Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi :
- қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
- қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу;
- қылмыстарды ашу және тергеу, қылмыскерлерді іздестіру;
- әкiмшiлiк жазалауларды орындау;
- әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау режимін сақтау;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау;
Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi :
- заңдылық,
- дара басшылық,
- iшкi iстер органдары жүйесiнiң бiрлiгi,
- жариялылық,
- мемлекеттiк органдармен және лауазымды тұлғалармен iс-қимыл жасау болып бөлінеді.
Ішкі істер органдарының жүйесі :
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
- ішкі істер департаменттерi,
- қалалық, аудандық ішкі істер органдары,
- ішкі әскерлер,
- білім беру ұйымдары
- криминалдық және әкімшілік полиция
- әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы кіреді.
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарған адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету болып табылады. Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, Iшкi iстер министрлiгi iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Ішкі істер министрлігінің жалауы, туы және рәмізі болады.