Қазақстанның 17 облысы Абай облысы



бет1/4
Дата29.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#121149
  1   2   3   4
Байланысты:
AA101


Қазақстанның 17 облысы
Абай облысы
Абай ауданы — Абай облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Семей облысының батыс бөлігінде 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылған. Орталығы — Қарауыл ауылы.
Аудан Абайдың өмірі, шығармашылығымен тығыз байланысты. Абай, Мұхтар Әуезов тарихи-өлкетану мұражайлары бар. Абайдың аналары — Зере, Ұлжан, жұбайлары — Ділдә мен Әйгерімге, балаларына ескерткіш-мазарлар орнатылған. «Еңлік-Кебек» кесенесі де осында. Абай шәкірттері Көкбай, Шәкәрім Абай ауданында өмір сүрген. Қарт ақын Шәкір Әбенов те осы ауданда тұрған
Ақмола облысы
Ақмола облысы — Қазақстан Республикасының солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1939 жылы құрылған. 1961–1992 жылдары Целиноград облысы болып аталды.
Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 738 611 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,05 адамнан келеді (2018)[3]. Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан облысы. Территориясы бойынша ең үлкен облыс.
Солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қостанай облысымен және оңтүстік-шығысында Ұлытау мен Қызылорда облыстарымен шектеседі.
Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.
Алматы облысы
Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлігі. Жерінің аумағы 105,3 мың км2. Облыс аумағында 9 аудан және 1 облыстық бағыныстағы қала Қонаев бар. Тұрғыны 1 505 984 адам.
Әкімшілік орталығы — Қонаев қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Жетісу облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Атырау облысы
Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс, аграрлы-өнеркәсіптік инвестициялық аумақ, 1938 жылы Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. олтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі.
С
Облыс орталығы — Атырау қаласы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет