Қазіргі заманғы әлемнің жаһандану жағдайында туризм айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда ол табиғи, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени ресурстарды, туристік өнімді жасау үшін пайдаланылатын немесе жарамды инфрақұрылымды, дамыған әдіснаманы және көптеген арнайы технологияларды қамтитын әлеуметтік-экономикалық жүйе болып табылады
Туристік саланы экономикалық басымдылығы
Туризм әлемдік экономиканың жетекші драйвелерінің бірі
Туризмнің әлеуметтік-экономикалық ұстанымдары тез нығаюда, ол әлемдік экономиканың жетекші драйвелерінің біріне айналды. Оның әлемдік қызметтер саудасындағы үлесі 30 пайыздан астамды құрайды. Осы үлестен көріну мүмкіндігі толықтай бар Қазақстан үшін туризм секторын жан-жақты дамытуға іргелі, әдіснамалық және практикалық іздеу аса өзекті болып табылғандықтан 2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Үкіметі елдің туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңа Тұжырымдамасын бекітті
Қазақстанның туристік нарығы
Бұл оқиға елімізде туризмді дамытудың жаңа кезеңінде осы саланы жаңғырту үшін аса принципті экономикалық, әлеуметтік және технологиялық сипаттағы бірқатар іргелі мәселелерді шешеді. Десек те, Қазақстанның туристік нарығы әлі де төмен қарқын мен даму деңгейін көрсетеді
“Қазақстанның туристік нарығы“
Қазіргі уақытта Қазақстанның ЖІӨ-дегі туризмнің үлесі 0,9 пайызды құрайды, бұл дамыған елдердің көрсеткіштерінен ғана емес, әлемдік орташа деңгейден де әлдеқайда төмен. Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, әлемдік туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілікке мемлекет, туристік бизнес және ел халқы арасындағы экономикалық интеграцияның жаңа нысандарын дамыту есебінен қол жеткізуге болады.
«Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту»
Сонымен бірге, бүгінгі таңда мәдени туризм - туризмнің ең танымал және жаппай түрлерінің бірі болып есептеледі. Бүкіл әлемде сияқты, біздің елде мәдени туризм жеке бағытқа бөлініп, жыл сайын одан әрі дамып келе жатыр. Оған мысал - Инвестициялар және даму министрлігі дайындап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 508 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту» тұжырымдамасында мәдени туризм Қазақстанның басым туристік өнімдерінің бірі ретінде айқындалған.
Сонымен бірге, аталған Тұжырымдамада көзделген туристік кластерлерде тарихи-мәдени мұра объектілері, соның ішінде тарихи-мәдени, археологиялық қорық-мұражайлардың құрамындағы көптеген көне сәулет өнерінің ескерткіштері - кесенелер, мешіттер, қорғандар, петроглифтер туристік қызығушылық объектілері болып табылады.
Туристік қызығушылық объектілері
Бүгінгі таңда елде республикалық бағыныстағы 9 тарихи-мәдени қорық-мұражайлар қызмет етеді. Олар: «Әзірет Сұлтан», «Ұлытау», «Отырар, «Жидебай-Бөрілі», «Ордабасы», «Таңбалы»,, «Ежелгі Тараз ескерткіштері», «Есік» және «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайлары.
Олардың құрамындағы мәдени-тарихи ескерткіштер аталған Тұжырымдаманың туристік кластерлеріне енген.
Бағыт — мәдени-туристік кластерлерді дамыту
2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың бекітілген Тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылады:
«Астана – Еуразия жүрегі»,
«Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы»,
«Алтай інжулері»,
«Ұлы Жібек жолын жандандыру»,
«Каспий қақпасы»,
«Табиғат пен көшпелі мәдениеттің біртұтастығы».
Олар нені білдіреді?
«Астана – Еуразия жүрегі» — бұл Астана қаласы базасындағы туристік кластер. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер бұл MICE-туризмі және қысқамерзімді демалыс.
«Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы» — бұл Алматы қаласы мен Алматы облысын қамтитын кластер, онда туристік мүдделі 12 басты орын анықталған.
«Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту» кластері Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерінен, ОҚО-ның оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөліктерінен және Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігінен тұрады. «Каспий қақпасы» — толықтай Маңғыстау облысы мен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бір бөлігінен тұратын кластер «Алтай інжулері» ШҚО-ның солтүстік және шығыс бөліктерінен тұрады. Өскемен қаласы сегіз басты туристік орын анықталған кластер орталығы болады
Туристік сала табысты дамытудағы негізгі элементтердің бірі
Туризм – жаһандық өзгерістерге төтеп бере алатын бірден бір әлемдік экономиканың неғұрлым перспективалы салаларының ең алды болсада , оның әлеуеті Қазақстанда тиісті дәрежеде бағдарланбағандықтан толық көлемде пайдаланылмайды. Туристік сала табысты дамыту – жекелеген өңірлер мен тұтастай елді дамытудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін негізгі элементтердің бірі бола алады.
Назарларыңызға рахмет!
Агыбетова Р.Е., Омарова A.С., Ғалиакбаров Е.Э.,ГиззатжановаА.Г.,«Қазақстан аймақтарында ауылдық туризмге туристерді тарту мәселесі» Научный журнал «Вестник университета «Туран» № 1(85) 2020 г.стр 201- 206