Қазақстан Республикасының



Дата06.01.2022
өлшемі19,27 Kb.
#13628
Байланысты:
Ерсаин Аяулым НО-119 03.04.2020


Тапсырма: төмендегі сұрақтарға жауапберіндер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды? Жауабы: Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

2. Конституциялық құқық дегеніміз не? Жауабы: Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқықазаматтық құқыққылмыстық құқыққаржы құқығы және т.б.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді баға жетпес құндылығы деп жариялайды? Жауабы: Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттің басты құндылығы – адам және оның өмірі, құқығы, еркіндігі.

4. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?Жауабы: Жалпыға белгіленген нмесе жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан азаматтығын алу үшін сізге Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы арыз-өтінішіңізбен тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. ДВД көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне баруыңыз қажет. Өтінішке азаматтықты алу тәсіліне қарамастан келесі құжаттарды ұсыну керек.

5. Қазақстан Республикасның мемлекет басшысы кім? Жауабы:Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекет басшысы Президент болып табылады

6. Мемлекеттің қандай органы заң шығарушылық билікті жүзеге асырады? :Жауабы: Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асырады.

7. Қазақстан Республикасының жоғарғы атқарушы органы қалай аталады?: Жауабы: Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы.

8. Пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутатарының саны қанша?Жауабы: Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады, олардың тоқсан сегізі Парламент Мәжілісі депутаттарын партиялық тізімдер бойынша тепе-теңдік сайлау жүйесі бойынша сайланады, тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

9. Қылмыстық құқық дегеніміз не? Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

10. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қай жылы қабылданды? 1998 жылы 1 қаңтар

11. Қылмыстың қандай белгілері бар? Қылмыс белгілері: заңға қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық.

12. Қылмыс құрамы неше элементтен тұрады? Жауабы; 4 элемент бар;қылмыс обьектісі, субьектісі, қылмыстың обьективті және субьективті жатады.

13. Қылмыс объектісі деп және қылмыс субъектісі деп нені айтамыз?Жауабы: Қылмыс объектісі деп, қылмыстық әрекеттің зиян келтіретіндігі немесе зиян келтіру мүмкіншілігі. Бұл заңмен қорғалған қоғамдық қауіпсіздік Қылмыс объектісі деп, қылмыстық іс-әрекеттің зиян келтіру мүмкіншілігі немесе зиян келтіруі. Бұл заңмен қорғалған қоғамдық қатынастар немесе құндылық. Қылмыс объектісі қылмыстық құрамның маңызды элементі болып табылады. Қылмыс субъектісі деп, заңда көзделген жасқа толған, есі дұрыс жеке адамның қылмыс жасауын атаймыз.

14. Есі дұрыс адам деп кімді айтамыз?  Жауабы:Есі дұрыс адам деп, қылмыс жасау кезінде іс жүзіндегі сипаты мен қағамдық қауіптілігін ұғына білген адам.

15. Есі дұрыс еместікті анықтайтын қандай әдіс қолданылады? Жауабы: Есі дұрыс еместікті анықтайтын екә әдіс қолданылады: медициналық және заңдық. 

16. Неше жастан бастап адам қылмыстық жауапқа тартылады? Жас мөлшеріне қарай заң, кәмелетке толмағанның өзінің іс әрекетін меңгере алмайтындығы оның білімсіздігінен, тәжірибесіздігінен екендігін ескереді. Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. 

17. Қаржы құқығы дегеніміз не?Жауабы: Қаржы құқығы дегеніміз мемлекет пен қаржы жүйесін қалыптастыру процесінде туындайтын және оның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуінен, сонымен қатар мемлекетің қаржы қорларын қалыптастыру, үлестіру және пайдалануын ұйымдастыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық


нормалардың жиынтығы.

18. Мемлекеттің қаржылық қызметі қандай әдістердің көмегімен іске асырылады? Жауабы: Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және занды тұлғалардың табысының, пайдасынын бір бөлігі занда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі.



19. Бүгінгі таңда несие берудің қандай түрлері бар?Жауабы: Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар.

20. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне кімдер жатады? Жауабы:мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, заңды емес тұлғалар, азаматтар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет