Қазақстанда өсімдіктерді жерсіндіру Дәрістің мақсаты мен міндеттері



бет1/4
Дата09.05.2023
өлшемі47,03 Kb.
#91165
  1   2   3   4
Байланысты:
KSEGWVHDRWUA09052023002043


1 дәріс
Тақырыбы: Қазақстанда өсімдіктерді жерсіндіру
Дәрістің мақсаты мен міндеттері: Студенттерге Қазақстандағы өсімдіктерді жерсіндіру туралы түсіндіру және оны талқылау. Интродукция ұғымына түсінік. Акклиматизация ұғымының сипаттамасы. Натурализация ұғымының сипаттамасы
Дәріс мазмұны : Интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтардың тіршілік ету ареалынан баска жаңа табиғи климаттық жағдайларға ауысуы.
Интродукция (лат. introductio – енгізу) – белгілі бір аймаққа бұдан бұрын кездеспеген өсімдік түрлерін, сорттарын немесе жануарлар тұқымдарын жерсіндіру; түрдің өзінің табиғи ареалынан басқа жерлерге таралуы. Адам тіршілік әрекетінде Интродукция тәсілдерін ежелден қолданып келеді. Өсімдіктер Интродукциясы терминін 1855 жылы ғылымға алғаш рет Швейцария ботанигі А.Декандоль (1806-1893) енгізді. Ал орыс ғалымы Н.И. Вавилов Интродукцияны өзінің «Мәдени өсімдіктердің пайда болу орталықтары» атты теориясы негізінде одан әрі дамытты. Табиғи жабайы өсімдіктерді қолдан өсіруде Интродукция ұғымына саяды. Адамның тікелей сұрыптау, жерсіндіру, тағы басқа әрекеттері нәтижесінде өсімдіктер түрлері табиғи пайда болған орталықтарынан басқа жерлерге таралады, мәденилендіріледі. Қазіргі пайдаланылып жүрген ауылшаруашылығы дақылдары, жеміс-жидек, тағы басқа өсімдіктер Интродукция жолымен шығарылған. Интродукция нәтижесінде түрдің ареалы кеңейеді, кейбір түрлердің өздері шыққан табиғи орталықтарымен байланысы үзіледі. Мысалы, кофе ағашының отаны Эфиопия болғанымен, ол қазір, негізінен, Латын Америкасында өсіріледі, ал арахистің ең көп өсірілетін жері Аргентина болғанымен, оның пайда болу тегі экваторлық Африкада. Қазақстанда әсемдік өсімдіктердің 2000-нан астам түрі, формасы және сорты интродукцияланған. Бас ботаникалық бақтағы өсімдіктің 5,5 мыңдай түрлері мен сорттары, формалары басқа жерлерден әкеліп, жерсіндірілген. Алтай, Маңғыстау, Қарағанды, Жезқазған, Іле елді мекендерін көгалдандыру мақсатында және бақтарда өсіру үшін жергілікті ботаникалық бақтарында да осындай көптеген өсімдіктер түрлері интродукцияланған. Қазақстанның флорада кездеспейтін Канада шыршасы, скумпия, жасмин, Жапон айвасы, Амур барқыт шөбі, сиреннің түрлері мен сорттары, тағы басқа кеңінен пайдаланылады. Интродукциялық мәліметтер ғылыми экспедициялар арқылы, сондай-ақ түрдің биологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу нәтижесінде жинақталады. Басқа жерде өніп шыққан өсімдік үлгілерін пайдалану өсімдікті жерсіндіруге байланысты болады.
Жерсіндіру — (латынша introdustio — енгізу) осы жергілікті жерде бұрын өспеген өсімдіктердің түрлері мен сорттарын басқа бір елден немесе облыстан әкелінгенін айтады. Жүгері, күнбағыс, картоп, темекі, мақта сияқты дақылдарды Америкадан Шығыс елдеріне әкеліп жерсіндірудің нәтижесінде, осы елдерде жоғарыдағы дақылдар пайда болды. Батыс жарты жер шарының ашылуы өсімдіктердің жерсіндірілуіріде жаңа дәуірді құрады.
Өсімдік селекциясы үшін жерсіндірудің маңызы орасан зор. Оның теориялық негізін Н. И. Вавилов қалады, ол бір қатар маңызды тұқым қуалаушылық заңдылыктары мен мәдени өсімдіктердің географиялық таралуын ашты. Н. И. Вавилов өсімдіктердің өзгергіштігін зерттеп, әр түрлері мен өсуінде тұқым қуалаушылық көптеген туыстас үқсас белгілері бар екендігін дәлелдеп берді. Мысалы, қоңырбас (астық тұқымдас) өсімдіктерінде қылтанақты және қылтанақсыз масақтар (шашақ басты), олардың ішінда әр түрлі масақты, дәннің ақ, қызыл, қара және көк түрлері кездеседі, дәннің дөңгеленген үлгісі тары мен қонақ жүгеріде ғана емес, бидайықтан басқа барлық туыстары нан табылған.
Параллельді өзгергіштік қатарларының ұқсастығы марфологиялық белгілері бойынша ғана танылып отырған жоқ, сонымен бірге шаруашылық-биологиялық қасиеті бойынша да танылуда. Мұның нақты селекция үшін маңызы ерекше зор. 1920 жылы Саратовта болған селекционерлердің үшінші съезінде Н. И. Вавилов, тұқым қуалаушы өзгергіштігіндегі гомологиялық қатары заңдарын қалыптастырды. Осыған байланысты өсімдік түрлерінің жақындығы тұқым қуалаушылық өзгерісі үқсас қатарларын соншалықты дәлділікпен білдіреді, бар түрінің шеңберінде үлгі қатарын білу арқылы басқа да түрлері мен туыстарының болуын белгілеуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл заң селекционерлеге өсімдік түрлерінің өсуінің бүкіл генетикалық потенциалын толық анықтауға мүмкіндік береді.
Н. И. Вавиловтың еңбектері өсімдіктердің әр түрлілік түрі барлық жерде бір қалыпты орналаспайтындығын білдіреді. Жер шарының бірқатар облыстарында (Оңтүстік Шығыс Қытай, Үнді, Оңтүстік-Батыс Азия, Эфиопия, Орталық және Оңтүстік Америка, Жер орта теңізі жағалауларының елі) өсімдік түрлерінің көпшілігі орналасқан. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің территориясында да, түрлері мен үлгілерінің бай жерлері өте көп (Кавказ, Орта Азияның тау бөктерлері).
Дүние жүзінің өсімдік әлемінде 300 мыңға жуық жоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктер кездеседі. Өсімдіктің көпшілік тұрлері тамакка, мал азығына, жеңіл және ауыр өнеркәсіптерге шикізат ретінде қолданылады және де өсімдіктің біраз түрлерін фармацевтикаға пайдаланады, біразы безендіру мақсатында парктерде өсіріледі.
Өкінішке орай, адамзат шаруашылыққа бар болғаны 30мыңдай ғана өсімдік түрлерін пайдаланады да, оның ішінде күнделікті пайдалануға іріктелгені 12 мыңдай түрлері ғана. Дүние жүзіндегі егістіктің 80% астамын тек өсімдіктің 250 түрі ғана алып жатыр. Жер шары мен біздің еліміздің флорасы өте бай және әр түрлі біздің еліміздің территориясында ғана 20 мыңдай өсімдік түрлері, жер шарында 300 мыңдай гүлді өсімдік түрлері өседі. Адамның өндірістік мақсатқа пайдаланатын 30 мың, тұрақты түрде – 12 мың, оның ішінде 5 мыңға таяу әсемдік өсімдіктер , және бір көңіл аударатын жәйт, дүние жүзінің егіс көлемінің 80 % 250 өсімдік түрлері алып жатыр. Мал азықтық мақсатқа небәрі 25-ақ өсімдік түрлері өсіріледі, оның үстіне кейбір дақылдарға мал азықтық бағыт дақылдың мақсаты емес, атап айтқанда жүгері, күнбағыс, қарабидай, ноғатық, шай жүгері, сұлы ж.б. Өсімдіктердің таралуы әрқилы, сондықтан өсімдіктерді бір аймақтан екінші аймаққа, бір елден басқа елге, жабайы флорадан дақылға жаңа өсімдіктер енгізу қажеттігі туады. Бұл процесс интродукция – енгізу деп аталады. Интродукция түсінігіне еліміздің және шет елдердің жабайы түрлерін мәдени дақылға енгізу, өзіміздің еліміздегі мәдени өсімдіктерін біздің елімізде өсіру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет