Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» мм


Мәміле - дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі. Мафия



бет15/22
Дата02.04.2023
өлшемі49,7 Kb.
#78498
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Мәміле - дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.
Мафия - күш жұмсау, қорқыту, бопсалау, сатып алу, өлтіру сияқты заңсыз амал-әрекеттер арқылы өз мақсатарына жетуі үшін ұйымдасқан құпия қылмыстық топ, сыбайластар.
Мәртебе - азаматтың, месмлекеттік органның халықаралық ұйымның және т.с.с. құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы.
Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше өкімен аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресмми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол ертедегі адамдардың бәрі сыйлайды және орындауға тиіс. Егер орындалмаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар.
Мемлекеттік билік-барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.
Ментолитет-1)ойдың бағыты,жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы;2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3)рухани өмірдің ерекшелігі.
Метрополия-қол астында колониялары бар мемлекет.
Милитаризм - жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.
Модернизация - қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемдеу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс тәсілдердің ,бағдарлама, тұжырымдардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады.
Монархия - мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан,шах және т.б.деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Бұрын басқарудың мындай түрі кең тараған бастаған, мәуір жоқ. Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония , Иордания,Ұлыбритания және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет