Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам



бет1/7
Дата24.03.2022
өлшемі48,03 Kb.
#28642
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Ғұмарбек Дәукеев атындағы «Алматы энергетика және байланыс университеті»
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Семестрлік жұмыс №1

Пәні: Философия


Тақырыбы: Шығысық дүниетаным ерекшелігі және ойлау стилі
Мамандығы: 5В100200-«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»
Тобы: СИБк-20-1
Орындаған: Ахметов Р. Е.
Тексерген: Мухамеджан К. Ш.

_________ _________ «___» ______2022 ж.

(бағасы) (қолы)
Алматы 2022

Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3

Негізгі бөлім.

1) Конфуций ілімі....................................................................................................5

2) Үнді философиясы және оның ерекшеліктері..................................................6

3) Шығыс және Батыс дүниетанымының айырмашылығы.................................8
4) Ертедегі шығыс философиясы — көне дəуір көрінісі.....................................10

Қорытынды............................................................................................................11

Пайдаланылған дереккөздер.................................................................................13

Кіріспе
Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді. Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.

Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.

Дүниетанымның тарихи типтерi:мифология, дiн және философия.

Мифология –адамзаттың рухани мәдениетiнiң ең көне формасы. Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғанын түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттың құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi). Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.Мифтердiң дiннен айырмашылығы сенiмге ғана емес, ақыл –ойғада,парасаттылыққа да сүйену.

Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер — индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен

Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi.

Философия(б.д.д.6-5ғғ) Үндiстанда,Қытайда,Мысырда,Грек елiнде пайда болды.Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы,математигi Пифагор,ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады: философия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет