Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы



Дата30.03.2022
өлшемі19,06 Kb.
#29293

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.

Абу О.


  • М1-101

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар — парламент, 1993ші және 1995 жылдардағы конститутциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің маңызы:

•Тәуелсіздік жолына түсүдегі басты бағыттар көрсетілді;

•Ел дамуының түбегейлі концепциясы алғаш рет анықталды;

•Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды;

•Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.

1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша

Н. Назарбаев Президент болып сайланды.Осы кезде Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдарды республика үкіметінің қармағына беру, мемлекеттің сыртқы эканомикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т.б. заңдар шығарылды. Сол жылғы 10 Желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып өзгертілді. 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ол өзінін жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтың принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең құқықты азаматы деп сайланады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметінің қайна көзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс делінген. Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі құқы, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған.Оған сондай-ақ Республика Қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16-щы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қәуіпсіздік органдары Президенткебағынады деп жазған.Респуликаның мемлекеттік тілі-қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленеді.Сөйтіп,1991 жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылады.Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады.

Президенттің өкілеттілігі:

•Жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;

•Президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;

•Парламентті таратуға құқылы;

•Референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;

•Парламент қабылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;

•Парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;

•Парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды;

•Дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;

•Үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя алады;

•Мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;

•Халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;

•Төтенше және әскери жағдайды енгізеді.

Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады, ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс 107 депутат жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді, заңдарды қабылдайды, соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады

Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін. Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды. Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды. Олардың өілеттіліктері 13 жылға созылады.

ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігінің негізгі белгілері, мемлекеттік құрылымы. ҚК-дің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және әскери саясаттың жалпы принциптері. ҚК-дің даму кезеңдері және олардың негізгі міндеттері. Қазақ халқының ежелгі арманы жүзеге асып, ҚР тәулсіздікке ие болды. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, барлық азаматтарға тең құқықтық берілген, түрлі ұлт өкілдерінің бірге бейбіт өмір сүруі үшін заңдық негіз жасалған. Сондықтан ҚР – онда тұратын барлық қазақстандықтардың мемлекеті. ҚРК бойынша мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық болып табылады. Халыққа мемлекеттің ішкі саясатын анықтауға бірден-бір құқық берілген. Конституцияда ҚР президенттік басқару нысандағы біртұтас мемлекет екендігі жазылған. Мемлекеттің біртұтастығының мәні Қазақстан әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұрады және құрылысы жағынан автономияларға бөлінбейді.Қазақстан халқы дауыс беру, талқылау, Парламент депутаттарын төте және жанама сайлау арқылы мемлекеттік өиірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. ҚР-ның мемлекеттік құрылымының негізгі белгілері: тұтастығы жарияланған өз аумағының қол сұғылмауы мен бөлінбеуі; жергілікті және жоғары мемлекеттік органдарының болуы; халық, Парламент, Президент, Үкімет қабылдайтын Конституциясы; өз заңдары; өзінің азаматтығы; ҚР-ның дүние жүзі мемлекеттері жүйесіндегі тең құқылық орны. Мемлекет басшысы – Президентті ҚР-ның азаматтары сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатынның негізгі бағыттарын анықтайды, елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді. Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары үкімет органы Парламент болып табылады. Парламент екі палатадан – Мәжіліс пен Сенаттан тұрады. Мәжіліс депутатарын азаматтар тікелей сайласа, Сенат депутатарын мәслихат депутаттары сайлайды. Қазақстан Республикасы Үкіметі ел көлеміндегі атқару билігін жүзеге асырады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады. Оған министрліктер, мемлекеттік комитеттер, комиссиялар, бас басқармалар енетін орталық орган, сондай-ақ облыстық, қалалық аудандық, ауылдық әкімшіліктер кіретін жергілікті атқару органдары енеді. Атқарушы органдардың өкілеттілігі заңда, сондай-ақ тиісті құжаттарда айқындалады. Қазақстан елінің тарихи қалыптасқан аумағы Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі. Мемлекет аумағы бөлінгісіз және оған қол сұғылмайды. Мемлекет аумағына басқа мемлекеттің басып кіруі агрессия болып саналады, ол халықаралық құқық бойынша айыпталады. «ҚР-ның мемлекеттік шекарасы туралы» заңы бойынша, біздің мемлекетіміз өз аумағын құрлықта, суда және әуе кеңістігінде ҚК арқылы қорғайды. Қазақстан шекарасын шекара әскері қорғайды. Қазақстанның әскери саясатының жалпы принциптері мынадай:



Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі — әскери қауіпсіздік болып саналады, ал оны қарулы күштерсіз құру да, ұйымдастыру да мүмкін емес. Әскери қауіпсіздік – елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне соғыс сипатындағы нақты және мүмкін болатын қол сұғу мен қауіп-қатерден еліміздің ұлттық мүддесінің қорғану жайы. Сондықтан ел Президенті ҚР ҚК-ін құруға аса үлкен көңіл бөлді. Президенттің 1992жылғы 7 мамырдағы «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, оның құрамына әскери бірлестіктер, құрамалар, бөлімдер, мекемелер, ұйымдар мен полигондар, сондай-ақ біздің еліміздің аумағында орналасқан Достастық елдерінің Біріккен ҚК-нің әскери мүліктері де енгізілді. 1993 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «ҚР ҚК мен қорғанысы» туралы 2005 жылғы 8 шілдеде қабылданған «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», 1993 жылдың 20 қаңтарында қабылданған «Әскри қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы» заңдар пакетіне сәйкес, біздің мемлекетімізде әскери құрылыстың нормативті-құқықтық базасы құрылды.ҚР-ның 1993жылы ақпанда қабылданған алғашқы Әскери Доктринасы ҚК-ді құру үшін нақты қуатты серпін болды. ҚР-ың жаңа Әскери Доктринасы ҚР Президентінің қатысуымен 2000жылғы10ақпанда бекітілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет