Қазақстан респупликасы ғылым және жоғАРҒы білім министрі



Дата08.04.2023
өлшемі15,91 Kb.
#80518


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУПЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ПӘНІ:
Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы



ТАҚЫРЫБЫ: Тыныштық күйдегі функциялық дайындық көрсеткіштері

OРЫНДАҒАН:ЖАПАРХАН Н
ТОБЫ:1402-11
ҚАБЫЛДАҒАН: БАСЫНБЕКОВ Қ
Тыныштық күйдегі функциялық дайындық көрсеткіштері
Спорттық бапқа келудің алғашқы сатысында арнайы жаттығулар арқылы спорттық бапқа жеткізу жолдары іске асырылады. Осы сатыда физикалық қабілеттілікті арттыру, организм қызметін жетілдіру, спорт түріне қажетті əдіс, тəсілдер шеберлігін арттыру, психологиялық дайындық сапасын арттыру жұмыстары жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды толық жүзеге асыру арқылы ғана спорттық бап талабына жету мүмкін болады. Егер спортшы белгіленген жұмыстарды толық орындамаса немесе бұрынғы жаттығу көлемінен арта алмай жатса, онда ол өзінің бұрынғы көрсеткішін ғана қайталауы ықтимал, ал оның жоғары көрсеткіштерге жету мүмкіндігі төмен болады. Екінші кезеңде спорттық бапқа келу қалыптасып, адам организмі спорт түрі қажет ететін маманданған түрде жұмыс жасай алу дəрежесіне жетеді. Жаттығу жұмыстарының барлығы спорт түріне қажетті арнайы мамандану шеберлігін арттыру бағытында іске асырылады. Осы кезеңде спорттық бап талабының барлық жақтарының бірдей жетілуі болмауы ықтимал. Физикалық қабілеттіліктің дамуында, əдіс-тəсілдің жетілуінде кемшіліктер, психологиялық тұрақтылықтың болмауы сияқты жағдайлар анықталса, осы кемшіліктермен арнайы жеке жұмыс жасау қолға алынады. Осы кезеңде спорттық бап талаптарына жеткен көрсеткіштердің өз мүмкіндіктерін жылдам төмендетіп алу жағдайлары да орын алуы мүмкін, сондықтан жаттықтырушы спорттық бапта ұстап тұрудың жолдарын қарастыруы қажет. Спорттық бапты сақтау сатысында спорттық көрсеткіштердің жақсаруы байқалады, бірақ ол əр спортшы дайындығының ерекшелігіне байланысты бірдей болмайды. Спорттық баптың ең жоғары сатысына жеткен кезде, жаттығу əсерінің спортшы бабына əсерінің əртүрлі болуы орын алады.Ол арнайы берілген жаттығу тапсырмаларының салдарынан, немесе басқадай сыртқы əсерлердің болуынан пайда болады. Спорттық баптың уақытша жоғалуы, жалпы жаттығу жұмыстарының төмендеуінен немесе спорттық бап түрлерінің өзара байланыстарының үзілуінен болады. 261 Спорттық бап құрамына енетін барлық жаттығу сапаларының өзара байланыстарының төмендеуі немесе жоғалуы, əртүрлі уақыт аралықтарында өтеді, ең алдымен таза спорт түріне ғана байланысты маманданған спорттық бап сапалары төмендейді. Негізгі физикалық қабілеттілік пен организм мүмкіндіктері өз сапаларын көп уақытқа дейін сақтауы мүмкін. Спорттық бапты уақытша жоғалту, əркезде болып отыратын қалыпты жағдай. Ол оның алдағы тұрған мақсаттарды іске асыру үшін одан да жоғары дайындық деңгейіне жетуге жол ашады. Жаңа, бұрынғыдан да жоғары спорттық бапқа ену үшін, ескі спорттық бапқа қарағанда физикалық қабілеттеріне, спорттық шеберлікке, психологиялық дайындыққа адам организміне қойылатын талаптардың бұрынғыдан жоғары болуын талап етеді. Спорттық жаттығу əрқашанда адамның шаршауы, болдыруын жеңуі арқылы іске асырылады. Осы қиындықтарды жеңе білгенде ғана, спортшы спорттық баптың жаңа сатысына көтеріле алады. Спорттық баптың жоғарғы талаптарына сəйкес болу өте жоғарғы дəрежедегі жаттығу жүктемелерін орындау арқылы іске асырылады. Осы аралықта жарыстарға қатысу, адамға үлкен сынақтардан өтуге үйретеді, шаршауды жеңудің жаңа мүмкіндігін ашады. Спорттық бапты үнемі жоғары деңгейде ұстап тұруға тырысу, адам организміне өз шамасынан тыс көп күш түсіреді, содан барып адамда «зорығу, болдыру» жағдайлары пайда болады. Жаттығу жүктемелерін азайту, түрлендіру, тынығу, емдеу арқылы спортшыны денсаулығын қалыпқа келтіреді, осы кезеңде спорттық бап төменгі сатыда болады. Жылдық жаттығу циклінде спорттық бапқа ену бірнеше ең жоғарғы кезеңдері көтерілуі ықтимал. Олар қатысатын жарыс түрлеріне байланысты болады, сондықтан спорттық бап бір, екі, немесе көп кезеңді болып бөлінеді. Екі немесе одан да көп рет спорттық баптың шегін ұстау олардың арасында арнайы тынығу кезеңдерін енгізу арқылы іске асырылады. Жаттығу жұмыстарын осылай жоспарлау кезінде спортшыны табиғат аясында жаттықтыру, таулы аймақтарда жаттықтыру, қалыпқа келудің жаңа түрлерін қолдану сияқты шараларенгізіледі. Əрбір спорттық баптардың арасындағы уақыт кезеңдерінде спорттық баптың əдіс-тəсілдік техникалық жағы жақсы сақталады да, көбіне физикалық қабілеттіліктері төмендейді. Жаттығудың 262 өтпелі кезеңінде спорттық бапты жоғалтудың ең төменгі жағдайы орын алады. Спорттық ғылымдағы ең маңызды мəселенің бірі – спорттық бапқа келу жəне оны ұзақ мерізімге сақтау жолдарын табу болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Спорт және қозғалыс физиологиясы (анг-дан аударма) Олимпиада әдебиеті, 1997, 307с.

  2. Спорттық физиология. Руна федман. Швед тілінен аударма. С. К. Елисеева. – М., ФиС, 1980

  3. Спорттық іріктеу. В.М. Волков, В. П. Филин.-М., ФиС, 1983


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет