың  сыртқы 
көрінісінөзгертуге  негізделген  еді.  Указдардың  бірқатарымен  бағаналық  құжаттатамалық 
түрінен бас тартуы бекітілді. мысалы, 10 наурыздың 1702 ж арнаулы указында «... на Москве 
и во всех городах царевичам и боярам и окольничим  и думным и ближним и служилым и 
иноземцам и купецким и чернослободским и всякоо чину людям челобитные о всяких делах 
писать, и по етм челобитным в приказах всякие дела писать на гербовой листовой бумаге в 
тетрадях,  а  по  прежнему  обыкновению  на  столбцах  не  писать,  для  тоо,  чтоб  в  пркиазах 
всякие  челобитчиковы  дела  были  в  переплете  в  книгах,  а  не  в  столбцах».  Қажет  құжатты 
іздеу бағаналық түрінде уақытты көп жұмсауды қажетсінді, сондықтан жаңа құжаттамалық 
түріне  көшу  бұрын  жасалған  жазбаларын  іздеуін  тездетіп,  нәтижесінде  құжат  жасау 
процессін жеңілдетті. 
Құжаттаманың жаңа түрі оның әшекендірілуіне әсер етті. Енді мәтін беттің екі жағына 
да толтырыла бастады, ол іс жүргізу өлшемінің ұлғаюы жағдайында материалды үнемдеуге 
көмектесті.  Беттің  сол  жағында,  әдетте,  түзету,  толықтыруылар,  резолюция  енгізуге  орын 
қалдырылды. 
Жоғарғы және орталық басқару аппаратында жалпы сипаттағы іс жүргізу жүйесіндегі 
түрлендірулер Ресейдегі абсолютизмнің орын алуымен сипатталды. 1711 ж Басқарушы Сенат 
құрылып,  Боярлық  думасын  ауыстырып  заңкеңесберушілік  орган  функциясын  атқарып 
отырды. 
Бұйрықтар орнына басқарудың орталық органдары коллегия келді. 1719 жылдан 1721 
жылға  дейін  12  коллегия  құрылды.  Жаңаланған  іс  жүргізу  жүйесіндегі  коллегиялардың 
бұйрықтан  жұмыстың  жоғары  ұйымдастырылуымен,  құзыреттілігімен,  істің  бірыңғай 
талқылануы  мен  шешуімен  ерекшеленді.  I  Петр  және  оның  ізін  қуушылар  коллегия  нақты 
сұрақтар шешуі процесін тездетіп, дұрыс шешімдер қабылдауына көмектеседі деп сенді. 
I Петр тұсында мемлекеттік мекемелердің жұмысы мен іс жүргізіу процесі бірінші рет 
заңды  түрде  бекітілді.  1832  ж  «Свод  законов  Российской  империи»  басылуына  дейін 
коллегия  өз  жұмыснда  1720  ж  Бас  регламентті  басшылықққа  алып  отырды.  Бұл  құжат 
коллегияның  жұмысының  құрылымын,  штатын,  қызметті  тұлғалардың  құықтары  мен 
міндеттерін,  жұмыстың  және  іс  жүргізуінің  жалпы  тәртібін  анықтап  отырды.  Кйеін  бөлек 
коллегиялардың регламенттері шыға бастады. 
Бас  регламент  жалпы  түрде  басқару  аппараты  бірлігінің  түрлі  жазба  қатынасының 
жүйесін  реттеп  отырды.  Ол  бойынша,  Сенат  пен  коллегия  жоғарғы  басшылық  тарапынан 
ұсыныстарды тек қана  жазба түрінде қабылдауды міндеттеді. «Указдарды орындау жөнінде» 
4 тарауында «Всякой президент (коллегия басш. – авт. ) должен все указы Его Велияества и 
Сената,  которые  надлежат  быть  письменные  и  зарученные  (қол  қойылған  –  авт.),  а  не 
словесные, неотложно исполнять ... ». Бұл талап монархтың Сенат, Синод және коллегияға 
арнаған бұйрықтары дайындайтын Ресей империясының жеке канцеляриясының маңызының 
және қызметтік хат алмасуының өсуіне алып келді. I Петрдің әкімшілік реформасы, әрине,  
бұйрықтық іс жүргізу кезінде қалыптасқан жалпы құжаттаманың басты ағамын өзгерте алған 
жоқ.  Сенат  пен  коллегияға  келесі  құжат  түрлері  енді:  1)  Император  мен  жоғарғы 
мекемелерден 2) коллегияға тең құқылы мекемелерден промемория 3) төменгі органдардан 
рапорт немесе жолдама 4) жеке тұлға мен белгілі бір сословиелік өкілінен арыз (челобитная) 

Сенат  пен  коллегиялардан  шығыс  құжаттар  кіріс  құжаттардың  атауымен  бірдей 
болды:  1)  төмен  органдарға  указ  2)  коллегияға  тең  құқылы  мекемелерге  промемория  3) 
жоғары мекмелерге рапорт немесе жолдама 
Осылайша,  реформа  құжаттардың  атауын  өзгертті.  Бас  регламентте  канцелярия 
айналымында  қолданысындағы  кейбір  шетел  сөздердің  сөздігі  келтерілді.  Олардың  ішіне 
«резолюция»,  «рекомендация»,  «прерогативы»,  «публикация»,  «формуляр»  сөздері  енді.  
Олар  Бас  регламенттің  құрастырушысымен  сәйкесінше  «решение»,  «прошение  об  одном к 
другому»,  «преимущества»,  «всенародное  объявление»,  «образец».  Коллегиальды  іс 
жүргізуіне  «инструкция»  (приказдарда  -  наказ),  «экстракт»  (приказдарда-  выписка), 
«промемория» (приказдарда - ескертпе) және т.б  жаңа терминдар енгізілді. 
Сол кезде реформа шешім қабылдаудың коллегиальды принципін бекітіп, бұйрықты 
іс  жүргізуінде  болмаған  жаңа  құжаттар  тобын  құруын  қарастырды.  Бұл  құжаттар  ішкі 
ведостволық  болып  табылғандықтан,  қызметтік  мақсатта  қолданып,  мекеме  шекарасында 
сақталынды. Олар мекеме жұмысы мен осыған сәйкес  құжат алмасуды бақылауға көзделді. 
 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002. 
2. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828). т. ІV. М.-Л., 1940. 
3. Материалы по истории Казахской ССР (1741-1751). т. ІІ. ч.2. Алма-Ата, 1948. 
4. Казахско-русские отношения ХVІ-ХVІІІ вв. Алма-Ата, 1961. 
5. Казахско-русские отношения ХVІІІ-ХІХ вв. Алма-Ата, 1964. 
6. История Казахстана в русских источниках ХVІ – ХХ веков. Т. І-ІХ. - Алматы:  
    
Дайк-Пресс, 2005. 
 
2 кредит сағат  
Дәріс №20 
Тақырыбы: Іс жүргізу материалдары. 
Дәріс мазмұны: 
1.
 
Іс қағаздық құжат жүргізу ісінің деректанулық зерттеу мәселесі. 
2.
 
Ресей мен Қазақстан байланысын қамтамасыз ететін Мәскеу және  
Санкт-Петербург қалаларындағы дипломатиялық мекемелер: Сыртқы  
істер коллегиясының, Ішкі істер министрлігінің, Қоныс аудару  
басқармасының қорлары. 
3.
 
Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын тікелей іске асырушы  
жергілікті мекемелер: Батыс Сібір шекара комиссиясының, Орынбор      
облыстық канцеляриясының, губерниялық және болыстық есеп  
комитеттерінің, жер басқармаларының, Орынбор губернаторының  
канцеляриясының т.б. қорларының материалдары.  
XVIII ғ. іс құжаттар ісінде алғаш рет басылым станогы қолданды. 1714 ж 16 наурызда 
арнаулы    указда  «...  которые  Его  царского  Величества  именные  указы,  такожде  сенатские 
приговоры  состоятся  о  всяких  государственных  генеральных  делах,  а  надлежат  ко 
всенародному  объявлению,  и  те  указы  и  объявленные  письма  посылати  по-прежнему,  в 
губернии  к  губернаторам,  и  в  приказы  к  судьям,  а  для  всенародного  объявления  велеть  в 
типографии  печатать  и  продавать  всем,  дабы  были  о  том  сведомы  ...».  Типографиялық 
станогына  мемлекеттік  монополияға  байланысты  (1783  ж    дейін)  әрбір  жоғарғы  билік 
басынан  шығыс  құжаттың  басылым  формасы  оның  мәтінің  заңдылығы  мен  ақпаратты 
тексеруді  қажетсінген  жоқ.  Жариялық  үшін  арнаулы  және  сенат  указды  типографиялық 
тәсілмен шығару құжат алмасуының үдемелі қозғалысына алып келді. 
Сенат  және  коллегия    қызметтік  тұлғаларға  түрлі  инструкция  беріп  отырды. 
Осылайша,  1764  ж  Сенат  губернаторларға  Екатерина  II  рұқсат  еткен  типтік  Наказ 
дайындайды.  Сонымен  бір  кезде  Екатерина  II  құпия  инструкцияларын  жіберген  еді.  Ол 
инструкциялар оның статс-хатшысы Адам Васильевич Олсуфьевпен дайындалды. 1763-1765 

жж.  құпия  инструкциялар    Архангелогородск,  Новгородск,  Смоленск,  Малороссийск, 
Новороссийск, Астрахань губернаторларына үлестірілгенді. Титпік Наказға қарағанда құпия 
инструкцияларда  губернаторлар  үшін  басқарып  отырған  аймақтардың  мәселелерін  шешуге 
көзделген инструкциялар қарастырылған. 
XVIII  ғ.  заң  шығарушы  орган  құжатттардағы  мәтіннің    сөз  сабақтастығына  және 
ақпаратты  ұйымдастыруына  назар  аударды.  1  наурыздың  1702  ж  арнаулы  указ  өтініштің 
(челобитная) формасын анықтады:  «... писать в челобитных свою государскую чесь новым 
изложением,  в  начале:  «Державнейший  царь  государь  милостивейший»  и  по  том  писать 
дело,  а  перед  пошением  вместо  «милосердного»  «Всемилостливейший  государь  прошу 
Вашего  Величества  нижайший  раб»  и  под  тем  писать  челобитчикам  имена  свои    с 
прозванием и месяц и число и год; а по-прежнему обыкновению в челобитных Его царского 
именования титл не писать...». 
I  Петр  коллегияны  енгізбестен  бұрын    кейір  құжаттардың  ақпараттарын  қалпына 
келтіру жұмыстарын өткізді. 1714 ж 22 ақпанның указында губернаторлардан салық жинау 
және  қазна  шығындары  жөнінде  есеп  берген  кезде  ақпараттарды  «пункт»  –  логикалық 
тәуелсіз тараулар –  бойынша бөлу. Указ губерния басқарушылары жауап беретін 22 пунктты 
анкетадан (сауалнама) тұрды. Кейін, 1723 ж 5 қарашада бұл талаптар өтініштер (челобитная) 
және  жолдамаларға  да  таралатын  болды.  Өтініш  (челобитная)  құрылымы  өз  алдына  оның 
қарастыратын  құжаттарға  байланысты  анықталды.  Өтінішке  (челобитная)  байланысты  іс 
жүргізудің арнайы құжаттары да пункт бойынша қарастырылатын болды, соның ішінде сот 
мекемелер  шешімдері.  Петр  кезіндегі  заң  шығару  органдарында  құжаттардың  мәтіні 
ресилілігіне жетті. Сенат жариялаған указ бойынша рапортта жоғарғы органдарға жұмыстың 
орындалуын хабарлаған кезде нақты жұмысқа қатысты емес мәселелерге тоқталуды тыйым 
салды.  Бұл  указ  жұмыстың  есебін  бір  ғана  мәселеге  көзделсін  деген  ниетпен  жасалған. 
Қызметкерлердің ұсыныстары меморияларда, яғни, хаттар арқылы жазылуы міндеттелді. 
Ресейдегі  іс  жүргізудің  келесі  даму  кезеңі  министрліктердің  құрылуымен  тікелей 
байланысты  болды.  1802  ж  8  қыркүйектің  манифестімен  сәйкес  Ресейде  алғашқы  сегіз 
министрлік  құрылды.  «Министрліктің  жалпы  мекемесі»  1811ж  25  маусымда  қабылданып,  
министрліктің  жалпы  ұйымдастырылуын,  іс  жүргізуін  және  басқа  мекемелермен  қарым-
қатынасын анықтады. Құжаттама жүйесі 1832 ж «Ресей империясының зағдар жинағымен» 
бекітілді.  
Жаңа  басқару  принципі  іс  жүргізуді  өзгертіп,  біріншіден  коллегиялық 
ұйымдастырудан  бас  тартуды  шешті.  Реформаторлардың  ойынша  бұндай  принцип  шешім 
қабылдауды ұзартып құжат көлемін үлкейтеді. Жаңа құрылымның міндеті осы мәселелерді 
шешуге бағытталды. 
Коллегиялық  басқаруға  қарағанда  министрлік  басқару  бірыңғай  басқаруында 
негізделді. Соңғы шешімін қабылдау бір тұлғаға жүктелетін болды. Жаңа басқару жүйесінде 
бұндай тұлға министр болып есептелді де, мекеме ішіндегі биліктің барлығы соның қолында 
шоғырланды.  Алайда,  заң  талабы  бойынша  министр  министрліктің  құрылымдық  бөлім 
қызметкерлердің  алдын-ала  доклады  негізінде  өз  шешімін  нақтылады.  Ал  олар  өз  алдына 
шешім қабылдау жобасын құрып, керек анықтамаларын жинастыруға міндетті болды.  
Әрбір мәселе міндетті түрде канцелярия мен министрлік департаментпен талқыланып, 
ол  бойынша  министр  алдына  доклад  дайындалды.  Министр  шешім  қабылдаған  кезде 
қызметкерлер пікірін ескермеуіне де рұқсат етілді.  
Министрліктің  жұмысының  мәні  әрбір  атқарушы  белгілі  бір  деңгейде  сол  кезде 
шешім  қабылдау  құқығына  ие  және  өз  жұмысы  үшін  жоғары  тұрған  органдарға  жауапты 
болды. Бұндай басқару принципі бюрократиялық деп те атайды. 
Министрлік  бөлімшілерінің  түпкілікті  функцияларын  өзгерту  өз  алдына  ведомство 
ішіндегі түрлі деңгейде құжаттардың формасы мен мазмұнынының өзгеруіне әкеліп отырды. 
Құжаттың  төменгі  сатысынан  жоғарғы  сатысына  өту  кезінде  ақпарттың  «сіңу»  принципі 
байқалды. егер төменгі сатыснда құжаттың барлығы жиналып  және оның негізінде доклад 

дайындалса,  енді  оны  министр  қарастыруына  ақпарттың  жалпыланған  мәтіні  әкелініп 
отырды. 
Министрлік басқару кезінде  хат алмасудың қатаң ережесі сақталды. Хат алмасудың 
бір  түрі  ретінде  ұсыну  болып  табылады.  Оның  мәтіні    нақты  белгіленген  құрылыммен 
жазылып,  барлық  деңгейде  де  сақталды.  Ұсыну  келесі  тараулардан  құрылды:  істі  ашып 
көрсету; себептері; қиыншылықтары; қорытынды. Құжаттың бұндай бөлігі арқылы төменнен 
жоғары қарай жіберілген кезде ақпаратты ресмилендіру процесі байқалады. Сондай тараулар 
министрден императорға қарай жіберілген кезде болды. 
XIX ғ. бірінші  жартысында құжаттардың келесі ағымы пайда болды:  министрліктер 
императорға  жыл  сайынғы  бүкіл  қызметтік  есептерін  тапсырып  отырды.  Басқарудың 
жоғарғы  органдары  төменге  указ,  бұйрық,  қаулы,  предписание  бағыттап  отырды.  Тең 
құқылы  мекемелер  бір-біріне    қатынас,  хабар,  хат  алмасу,  ведения  (ведения  –  Сенат  пен 
Синод арасындағы құжат; ведения мен известия арқылы департамент, бөлімше және жалпы 
Сенаттағы  жиналыста  қатынастары  бекітіліп  отырды)  жолдап  отырды.  Ал,  басқарудың 
төменгі  органдары  жоғары  органдарына  доклад,  рапорт,  ұсыныс  және  жолдама  жіберіп 
отырды.  
XIX ғ. ортасында министрліктің жұмысы бұйрық арқылы жүзеге асырылып отырды. 
Министрліктің  пайда  болуымен  коллегиялар  толығымен  жойылған  жоқ.  Ол  Сенат 
жұмысында әлі де сақталды. 
XIX  ғ.  бірінші  жартысындағы  іс  жүргізудің  ерекшелігі  бірқатар  құжаттардың 
стандартизациялауында болды. Ол типографиялық тәсілмен дайындалған бланкті қолдануға 
мүмкіндік  берді.  Құжаттың  алдын-ала  дайындалған  трафареті  I  Петрге    XVII  ғ  аяғында 
ұсынылды.  Алайда,  бұл  ұсыныс  XIX  ғ.  30  жж.  ғана  жүзеге  асырылды.  Петр  кезіндегідей 
құжаттарды толтыру заң жағынан бекітілген формаларға сәйкес қажет болды. Тек қана осы 
кезде ғана құжат заңды күшке ие болды. 
 
 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002. 
2. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828). т. ІV. М.-Л., 1940. 
3. Материалы по истории Казахской ССР (1741-1751). т. ІІ. ч.2. Алма-Ата, 1948. 
4. Казахско-русские отношения ХVІ-ХVІІІ вв. Алма-Ата, 1961. 
5. Казахско-русские отношения ХVІІІ-ХІХ вв. Алма-Ата, 1964. 
6. История Казахстана в русских источниках ХVІ – ХХ веков. Т. І-ІХ. - Алматы:  
    
Дайк-Пресс, 2005.  
 
Апта №11 
1 кредит сағат  
Дәріс №21  
Тақырыбы: Мерзімді басылым. 
Дәріс мазмұны: 
1.
 
Мерзімді басылымның дерек көзі ретіндегі ерекшеліктері мен маңызы. 
2.
 
Мерзімді басылымдарды классификациялау мәселелері 
Мерзімді басылымдардың дерек көзі ретіндегі ерекшеліктері мен                                                                    
 
маңызы. 
 
   
Бейнелеп  айтсақ,  XIX  ғасырдың  соңғы  ширегіндегі  қазақ  жерінің  отарлану  тарихынан 
бастап бүгінгі тәуелсіз мемлекет құру тарихына дейінгі қазақ халқының жүріп өткен жолын 
сарғайған  газеттер  беттерінен  көруге  болады.  Көп  жағдайда  баспасөз  материалдары  біздің 
өткеніміздің кейбір сәттері туралы мәлімет бере алатын бірден бір дерек көзі болып шығады. 
Демек,  XIX  ғасырдағы  қазақ  тарихын  мерзімді  басылымсыз  толық  ашып  көрсету  мүмкін 
емес  деп,  сеніммен  айта  аламыз.  Олай  болса,  алдымен  сол  мерзімді  басылымдарды  тарих 

дерегінің  көзі  ретінде  зерттеу  бүгінгі  деректану  ғылымының  алдында  тұрған  міндеттердің 
бірі.  
    
Мерзімді басылымдарды түрлі мамандық иелері әр түрлі мақсаттармен, әр түрлі қырынан 
зерттеуі мүмкін. Егер, журналистерді нақтылы басылымның әдеби публицистикалық сапасы, 
автордың  матералды  бере  білу  шеберлігі  қызықтырса,  тарихшыны  өзі  зерттеп  жүрген 
тақырыбы  бойынша  жариаланған  фактылық  материалдар  қызықтырады.  Ал,  деректанушы 
баспасөзді  оның  деректік  маңызы  мен  ерекшеліктерін  көрсету  үшін,  жалпы  тарих  дерегі 
ретіндегі  ғылыми  құндылығын  анықтау  үшін  зерттейді.  Мерзімді  басылымды 
деректанушылық  талдауға  жататын  мәселелердә  зерттеуші  И.Я.  Биск  төмендегідей  төрт 
топқа бөлуді ұсынады: 
1)  сыртқы  белгілеріне  қарай:  қағазы,  мерзімділігі,  таралымы,  оқырмандардың  әлеуметтік 
құрамы, таралым жолдары және аймағы
2)  иелеріне,  қызметкерлеріне  және  экономикалық  базасына  қарай:  баспагер-  шығарушы, 
редакторы, редакция және оның ақпарат көздері, танымал авторлары, баспаханасы, қағаздың 
және  басқа  да  қажетті  шикі  заттардың  бағасы,  қызметкелердің  жалақысымен  қаламақысы, 
сату бағасы жәнежарнама төлемі, жалпы ақша қоры, бәсекелестері; 
3)  мерзімді  басылым  тарихы  ретінде:  қашан  шықты,  атының  өзгеруі,  бқрын  кімдердің 
иелігінде  болғандығы,  әр  түрлі  кезеңдегі  қоғамдық  өмірдегі  алған  орны,  дәстүрі;негізгі 
мәселелерді, қоғамдық ой пікірді көрсете білу дәрежесі. 
4) мазмұнына қарай; мерзімді басылымның таптық сипаты және партиялық бағыты, әр түрлі 
материалдар  мен  бөлімдердің  ара  салмағы,  қарастырылып  отырған  күнделікті  негізгі 
мәселерді, қоғамдық ой пікірді көрсете білу дәрежесі. 
    
Әрине, орыс деректанушысының бұл ұсынысымен негізінен келісуге болады. Көрсетілген 
мәселелерді  анықтаудың  мерзімді  басылымның  деректік  құндылығын  ашуға  көмектесері 
даусыз. Дегенмен, қазақ баспасөзінің өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Ол өзі пайда болып 
кең  тарала  бастаған  132  жыл  ішінде  әр  түрлі  қоғамдық  саяси  жүйеде  шығарылып  тұрады. 
Мысалы  тек  бір  ғана  1917  жылдыңбарысында  қазақ  баспа  сөзі  үш  түрлі  саяси  жағдайды 
басынан  өткерді.  Оның  әрқайсысы  да  басылымдардың    бағыт  бағдарына,  мақалалар 
мазмұнына әсер етпей қоймайды. Сондықтан біздер үшін баспасөзге қатысты мәселелердің 
бастысы  оның  қандай  тарихи  жағдайда  шығып  тұрғандығын,  қандай  мақсат  мүдде  үшін 
күрескендігін, қандай құндылықтарды қорғағандығын анықтау. 
    
Барлық  өркениетті  елдерде  газет  –  журналдарға  қатысты  мәселелермен  арнаулы 
«газеттану» ғылымы немесе деректану ғылымы айналысады. Мысалы Германияда газеттану 
ғылымы өткен ғасырдың 20жылдарында пайда болды. Сол жылдары елде газеттану әдебиеті 
көптеп  шығарылды.1926  жылдан  бастап  «Цайтунгсвиссенншафт»  (Газет  туралы 
ғылым)журналы  шыға  бастады.1930  жылы  О.Гроттың  «Газета»  деп  аталатын  төрт  томдық 
еңбегі  жарияланады.  Жалпы  Веймар  республикасы  жылдарында  газеттану  саласында  552 
диссертация  қорғалып,  олардың  көбі  жарияланды.Ол  еңбектерде  баспасөз  ісінің  теориясы 
мен  методикасы  басылымдар  жағдайы,  мамандар  туралы  мәліметтер,  рецензиялар  т.т 
басылып  тұрды.  Дәстүрлі  деректану  мектебі  қалыптасқан  Ресейде  мерзімді  басылымдарға 
тарихи  дерек  ретінде  әр  түрлі  еңбектерде  талдау  жасалынған.  Егер,  С.И  Антонова  өз 
еңбегінде баспасөзді қазан төңкерісіне дейінгі КСРО тарихының дерегі ретінде қараса, А.М 
Панфилова  кеңестік  мерзімді  басылымдарды  қазан  төңкерісінен  кейінгі  КСРО  тарихының 
дерек  көзі  ретінде  қараған.  Осылардың  және  басқа  да  орыс  ғалымдарының  еңбектерінде 
баспасөз мәліметтерін ғылыми еңбектерде пайдалана білудің маңызы көрсетілген. 
    
Сөз  жоқ  ұлт  тарихының  деректерңн,  соның  ішінде  мерзімді  басылымдарды  да  ,  тарих 
деректері  ретінде  тану  ісін  енді  ғана қолға  ала бастаған  біздер  үшін,  Ресей  ғаламдарының 
осы саладағы еңбектерімен жете танысудың тигізер пайдасы мол. Дегенмен, мына нәрселерді 
ескергеніміз  дұрыс:  біріншіден,  көрсетілген  еңбектер  кеңес  өкіметі  кезіндедайындалып 
жарық көрген. Сондықтан мерзімді басылымдар сол кездегі үстем коммунистік  идеологияға 
сай  таптық  тұрғыдан  қаралып,  негізінен  тап  күресінің  қуатты  қаруы  ретінде  зерттелінген, 

екіншіден,  КСРО  тарихының  дерегі  деп  аталғанымен,  бұл  еңбектерде  тек  орыс  тілінде, 
орталықтан шығып тұрған басылымдар ғана Ресей тарихының дерегі ретінде қарастырылған. 
    
Мерзімді  басылымның  тарих  дерегі  ретінде  бейнелеу  обьектісі  мен  ауқымдылығы  тап 
күресінен  әлдеқайда  кең  және  жан  –  жақты.  Газет  пен  журнал  материалдары  қоғамдық  – 
саяси  өмірдің  кең  суреттемесін  қалпына  келтіріп,зерттеудегі  кезеңнің  басты  актуальды 
проблемаларын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Және  де,  әр  елді,  тіптен  бір  елдегі  әр  түрлі 
ұлттардың  деректерінің,  соның  ішінде  мерзімді  басылымдардың  да  өзіндік  ерекшелігі 
болмай  қоймайды.Ол  –  заңдылық.  Сондықтан  тарихи  сынның  да  ерешеліктері  болғаны 
туралы  В.О  Ключевский:  «Барлық  жерде  тарихи  сын  қосымша  ғылым  ретінде  бірге  болу 
керек пе, жоқ әр жерде өз ерешеліктеріне қарй жергілікті тарихи сынның да өз ерекшелігі 
болу керек пе», - деген сауал қойып, өған өзі: «Тарихи сынның өз ерекшелігі болу керек. Ол 
тарихи сынның міндеттері мен тәсілдерінің тарихи деректерінің өзіндік қасиеттерімен тығыз 
байланыстылығынан  туындайды.  Ал  деректердің  өзіндік  қасиеттері  барлық  жерде  бірдей 
емес» - деп жауап береді. Яғни Қазақстандық мерзімді басылымдар, әсіресе қазақ тіліндегі 
газет – журналдар Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде арнайы зерттелуі тиіс. 
Мерзімді басылымдарды сыныптау проблемасы
   
Деректердің  аса  бір  үлкен  тобын  белгілі  бір  формаға  ие  болған,  қоғамдық  мәні  бар, 
әлеуметтік  мәдени  міндеттер  атқаратын  мерзімді  басылымдар  –  газет  пен  журналдар 
құрайды.  Газет  –  журналдардан  тарихшылар  кез  келген  тақырыпты  зерттеу  барысында 
өздеріне  қажетті  мәліметтер  таба  алады  деп  айтуға  болады.  Дегенмен,  тарихшы   
деректанушы деректің осы тобына жататын түрлерінің әр қайсысы әр түрлі уақытта және әр 
түрлі тарихи жағдайда пайда болып қалыптасқан өзіндік ерешелігі бар дерек ретңнде, нақты 
– 
деректанушылық  зерттеу  нысаны  бола  алатын,  күрделі  деректер  комплексінен 
тұратындығын  білуі  қажет.    Сонымен  қатар,  мерзімді  басылымдарда  жарияланған  түрлі 
мәтін  деректер  әр  алуан  деректер  түрлеріне  де  жатуы  мүмкін  екендігінде  зерттеуші 
ұмытпауы  керек.  Газет  –  журнал  беттерінен  заң  актілерін,  іс  қағаздарын,  қаптамаларда, 
естеліктерді,  заман  хаттарды  т.б  кездестіруге  болады.  Әсіресе,  соңғы  жылдары  еліміздің 
тәуелсіздік алуына байланысты қазақша басылымдарда ұлт тарихына қатысты жәдігерлердің 
алуан түрлері көптеп жариялана бастады. Осындай әр түрлі мәтін деректерге нақты жағдайға 
сай келетін зерттеу тәсілдері мен талдау әдістерін қолдану қажеттілігі түсінікті. Сондықтан 
зерттеуші  деректану  ғылымының  методологиясын,  ортақ  заңдылықтарын,  теориялық 
негіздерін,  деректермен  жұмыс  істеу  тәсілдерін  меңгеруі  қажет.  XX  ғасыр  тарихының 
ерекшеліктерінің  бірі  оның  дерек  негізінің  бұрынғыдан  бұрынғыдан  әлдеқайда  кеңеюінде 
тарихи деректердің ғасыр сырларын өз бойына жинаған кино, фото бейнефильм сияқты жаңа 
түрлерінің пайда болуында. 
     
Қазақ тарихы үшін осындай XX ғасырға тән тарихи деректердің бірі, ол жазба деректер 
тобына жататын мерзімді басылымдар. Негізінен ғасыр басында пайда болып, қалыптасқан 
мерзімді басылым тез арада маңызды дерек көзіне айналды. Бүгінгі күні ұлт тарихындағы, 
XX  ғасырда  болған  бірде  бір  оқиға  мерзімді  басылымды  тарихи  дерек  көзі  ретінде 
пайдаланусыз зерттелінбейді деп сеніммен айтуға болады. 
    
Басқа  деректер  сияқты  мерзімді  басылым  мәләметтерді  де  тарихи  «сынды»,  басқаша 
айтсақ,  деректанулық  талдауды  қажет  етеді.  Сол  арқылы  ғана  баспасөзден  обьективті 
мағлұмат алуға болады.  
    
Мерзімді басылымға ең басты белгісі мерзімділігімнен ерешеленетін әр-түрлі басылымдар: 
газеттер,  журналдар,  белгілібір  уақытта  шығып  тұратын  жинақтар,  ғылыми  еңбектер  және 
жазбалар  жатады.  Олардың  ішінде  мерзімділік  принципіне  сай  екі  негізгі  түрін  ерекше 
айтуға болады. Олар: 
1.
 
Газет  –  жиі  шығып  тұратын  (әдетте  күнделікті)  мерзімді  басылым  түрі,  оның  басты 
міндеті  –  болып  жатқан  оқиғалар  ағымы  туралы  мәліметтер  жеткізу  және  түрлі 
ақпараттық мазмұнды материалдар жариялау.  
2.
 
Журнал – жиілілігі аптасына бір реттен аспайтын (әдетте ай сайын шығатын) мерзімді 
басылым, ол кітап түрінде әр алуан саяси, ғылыми әдеби материалдармен жарық көрді. 

    
Газеттер  мен  журналдар  өзінің  саны  мен  көлемі  жағынан  аса  көп,  мазмұны,  бағыт  – 
бағдары,  мақсаты  жағынан  әр  алуан  болып  келеді.  Оның  бәрін  қамтуөте  қиын.  Сондықтан, 
баспасөз  ретіндегі  деректер  теңізінде  дұрыс  жо  табу,  тарих  зерттеулерде  оларды  тиімді 
қолдана  білу  қажеттілігі  оларды  сыныптау  проблемасын  туғызады.  Басқаша  айтсақ,  газет  – 
журналдарды ортақ қасиеттері бар, бірақ бір-бірінен ерекше белгілерімен айрылатын топтарға 
бөлу. 
    
Мерзімді басылымдарды сыныптау, зерттеушіге тәуелсіз объективті деректердің өзіне тән 
қасиеттерінен  шығуы  қажет.  Онда  деректердегі  шындықтың  ену  және  бейнелеу  заңдары 
көрінуі керек. 
    
Демек, газеттер мен журналдар әр түрлі белгілеріне қарай бірнеше  ұсақ топтарға бөлінеді: 
-
мерзімділігіне қарай (күнделікті және апталық газеттер; апталық, айлық немесе тоқсандық 
журналдар.); 
-
территориялық белгілеріне қарай (астаналық, орталық, жергілікті); 
-
тіліне қарай (ресми-үкіметтік, ведомстволық, жеке меншік, қошғамдық, ұйымдық т.б); 
-
цензураға қатынасына қарай (жария, жасырын); 
-
әлеуметтік бағытына қарай (жастар,әйелдер, балалар, студенттер т.б); 
-
мазмұнына қарай (әдеби, қоғамдық, ғылыми, сатиралық т.б). 
     
Мерзімді басылымның XIX ғасырдың соңы мен  XX ғасырдың басындағы дамуы туралы 
айтқанда, ондағы жіктелудің жетекші екі тенднциясын байқауға болады: 
    
а) 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет