Бөлімі: Классикалық музыканың үздік туындылары
|
Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.
|
Педагогтің аты жөні:
|
Мамырова Аширкул Кузеновна.
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақстанның кәсіби музыкасы. Дәстүрлі күйшілік өнер.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оркестр аспаптарын танып біліп, ажыратады;
«Легенда о домбре» шығармасынтыңдап оған талдау жасайды;
Қазақстанның кәсіби музыка орындаушылары туралы біледі.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезеңі (уақыты)
|
Педагог әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Стартер: «Сөзді тап»
Кез келген бір оқушыны шақырып, берілген сөзді жасырып сыныпқа көрсету. Басқа оқушылар сипатын береді, ал осы оқушы қайсы түсінік екенін айтып беру қажет. Түсініктер:симфониялық оркестр, ұлттық оркестр, рояль, музыканың көркемдеуші құралдары, мәдениет қайраткерлері. Осылайша оқушылармен сабақтың тірек сөздерін,мақсатын талқылап қайталау.
1-Тапсырма. Тыңдау және талдау.
«Музыкалық аспаптарды тап» викторинасына жауап беру. Әр дыбыстаған аспаптың қай топқа жататын сұрап отыру жөн.
Қандай оркестрдің құрамындағы аспаптар аталды?
Неше топ бар? Атап шығыңыздар.
Осы аспаптардың дыбысталуын тыңдап көрдіңіздер ме?
Симфониялық оркестрдің құрамын қысқаша оқушылармен талдау: ішекті, үрмелі ағаш, үрмелі темір, ұрмалы топтарға тоқталу.
|
Бейнежазбаны тамашалап, түсінігін айтады.
|
Формативті бағалау.
Балалар қойылған сұрақтарға жауап беріп өз ойларымен бөліседі. Бір бірін «Бас бармақ бағамдары арқылы бағалайды
|
Жеке тапсырмалар
|
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Топта сәйкестікті тауып аспаптарды топтарына қарай жіктеуді тапсыру. Барлық топ ақылдасып біткен соң бірін бірі бағалауды ұйымдастыру.
|