Қазақстанның кәсіби музыкасы



Дата04.10.2022
өлшемі28,34 Kb.
#41379

Қазақстанның кәсіби музыкасы

Айсулу: ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпик. жанрлар – жыр, толғау, терме, желдірме және лирик. әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән муз. мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда муз. мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қ. м-ндағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғ-дан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпик. дәстүр – алғашқы, лирик. әндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орт. Қазақстанда кең тынысты лирик. әндер басым дамыған.


Камила: Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.
Айнур:XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің дамуы
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адамдар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді.XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан аударған Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды.
Айсулу: Халық музыкасын қазақ кәсіби музыкасының негізінтқалаған атақты композиторлар А.Жұбанов, М.Төлебаев,Е.Брусиловский,Л.Хамиди тағы басқа композиторлар өз шығармаларына арқау етіп,шебер құбылтып,көркемдеп жазды. Академик Ахмет Жұбанов – 1906 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келген.Ленинград консерваториясын бітірісімен Қазақстандағы музыкалық – мәдени өмірге белсене араласып кетеді. Республикамыздағы бүкіл өнертану ғылымының көсбасшысы. А.Жұбанов- опералық және симфониялық туындыларын қоса есептегенде 300-ден астам шығарманың авторы. А.Жұбановтың музыкалық мұрасы өте бай. Қазақтың ұлт-аспаптар оркестрінің кіндік атасы, оркестр үшін 100-ден аса күйді өңдеген. Л.Хамидимен бірігіп «Абай», «Төлеген Тоқтаров» операларын жазды. Сондай-ақ «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Исатай - Махамбет» спектакльдеріне, «Амангелді» кинофильміне музыка жазды. Ғалым өнертанушылық-зерттеушілік жұмыстармен де айналысты. Оның ұлы күйшілер-Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы зерттеу кітаптары оқырманға кеңінен таныс. Композитордың балаларға арналған шығармалары да бар. Ең таныс, көп орындалатын сүйікті әндерінің бірі-«Ақ көгершін» әні.
Камила: Тәуелсіз Қазақстан музыкасы
Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, Қазақстанды мекендеген халықтардың - ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың орыстардың,татарлардың ауысша кәсіби фольклоры негіз салды. Республикада әртүрлі көркемдік профильдегі орындаушы ұжымдар - Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, халық би ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамбльдер, үрмелі және джаздық оркестрі пайда болды. Қазақстан -әлемдік масштабтағы классикалық музыканы орындаушылар отаны. Ол "- Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Ғ. Есімов, Ә. Дінішев, Г. Қадырбекова, А. Мұсаходжаева, Ж. Әубәкірова, шетелдердегі қазақ музыкалық диаспорасының жұлдыздары - М. Бейсенғалиев, Э. Құрманғалиев, ағайынды Нақыпбековалар.Бүгінгі күні Республикада к. Байсейітова және А. Жұбанов атындағы арнаулы балалар мектебі, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Астанадағы Ұлттық музыка Академиясы, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Қазақконцерт, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты және басқа да музыкалық - біліми, ғылыми және мәдени мекемелер бар. Музыка бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын буын міндетін атқарып отыр

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет