Діннің пайда болуы. Даму тарихы. Ерте формалары



Дата20.09.2022
өлшемі15,7 Kb.
#39588

Діннің пайда болуы. Даму тарихы. Ерте формалары.
Діннің шығу тегін зерттеп-білу дінтанутың негізі болмақ.

Негізгі түсініктер: дін, наным-сенім, табыну, анемизм, тотемизм, фетишизм, шаманизм, пұт, рухқа табыну, табиғат, миф, магия/сиқыр
Дін - қоғам өмірінің ерекше рухани саласы. Дін – адамдардың Жаратушыға сенім-нанымдарын білдіретін және сол Жаратушыны тануға арналған ілімдер жүйесі. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы- мейлінше аумақты , көп нәрселерді қамтитын кең ұғым.
Осы күнге дейін діннің бірыңғай ұғымы берілмеген. Себебі діндер мен діни ағымдар дінге өздерінің түсініктерін берген. Осы тұрғыдан алғанда діннің ұғымдары әртүрлі болғанымен олардың мәні ұқсас болып келеді.
Діннің ерте формаларын жалпы адамзаттың, қоғамның даму тарихын ескере отырып жүелеген дұрыс. Яғни, тарихи рет/порядок.
Алғашқы қоғамның діндерін ЕРТЕ және РУ-ТАЙПАЛЫҚ деп бөлсе болады. (А.И.Артемьев)
ЕРТЕ формалары: магия, фетишизм, анимизм.
РУ-ТАЙПАЛЫҚ формалары: тотемизм, шаманизм, көсемге табыну
Магия – сиқыршылық. Бұл адам бойында табиғатқа немесе басқа да құбылысқа әсер ете алатын күші бар деген сенім. Мысалы, американдық үндістер биі. Денені өртеп, қалдықтарын шашу немесе сақтап қою.
Емшілік магия: Түйе аяғының сүйрегін сүйреп, суға түсу. Тұсау кесу. Кемпірлердің бұтынан өткізу.
Қорғаушы магия –табу, тиым салу.
Дуалау, сөз тию, көз тию. (зерттеушілер: )
Фетишизм – лат: тағдыр, пұтқа құлдық. Фетишо – сиқырлы зат. Бұл затқа, бұйымға немесе жанды нәрсеге сену. Мысалы, итке, мысыққа сену. Олардың мүсініне сену. (зерттеушілер: 8 ғасырда Шарль де Бросс, 9 ғасырда Огюст Конт )
Анемизм – лат. Жан, рух. Бұл адамның, жан-жануарың, өсімдіктің, өсімдіктердің ғажап ұқсас көшірмесі/двойнигі болады деп сену. Орман рухы. Бұл кейін – өлімнен кейін жан басқа денеге қонады деген түсінікке әкелді. Түс көргенде жан денеден кетеді. Көлеңке – ол жан деген сияқты соқыр сенімдер. (зерттеушілер: Э. Тайлор)

Тотемизам – қанда да бір адамдар тобының жан-жануарлар немесе өсімдіктермен баланысы. Арғы баба, ортақ тек. Мысалы: Ұмай ана.
(зерттеушілер: 8 ғасырда ағылшын Д.Фрезер «Алғашқы мәдениет» кітабы)
Көсемдерге табыну – тайпа көсемінің ғана бойында ерекше күш болады деп санау. Мысалы, Ваканданың қара пантерасы, Африкадаңы кей халықтар.
Шаманизм – сібір халықтарының тілінде «саман» сөзінен шыққан. Адамдар мен рухтар арасында байланыс жасайтын ерекше делдал адам. Болашақты болжау; алысты көру. Бізде оны бақсы дейді. Мысалы, Алдар көсе фильміндегі бақсы, Көшпенділер фильміндегі ханның бақсы-балгер кеңесшісі.
(зерттеушілер: Уалиханов, Орынбеков, Потапов)
Қорытынды:
Наным-сенімдер «адамдар өздерінің өмірі және қоршаған сыртқы табиғат туралы надан, қараңғы, жабайы көзқарастарынан туған. Ал пайда болғаннан кейін, кез келген идеология бұрыннан бар көзқарастарды ары қарай өңдейй отырып, жинақтап алып, соларға байланысты дамиды... бір-біріне жақын топтағы халықтардың әрқайсысына ортақ бастапқы діни көзқарастар мұнда топтар бөлініп кеткен соң, әр халықта өзінше бағытпен, өзінің тағдырына түскен өмірлік шарттарға сәкес дамиды», деп Ф. Энгельс ой түйген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет