Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 5 В020300 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



жүктеу 1.08 Mb.
Pdf просмотр
бет6/16
Дата03.03.2017
өлшемі1.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Әдебиет

1.  Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.  
2. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. А., 1985. 
3. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. А., 1985. 
4. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. А., 1994 
5. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973. 
6. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. А., 1982. 
7. Сыдықов Т. Қазақтың тарихи жырлары және бүгінгі ғылым // Қазақ   
    
фольклорының тарихилығы. А., 1993. 
8. Қасқабасов С. Миф пен әпсананың тарихилығы // Қазақ фольклорының   
    
тарихилығы. А., 1993. 
9. Сейдімбек А. Қазақ жырлары: кеше, бүгін, ертең // Қазақ әдебиеті. 1994,  
    
№11-12. 
10. Бердібай Р. Эпос мұраты. А., 1997. 
 
Апта 2.  
1 кредит сағат  
№3 дәріс 
Тақырыбы: Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының деректік  
                       
базасы. 
Дәріс мазмұны: 
1.
 
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының деректік  
        
базасының жалпы жағдайы. 
2.
 
Деректердің негізгі басылымдары. 
3.
 
Сыныптау мәселелері.  
      
Қазақстанның тұрғындары туралы мәліметтер ертедегі Грекияға Персия арқылы, сондай-
ақ Қара теңіз өңіріндегі грек отарлары арқылы жетіп тұрды. Тегінде, бұл аймақтың тарихи 
тағдырлары  жөнінде  бірсыпыра  анық  мәліметтер  беретін  «Тарих»  деген  тамаша  еңбекті 
жазған  Геродот  (б.з.б.  484-425жж.)  болар.  Қазақстан  тарихын  зерттеу  үшін  грек 
тарихшыларының  Александр  Македонскийдің  жорықтарын  суреттейтін  шығармаларының 
бірсыпыра маңызы бар, олардың арасында Диодарды, Помпей Трогты, Полибийді атап өткен 
жөн. Олардың көшпелілер мен Парфия, Грекия мен Бактри арасындағы саяси қақтығыстар 
туралы  жеткізген  мәліметтері  ерекше  маңызды.  Алайда  оларда  Қазақстанның  ертедегі 
тайпалары туралы  нақты ақпарат көп  емес. Ертедегі Қазақстан тарихы үшін географиялық 
антик әдебиеті маңызды деректеме болып табылады. 
       
Б.з.б. ІІ ғасырдан бастап Қазақстан тарихын зерттеуде қытай деректемелері айтарлықтай 
рөл атқарады. Антик авторларына қарағанда, қытай авторлары жалпы алғанда Қазақстандағы 
жағдайды  жақсырақ  білетін  еді.  Қытайдың  экспансиясының  батысқа  жылжуы  Шығыс 
Түркістандағы,  Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы  жағдайды  дәл  білу  қажеттігін  туғызды.  Бұл 
орайда халықтар мен тайпалардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, олардың өмір салты, саяси 
құрылысы  мен  соғыс  оқиғалары  туралы  материал  мақсатты  түрде  жиналды.  Бұл  ақпарат 
әдетте  барлауды  мақсат  ететін  елшілердің,  саудагерлердің,  саясатшылар  мен 
миссионерлердің  Орта  Азия  иеліктеріне  сапарларының  нәтижесінде  алынып,  жеткізіліп 
отыратын. Сонымен бірге мәліметтер жинау қытай әскерлерінің жорықтары кезінде жүзеге 
асырылды.  Ертедегі  және  орта  ғасырлардағы  қытай  деректемелері,  сыңаржақ  болғанына 
қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.  
Деректеметануда ІХ-ХУІІ ғ. араб, парсы және түркі әдебиті ерекше орын алады, онда 
Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір 
құнды материалдар бар.  
Араб  халифаты  дәуірінде  арабтардың  Шығысты  жаулап  алуы,  синкретикалық 
мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман 
дүниесінің  саяси  шекарасынан  тыс  жатқан  алыс  аймақтармен  сауданың  дамуы  арабтарды 
Шығыс  Европа  мен  Орталық  Азияның  көршілес  елдерімен  және  алыстағы  халықтар  мен 

тайпалар  туралы  ақпарат  жинауға  құлшындырады.  Арабтардың  орта  ғасырладағы 
тарихнамасының  Қазақстан  аймағына  ерекше  ден  қоюы  олардың  Орта  Азиядағы  жаулап 
алған  жерлерін  нығайту  және  Қазақстанның  жауынгер  көшпелі  тайпаларынан  сыртқы 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігімен де байланысты болды.  
         
Жалпы  дәстүр  мен  мәдениет  негізінде  парсы  тілді  шығармалармен  біріктірілген  және 
негізінен  Орта  Азия  мен  Шығыс  Түркістанда  жазылған  түркі  тілді  әдебиет  ескерткіштері 
соңғы  орта  ғасырлар  дәуіріндегі  Қазақстан  тарихы  жөніндегі  нарративтік  деректемелер 
арасында  маңызды  орын  алады.  Оларда  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихының  қазақ 
халқы құрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуымен және дамуымен, сондай-ақ ХV-ХVІІ 
ғ.  б.  қазақ  қоғамы  өмірінің  көрінісін жаңғыртып,  көрсетумен  байланысты  кезеңнің ерекше 
маңыздылығын баяндайтын едәуір мәліметтер бар.  
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том. А., 1998. 
3. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002. 
4. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».  
     
2005.      Т.1: Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 б. 
           
Т.2: Антикалық Грекия және Рим тарихи ойы. – 2005. – 416 б. 
           
Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б. 
5. Қазақстан тарихы туралы түрік деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітіктастары  
    
мен ескерткіштері (Орхон,Енисей,Талас).– Алматы: Дайк-Пресс, 2005.- 252 б. 
6. Қазақстан туралы түркі деректемелері. І том. Өтеміс қажы. Шыңғыс наме. –  
    
Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 400 б. 
 
7. Қазақстан туралы түркі деректемелері. V том. XV – XIX ғасырлар  
     
шығармаларынан үзінділер. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 440 б. 
8. Қазақстан тарихы туралы монғол дерктемелері. І том. Моңғолдың құпия  
    
шежіресі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 400 б. 
9. Қазақстан тарихы туралы монғол дерктемелері. ІІ том. Лұбсанданзан. Ежелгі  
    
хандар негізін салған төрелік жосығының туындыларын құрастырып,  
    
түйіндеген Алтын тобчы (Алтын түйін) демек-дүр. – Алматы: Дайк-Пресс,  
    2005. – 
364 б. 
10. Қазақстан тарихы туралы монғол дерктемелері. ІІІ том. Деректемелер мен  
      
мұрағаттық құжаттар. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 180 б. 
11. История Казахстана в персидких источниках. Том V. Извлечения из  
      
сочинений ХІІІ-ХІХ веков. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 476 с. 
12. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. А.,  
       1972. 
13. Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического  
      
письма. – СПб.: Филологический факультет СПб ГУ, 2003. – 560 с. 
14. Материалы по истории Казахских ханств XV – XVІІІ веков (Извлечения из 
      
персидских и тюркских сочинений). – Алматы: «Наука», 1969. -652 с. 
15. Захир ад-дин. Бабыр-нама. – А., Жалын, 1990. 
16. Мұхаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди. – А., Туран, 2003. 
17. Қадырғали бек Қосымұлы Жалайыр. Жами ат-тауарих. – А., 1997. 
18. Әбілғазы Бахадүр хан. Түрік шежіресі. – А., Ана тілі, 1992. 
19. Өтеміс қажы. Чингиз-наме. – А., Ғылым, 1992. 
 
2 кредит сағат 
№4 дәріс 
Тақырыбы: Орта Азия мен Қазақстан көшпелілер тарихы туралы антик авторлары. 
Дәріс мазмұны:  
1.
 
Грек авторлары: Геродоттың «Тарихы», Страбонның «Географиясы». 

2.
 
Рим авторлары.  
3.
 
Ахеменид  жазбалары:  І  Дарий  патшаның  жазбалары.  Бехистун  жазбалары, 
Персополь жазбалары және т.б. «Авеста». 
      
Қазақстанның  тұрғындары  туралы  мәліметтер  ертедегі  Грекияға  Персия  арқылы, 
сондай-ақ Қара теңіз өңіріндегі грек отарлары арқылы жетіп тұрды. Тегінде, бұл аймақтың 
тарихи  тағдырлары  жөнінде  бірсыпыра  анық  мәліметтер  беретін  «Тарих»  деген  тамаша 
еңбекті жазған Геродот (б.з.б. 484-425жж.) болар. Қазақстан халықтары туралы хабарлар 
ең  көп  дәрежеде  төртінші  кітапта  шоғырландырылған,  онда  көшпелі  скиф  тайпаларының 
орналасу  географиясы,  олардың  тарихы,  рухани  мәдениеті,  әдет-ғұрыптары  туралы 
баяндалады.  Геродот  хабарларының  негізгі  деректі  материлдар  да,  Қазақ  стан  мен  Орта 
Азияның    (скиф) тайпаларына барып тіркелетін ауызша фольклорлық дәстүр де алынған. 
Ктесийдің  куәліктерінде  ахеменид  уақытының  тарихы  жөнінде  бірқатар  құнды 
деректер  бар,  олар  оның  «Персия  тарихы»  деген  шығармасында  жиналған.  Бұл  еңбекті 
Диодор  (б.з.б.  І  ғ.),  Үлкен  Плений  (б.з.  Іғ.),  Клавдий  Элан  (б.з.  ІІ-ІІІ  ғ.)  сияқты  авторлар 
деректеме  ретінде  пайдаланған.  Неғұрлым  кейінгі  авторлар  Ктесийді  «тарихи  романның 
атасы»  деп  атайды.  Ктесийдің  әңгімелерінде  кейде  анахронизм  сарыны  сезіледі.  Дегенмен 
ежелгі  грек  жазушысының  ақпаратында  ертедегі  Қазақстан  этнотары,  олардың  орналасқан 
жерлері,  қоғамның  саяси  ұйымдастырылуы  туралы  анық  деректердің  жекелеген  маңызды 
ұшықтары  әр  жерде  шашырап  жатыр.  Ктесийдің  бірқатар  қызықты  новеллалары  шын 
мәнінде жергілікті халық дәстүрінен мәліметтер береді.  
    
Қазақстан  тарихын  зерттеу  үшін  грек  тарихшыларының  Александр  Македонскийдің 
жорықтарын  суреттейтін  шығармаларының  бірсыпыра  маңызы  бар,  олардың  арасында 
Диодарды,  Помпей  Трогты,  Полибийді  атап  өткен  жөн.  Олардың  көшпелілер  мен  Парфия, 
Грекия  мен  Бактри  арасындағы  саяси  қақтығыстар  туралы  жеткізген  мәліметтері  ерекше 
маңызды. Алайда оларда Қазақстанның ертедегі тайпалары туралы нақты ақпарат көп емес. 
Ертедегі  Қазақстан  тарихы  үшін  географиялық  антик  әдебиеті  маңызды  деректеме  болып 
табылады. Страбонды (б.з.д. І ғ.- б.з.  І ғ.) оның көрнекті өкілдерінің бірі деп санау керек. 
Оның «Географиясында»  Қаақтан мен Орта Азяның табғи жағдайлары мен халықтарының 
тұрмыс  салты  туралы  мәліметтер  олардың  саяси  тарихының  әр  түрлі  оқиғаларымен 
ұштастырылды.  Страбон  географиялық  әдебиетті  үстірт  бағдарға  ала  отырып,  кейде  нағыз 
географиялық жағдайды онша біле бермеді. Мәселен, ол Каспий теңізін тұйық бассейн емес, 
мұхит шығанағы деп санады және Арла теңізі жөнініде ешнәрсе білмеді, мұның өзі, әлбетте, 
жалпы  көріністің  бұрмалануына  әкеп  соқты.  Птоломейдің  (б.з.  І  ғасырдың  аяғы  –  ІІ  ғ.) 
«География» атты шығармасы күрделі болса да, бағалы деректеме болып табылады. Тексте 
қалалардың, өзендердің тау тізбектерінің, көлдердің географиялық координаттары беріліп, әр 
түрлі  аймақтардың,  соның  ішінде  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  шекаралары  көрсетілген. 
Птоломей  сақтар  елімен  (сірә  Қазақстанның  оңтүстігі,  Сырдария  алабының  бойы  болар) 
қатар Скифияны да біледі, ал Еділден Балқаш көліне дейінгі кең – байтақ жер Скифия деп 
қарастырылды.  Бұл  мәліметтердің  құндылығы  өте  зор  екені  даусыз,  алайда  оларды 
пайдаланғанда  өте  сақ  болу  қажет,  өйткені  Птоломейдің  түрлі  деректемелерден  алынған 
деректерді сын көзбен байыптап тексеріп алмай қоса салатыны да кездеседі.  
 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».  
     
2005.      Т.1: Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 б. 
      
Т.2: Антикалық Грекия және Рим тарихи ойы. – 2005. – 416 б. 
 
Апта 3. 
1 кредит сағат 
№5 дәріс.  
Тақырыбы:   Қазақстанның халқы мен жергілікті аймақтары туралы   
                         
Қытай деректері (б.з.д. ІІ ғ.) 

Дәріс мазмұны:   
1.
 
Деректердің негізгі түрлері. 
2.
 
Сыма Цян «Тарихи жазбалар» («Шицзи»). 
3.
 
Бань Гу «Ежелгі Хань әуілетінің тарихы» (Цянь Ханьшу»). 
4.
 
Фань Е «Кейінгі Хань әулетінің тарихы» (Хеу Ханьшу). 
Б.з.б.  ІІ  ғасырдан  бастап  Қазақстан  тарихын  зерттеуде  қытай  деректемелері 
айтарлықтай рөл атқарады. Антик авторларына қарағанда, қытай авторлары жалпы алғанда 
Қазақстандағы жағдайды жақсырақ білетін еді. Қытайдың экспансиясының батысқа жылжуы 
Шығыс Түркістандағы, Қазақстан мен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу қажеттігін туғызды. 
Бұл  орайда  халықтар  мен  тайпалардың  мінез-құлқы  мен  әдет-ғұрпы,  олардың  өмір  салты, 
саяси  құрылысы  мен  соғыс  оқиғалары  туралы  материал  мақсатты  түрде  жиналды.  Бұл 
ақпарат  әдетте  барлауды  мақсат  ететін  елшілердің,  саудагерлердің,  саясатшылар  мен 
миссионерлердің  Орта  Азия  иеліктеріне  сапарларының  нәтижесінде  алынып,  жеткізіліп 
отыратын. Сонымен бірге мәліметтер жинау қытай әскерлерінің жорықтары кезінде жүзеге 
асырылды,  сондай  жорықтардың  ең  ертедегі  б.з.б  104-102  жылдардағы  Хань  әскерлерінің 
Ферғана  алқабындағы  Давань  иелігіне  жасаған  жорығы  болатын.  Қазақстан  халықтары 
туралы  алғашқы  анық  мәліметтер  император  У-ди  (б.з.б.  140  –  86  жж.)  батыс  облыстарға 
жіберген тұңғыш қытай елшілігінің жетекшісі Чжан Цяннан алынған. Чжан Цянь «батысқа» 
б.з.б. 138 жылы және б.з.б. 115 жылы екі саяхат жасады. Басқасын былай қойғанда, оларда 
сюндарға  (ғұндар)  қарсы  Орта  Азия  тұрғындары  юэчжилермен  және  Жетісу  усундерімен 
доақтасуға  қол  жеткізу  мақсаты  көзделген  еді.  Чжан  Цянь  өз  миссиясы  барысында  жат 
жерліктер  шаруашылығының  жай-күйіне,  олардың  әскерлері  санына,  қару-  жарақтарына 
ерекше назар аударды, сондай-ақ  олардың әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, киім- кешегінің 
ерекшеліктерінің бәрін жазып алып отырды. 
Әлеуметтік тарихтар ішінде Қазақстан мен Орта Азия халықтары туралы ең көлемді 
және  бағалы  деректер  Сыма  Цянның  (б.з.б.  145—86  жж.)  «Тарихи  жазбалар»  («Шицзи») 
деген тарихи еңбегінде, атап айтқанда,  «Өмірбаян» бөлімінің  «Сюнну  туралы хикая»  және 
«Давань  туралы  хикая»  деген  екі  тарауларында,  сондай-ақ    Хань  императорлары  мен 
қолбасшыларының  өмірбаяндық  суреттемелерінде  келтірілген.Мұнда  Орталық  Азия 
иеліктері,  олардың  өзара  және  Қытаймен  қатынастары  туралы  маңызды  мәліметтер 
жиналған.  Сыма  Цянның  еңбегінде  аңызға  айналған  кезден  аса  көрнекті  тарихшы  өмір 
сүрген кезге дейінгі көз жететін бүкіл тарихи кезең қамтылады.  
    
«Шицзиден» кейін «Ежелгі Хань тарихы» («Цянь Ханьшу») келеді, оны негізінен б.з. І 
ғ.  Бань  Гу  жазып,  оның    оқымысты  қарындасы  Бань  Чжао  аяқтаған.  Бань  Гудың  еңбегі 
ортодоксалдық конфуцияндық еңбектер қатарына жатады, ол тарихи шығармалардың жаңа 
жанрын – бір әулеттің басқару тарихын бастап берді. Қытай мен Орталық Азияның б.з.б. ІІ ғ. 
бастап жаңа заманға дейінгі тарихы баяндалатын 26 әулет тарихыҚытйдың  бірегей тарихи 
мұрасы  болып  табылады.  Бань  Гудың  шығармасында  орталық  Азияның  жат  жерлік 
халықтары суреттелетін мәліметтерге «Сиюй чжуань»  («Батыс өлке туралы  хикая» ) деген 
арнаулы  тарау  бөлінген.  Хроникада  Хань  империясынан  Орта  Азияға  апаратын  негізгі 
жолдар  көрсетіліп,  оның  этникалық  топтары,  олардың  айналысатын  жұмыс  түрі, 
экономикалық және әскери жағдайы, Шығыс Түркістанның полистері, олардың арасындағы 
соғыстар  мен  сауда,  саяси  одақтар  суреттелген.  Онда  Қытайдың  Батыс  өлкедегі 
дипломатиясы  да  да  сипатталған.  Бань  Гудың  еңбегі  200  жылдай  кезеңді  қамтиды,  онда 
Давань,  Усун,  кангюй,  сондай-ақ  Сюнну  иеліктері  туралы,  соның  ішінде  сюнну  билеушісі 
(шаньюй)  Чжичжидің  Солтүстік  –  Батыс  Тянь-  Шандағы  иеліктері  туралы  мәліметтер бар. 
Алайда  Бань  Гу  өзінің  еңбегінде  өз  кезінде  оқиғалар  туралы  жазбаған,сондықтан  да  оның 
еңбегі «Ертедегі Хань әулетінің тарихы » деп аталады. Бұл жөнінде осы еңбекке қосымшаны 
V  ғ.  ғалым  Фань  Е  жазған.  Фань  Е  «Цянь  Ханьшу»  мәліметтерін  толықтыра  келіп,  Бань 
Гудың  еңбегіне  баға  берген,  Бань  Гудың  бауыры  Бань  Чжао  жұмыс  істеген  Сиюйддегі 
қызмет  пен  жағдайларды  бірінші  рет  жазған.  Фань  Е  Қытайдың  сыртқы  саясаты  мен 
Орталық  Азиядағы  дипломатиясына,  Қытайдың  дәстүрлі  «батыс»  саясатының  саяси 

тұжырымдамаларына неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталған. Бұл фактінің маңызы бар, өйткені 
ол  Орталық  Азия  халықтары    туралы  материалдар  іріктеп  алуға  және  олардың  Қытай 
тарихнамасында  көрсетілуі  мен  бағалануына  ықпал  жасады.  Қытайдың  феодалдық 
тарихында  көршілес  халықтардың  тарихын  баяндау  ұлыхандық  шовинизм  мен  қытайлық 
центризм тұрғысынан жүргізілген. 
     
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».  
     
2005.      Т.1: Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 б. 
3. Сиуңну (Хань кітабынан). Аударып, алғы сөзін жазған және құрастырған  
    
Қ.Салғараұлы. Алматы, 1998. 
4. Материалы по истории кочевых народов в Китае. ІІІ- V в.в. Перевод с  
    
китайского В.С.Таскина. Выпуск 1. Сюнну. М., 1989. 
5. Бичурин Н.Я. Собрание сведении о народных обитавших в Средней Азии в  
    
древние времена. Том ІІ. Часть 3. / Ср.Азии и вост.Туркестан. /М-Л., 1995. 
6. Мұқаметханұлы Н. Қазақ мемлекеттігіне қатысты қытай деректері // Қазақ  
    
тарихы, 2006, №2, -26-29 б. 
7.  Рахметілдаев Е., Төлемісов А. Ғұндар Қытай тарихында // Қазақ тарихы,  
     2006, 
№5,  -12-16 б. 
 
2 кредит сағат 
№6 дәріс 
Тақырыбы: Қазақстанның халқы мен жергілікті аймақтары туралы   
                       
Қытай деректері (б.з.д. ІІ ғ.) 
Дәріс мазмұны:  
1.
 
Бань Гу «Ежелгі Хань әулетінің тарихы» (Цянь Ханьшу»). 
2.
 
Фань Е «Кейінгі Хань әулетінің тарихы» (Хеу Ханьшу). 
Хань әулеті билік еткен  кезеңде (б.з.б. ІІ ғ. – б.з.ІІ ғ.) Жібек жолының негізі салынып, 
Қытай  мен  Орталық  Азия  мемлекетінің  сауда  және  саяси  байланыстары,  Орталық  Азия 
халықтарының  мәдениеттері  мен  қытай  мәдениетінің  өзара  әсері  мен  ықпалы  жанданды. 
Қытайға және Қытайдан үлкен сауда керуендерін ілестірген бірнеше елшілік аттандырылды, 
Қытаймен саудаға Орта Азия көпестері дәнекер болды.  
     
Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік еткен кезеңге (618-907) 
тұстас келеді. Орталық Азия халықтары, олардың тарихы туралы мәліметтердің келесі үлкен 
кешені сол дәуірге арналған екі хроникада бар. «Тан әулетінің ескі тарихын» («Цзю Таншу») 
Қытайдың бөлшектенуі кезеңінде – авторлар тобы, ал «Тан әулетінің жаңа тарихын» («Синь 
Таншу»)  да  Сун  дәірінде  (1043-60)  Қытайдың  аса  көрнекті  ғалымы  әрі  ақыны  Суян  Сю 
(1007-
72)  бастаған  авторлар  ұжымы  жазған.  Тан  әулетінің  тарихы  жөніндегі  екінші  еңбек 
біріншісінене  жаңсақтықтар  мен  қателер  көп  табылуына  байланысты  жазылған.       
Хроникаларда  батыс  түріктер,  түргештер,  олардың  этногенезі,  Батыс  түрік  қағанатының, 
Түргеш қағанатының құрылуы мен олардың ыдырауы туралы саяси тарих пен этнологиялық 
мәліметтер берілген. Қарлұқтар, олардың Жетісуда және Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-
ақ қазіргі Қырғызстанда орналасуы туралы қытай материалдары өте құнды.  Ертедегі дәуір 
мен  б.з.  VІІІ  ғасырына  дейінгі  Орталық  Азия  тайпалары  мен  олардың  мемлекеттік 
құрылымдары тарихының негізгі арқауын нақ қытай деректемелері бойынша біршама толық 
жасауға  болады,  бұл  әсіресе  усундердің,  кангюйлердің,  ежелгі  түріктердің,  түргештердің, 
қарлұқтардың саяси тарихына байланысты.  
     
  
Орталық  Азияға  саясатшылардың  жазбалар  жанры  Тан  әулеті  билеген  кезеңде  де, 
ХІІІ  ғасырда  да  ең  басты  деректеме  болып  қала  береді.  «Синь  Таншу»  мен  «Цзю  шуда» 
Жетісуға  Шығыс  Түркістан  полистері  арқылы  жүріп  өткен  қытай  саяхатшыларының 
маршруттары;  Шу,  Талас  өзендерінің  аңғарлары,  Ыстықкөл  суреттелген.  Алайда  олардың 
ішінде буддаға тауап етуші Сюань Цзан ( шамамен 596- 664) қалдырған жазбалар мейлінше  

толық болып табылады. Ол жазған шығарма «Ұлы Тан әулеті кезіндегі Батыс өлкесі туралы 
жазбалар»  («Да  Тан  Сиюйцзи»)  деп  аталады  және  Сюань  Цзанның  Орта  АЗия  арқылы 
Үндістанға саяхатына арналған. Сюань Цзан Суяб, Невакет, Талас арқылы жүріп өткен. Ол 
қаһан сарайын, түрік тайпалары мен басқа да тайпалар кәсібінің әдет-ғұрпын суреттеген.  
      
Батысқа саяхат жасаушылардың жолжазба жанры моңғол дәуірінде толыға түсті, бұл 
кезде  қытайлардың  география  мен  этнография  бойынша  түсініктері  едәуір  кеңейді.  Бұл  – 
«Сопы Чан Чунның Батысқа саяхаты туралы жахбалар» («Чжан Чунь Чжэн және Си Юцзи»). 
Чан  Чунның  солтүстік  Қытайдан  Орта  Азияға  1220-1224  жж.  Шыңғыс  хан  жорықтары 
кезінде  саяхат  жасаған,  ол  Жетісу,  Шу  және  Талас  аңғарларымен  жүріп  өтіп,  саяхатшы 
жергілікті  тайпалардың  мал  шаруашылығымен  және  егіншілікпен  айналысуын  суреттеген. 
Басқа бір «Батысқа саяхат суреттемесін» билік етуші Ляо үйінің ұрпағы Елюй Чуцай жазған, 
ол Шыңғыс хан Орта Азияға жорықтар жасағанда оған еріп жүрген еді.  
       
Ертедегі  және  орта  ғасырлардағы  қытай  деректемелері,  сыңаржақ  болғанына 
қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.  
 
Әдебиет:  
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. Т.1. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».  
    
2005.      Т.1: Ежелгі Шығыс. – 2005. – 472 б. 
3. Сиуңну (Хань кітабынан). Аударып, алғы сөзін жазған және құрастырған  
    
Қ.Салғараұлы. Алматы, 1998. 
4. Материалы по истории кочевых народов в Китае. ІІІ- V в.в. Перевод с  
    
китайского В.С.Таскина. Выпуск 1. Сюнну. М., 1989. 
5. Бичурин Н.Я. Собрание сведении о народных обитавших в Средней Азии в  
    
древние времена. Том ІІ. Часть 3. / Ср.Азии и вост.Туркестан. /М-Л., 1995. 
6. Мұқаметханұлы Н. Қазақ мемлекеттігіне қатысты қытай деректері // Қазақ  
    
тарихы, 2006, №2, -26-29 б. 
7. Рахметілдаев Е., Төлемісов А. Ғұндар Қытай тарихында // Қазақ тарихы,  
    
2006, №5,  -12-16 б. 
 
Апта 4.  
1 кредит сағат  
№7 дәріс.  
Тақырыбы: Қазақстан халқы мен территориясы туралы ежелгі   
                       
түріктердің руникалық ескерткіштері (VІ-Х ғғ.). 
Дәріс мазмұны:    
1.
 
Түркі  руникалық  жазбаларының  шығу  теориясының  Томсе,  О.Доннер,  Готьо, 
Коули, Киселев еңбектерінде зерттелуі. 
2.
 
Ежелгі  жазба  түркі  ескерткіштері:  пайда  болуын  сынау,  мәтінін  оқу  және 
түсіндіру. 
Енисей  өзені  аңғарынан  құпия  жазуы  бар  құлпытастар  табылғаны  туралы  алғашқы 
хабарды  Н.К.Видзен,  С.У.Ремезов,  Сондай-ақ  Сібірде  айдауда  жүрген  швед  офицері 
И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б бергенін XVIIIғасырдың 
бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз. 
    
Скандинавия  халықтарының  тілінде  «рунь»,яғни  «руна»  деген  сөз  қазақшаға 
аударғанда  «сыры  ашылмаған,құпия»  деген  мағына  береді.И.Т.Страленберг  өзі  тапқан 
құлпытастардағы бұрын соңды тарихта белгісіз болып келген,ешкім түсінбейтін жат-жазуды 
өз  елінің  тілінде  руна  жазуы  деп  атап  кетті.Бұл  тіл  білімінің  термині  ретінде  бертін  келе 
кеңінен тарап кетті. 
      
Орыс  География  қоғамының  Шығыс  Сібір  бөлімі  1889  жылы  Монғолияға  арнайы 
экспедиция  ұйымдастырды.Оны  белгілі  орыс  саяхатшысы,әрі  ғалымы  Н.М.Ядринцев 
басқарып  барып,  Орхон  өзені  аңғарынан  «құпия»  жазуы  бар  үлкен-үлкен  екі  ескерткіш 

тапты.Осы  құлпытастардағы  белгісіз  жазудың  сырын  ашу  үшін  В.В.Радлов  соеда 
барып,бірқатар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
    
Алай  да  бұл  руна  жазуының  құпиясы  көпке  дейін  ашылмады.Ескерткіштердегі 
жазуды ешкім оқи алмады. 
Ақыры  1893жылы  қарашаның  25-күні  Дания  корольдік  ғылым  академиясының 
мәжілісінде  Вилгельм  Томсен  ғылыми  әлемді  дүр  сілкіндірген  мәлімдеме  жасады.Ғалым 
Орхон  мен  Енисей  өзендері  бойынан  табылған  ескерткіштердегі  құпия  жазудың  кілтін 
тапқандығын  хабарлады.Сондай-ақ  ол  ескерткіштер  түркі  халықтарының  тілінде 
жазылғандығын мәлімдеді.Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген 
сөздер екен. 
Дәл  осы  кезде  академик  В.В.Радлов  та  өз  бетінше  ізденіп,руна  жазуының  он  беске 
жуық әрпін анықтаған еді.Арада көп уақыт өтпей-ақ В. В. Радлов Орхон бойынан табылған 
үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты. 
Солтүстік манғолиядағы Орхон өзені бойынан Н. М. Ядринцев тапқан ескерткіштер 
Шығыс  түрік  қағанатының  он  жетінші  қағаны  Білге  қаған  (алғашқы  аты  могилянь)  мен 
қағанның  інісі  ,  даңқты  әскери  қолбасшы  Күлтегін  қабірлеріне  қойылған  орасан 
құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді.  
Сөйтіп,  руна  жазуындағы  ең  үлкен  ескерткіштер  Орхон  мен  Енисей  өзендері 
алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон –Енисей» жазуы 
деп атап кетті. Негізінен руна койнесінің арасы кең: Монғолия, Байкал маңы Оңтүстік Сібір, 
Шығыс Түркістан, Орталық Азия, Қазақстан, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ, Шығыс Еуропа. 
Сондай –ақ ол жанрға да бай: тарихи  –биографиялық және обатас жазбалары, тас, жартас, 
тұрмыстық заттардағы жазу –нақылдары, діни, магиялық, заңгерлік мазмұндағы мәтіндер. 
Руна жазба ескерткіштерін оқу, басқа  тілдерге аударма жасау және ғылыми мәтінін 
дайындау  ісіне  В.В.  Радлов,  В.В.  Томсен,  Ю.Немет.  Х.Н.  Орхун  т.б.  орыс  және  еуропа 
ғалымдары  қыруар  мол  үлес  қосты.  Әсіресе  көрнекті  ғалым  С.Е.  Маловтың  бұл  саладағы 
еңбегі ерекше зор болды.  Ол көне түркі жазуындағы мәтіндердің орыс тіліне дұрыс тәржіма 
жасалу жағына көбірек назар аударды. С.Е. Малов бірқатар аудармаларға түзетулер енгізді. 
Ең бастысы ол тарихи және филологиялық тұрғыдан түсінік сипаттама берді. Жуырда Орхон 
жазба  жәдігерлерін  ұзақ  жылдар  бойы  түбегейлі  зерттеп  келе  жатқан  білікті  ғұламалар 
Мырзатай  Жолдасбеков  пен  Қаржаубай  Сартқожаұлының  бірлесіп  жазған  іргелі  зерттеуі 
жарық  көрді.  «Орхон  ескерткіштерінің  толық  атласы»  деп  аталатын  кітапта  Еуразия  Ұлы 
Даласына  үш  ғасыр  бойы  билік  жүргізген,  мәңгілік  ел  орнатуды  көксеген  ,  өздерінің 
тарихын,  дүние  танымын,  даналығын,  ой-санасын,  болмысын,  жазу  өнерін,  ел  басқару 
жүйесін,  ата  дәстүрін  өшпестей  етіп,  тасқа  қашап  кеткен.  Сөйтіп,  өркениетке  ,  адамзат 
мәднеиетіне асыл қазына қосқан байырғы түріктердің мұралары түгел қамтылған.  
Көне  түркі  жазуы  мен  тарихын  зерттеушілер  ,  әсіресе,  Күлтегін,  Білге  қаған  және 
Тоныкөк ескерткіштеріне көбірек назар аударған. Бұларды бірнеше Еуропа тілдеріне, орыс 
тіліне, қазіргі түркі тілдеріне тәржімә жасады. Өйткені бұл жәдігерліктер түркі тектес ежелгі 
ру-тайпалардың рухани өмірін бейнелеген көркем әдебиет туындылары болып табылады. 
  
Біз  жоғары  да  түрік  елінің  сан  ғасырлық  тарихын  жыр  еткен  шежіре  дастандар  туралы 
айттық..  Бұл  дастандар  ғылым  тілінде  «Орхон»  жазба  жәдігерлері  деп  аталады.  Ал,  біз 
жоғары  да  атап  өткен  дастан  түрік  елінің  даңқты  әскери  қолбасшысы  ,  Елтеріс  қағанның 
кенже  баласы  Күлтегін  батырдың  (684-731)  ерлік  істеріне  арнап  жазылған  .  Бұл  дастан 
жазылған  үлкен  құлпытас  Күлтегін  батыр  зиратының  басына  қойылған.  Сондай-ақ  біз 
Күлтегін  батырдың  ағасы  ,  түрік  елінің  көсемі  Білге  қаған  және  ақылгөй-кеңесшісі, 
данышпан Тоныкөк қарт туралы жазылған тарихи дастандар  хақында айтып отырмыз. 
Бірақ  тарихи  оқиғалар,  патша  сарайындағы  Күлтегін  жасаған  төңкеріс  ,  билік  үшін 
болған  қанды  шайқастар  Йоллығ-тегіннің  тасқа  қашап  жазған  дастандарында  мүлдем 
айтылмайды.  Өйткені  «Күлтегін  жыры»,  «Тоныкөк  жыры»  өткен  дәуірден  нақты  мәлімет 
беруге  арналған  ресми  тарих  емес  .  Бұлар  тарихи  деректерге  негізделген  көркем  туынды 
болып табылады.  

Соның  өзінде  Л.  Н.  Гумилев  Орхон  жазба  ескерткіштерін  «Көк  түріктердің  өздері 
туралы» жазған шежіресі деп біледі.    


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет