Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


ФЭГДС – жараны анықтайтын ең нақты әдіс



бет39/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
4. ФЭГДС – жараны анықтайтын ең нақты әдіс.
Эндоскопиялық көріністердің түрінен жараның бірнеше күйлерін
айырады: активті жара, тыртықталып (жазылып) келе жатқан жара және
жара орнындағы тыртық. Өршу кезінде жараның шеті қызарады және жұмырланып сәл төмпектеу болады, түбінде ақшыл сұр немесе сарғыш
некроздық заттар көрінеді. Жараның айналасындағы кілегей қабық ісініп
қызарады.
Жара жазыла бастаса, оның айналасындағы гиперемия азаяды,
жараның шетіндегі қабыну мен ісінудің белгілері басылады, түбі тазарып
грануляциялық тінге тола бастайды, соңыңда жараның аузына қарай
бағытталған нәзік, қызғылт түсті тыртықшалар пайда болады.
Жара жазылуының «қызыл» және «ақшыл» тыртық аталатын 2
фазасын айырады. «Қызыл тыртық фазада, жараның орнында ошақты
гиперемиямен бірге сызықша немесе жұлдызша тәрізді ойық көрінеді
(жаңа жазылған жараның көрінісі). Жүре-бара тыртықтың жас
грануляциялық тіні коллагендік тінге ауысады. Бұл кезде тыртықтың түсі
ағарады, жара толық жазылған боп саналады. Жара жазылғаннан кейін
көбіне асқазанның немесе ұлтабардың деформациясы қалыптасады.
Эндоскопиялық зерттеуде обырдан күдік туатын болса, жара шетінің және
түбінің бірнеше нүктелерінен биоптаттар алынуы тиіс.
5. Нәжісті жасырын қанға зерттеу. Грегерсен-Вебер сынамасын аз
мөлшерде қан кетуден күдіктенгенде жасайды, мәселен, анемия болса.
Диагностикасы
Диагноз келесі белгілерге негізделеді:
Негізгі белгілер:
 осы ауруға тән шағымдар және жара ауруына тән анамнез;
 эндоскопияда жараның табылуы;
 рентгендік зерттеуде «ойық» белгісінің болуы.
Қосымша белгілер:
 эпигастрий аймағында ауырсыну нүктелері, бұлшықеттің
локальді ширығуы;
 базальді және стимуляцияланған секрецияның жоғарылауы;
 рентгендік зерттеудің «жанама» белгілері;
Емі
Қарт адамдардағы ойық жараны емдеу сызбасының айтарлықтай
айырмашылығы жоқ. Тек бұл сырқат түрін қарт және егде адамдарды
емдегенде стационарлық жағдайда жүргізген дұрыс:
1. аурудың өршуіне түрткі болатын ықпалдарды тоқтау;
2. диетотерапия;
3.дәрмектік ем;
4. физиотерапия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет