«Қазақтың ұлттық киімі заманауи кәжекейдің жасалу технологиясы» тақырыбындағы ғылым жобасы



бет6/9
Дата15.11.2023
өлшемі202,34 Kb.
#123427
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кәжекейдің әшекейленуі. Кәжекейді әшекейлеудегі жергілікті ерекшелік туралы И.В. Захарова, Р.Д. Ходжаева оңтүстікте камзолдың жағасы, өңірі мен белдегі тігісіне моншақтап тізілген күміс теңгелер тағатынын, ал Жетісуда теңгені бір-екі қатар етіп тақса, басқа өңірлерде камзол жиегі мен белін шашақты таспамен сәндейтіндігін, Көкшетау өңірінде оның өн бойына көлдеңінен қатарластыра 2-3 дана күміс теңге тағу кең таралғандығын атап өтеді. Батыс Қазақстан өңірінде камзолдың жағасы, өңірі, етегіне шымқай ақ түсті моншақтармен ою-өрнектер салынады. Сонымен қатар, камзолдың алдыңғы екі өңіріне кесте тігіліп, күміс қапсырмалар таққан.
Кәжекейдің өлшемдері

Кәжекейдің сызбасын тұрғызу үшін мына өлшемдерді аламыз:

( сантиметр лентамен):

Кеуде орамы (ОГ) — 48;

Бел орамы (ОТ) — 38;

Жамбас орамы (ОБ) — 51;

Артқы бой ұзындығы (ДС) — 38;

Бұйым ұзындығы (ДИ) — 57.

Сызбасын тұрғызу


Тор. Бірі-біріне тік бұрыш жасай екі сызық жүргізіледі. Тік сызық – артқы бойдыңорта сызығы. Көлденеңі – желке сызығы. Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай жалке сызығы бойымен кеуде шеңберінің өлшемі алынып, оған 4см қосылады. (48+4=52см). Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық жүргізіледі. Бұл – алдыңғы бойдың орта сызығы болады.Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 3см қосылады ( ). Табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылып, кеуде сызығын анықтайды. Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы бойымен артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы (38см) салынып, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылады. Сөйтіп, бел сызығы табылады. Бел сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы бойымен 16-20см өлшемі алынады да, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылады. Жамбас сызығы осылай анықталады. Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай кеуде сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 2,5см қосылады ( ). Табылған нүктеден желке сызығына дейін тік сызық жүргізіледі. Бұл жауырын ені сызығы болады. Жауырын ені сызығынан оңға қарай кеуде сызығының бойына кеуде негізінің шеңберінің төрттен бір бөлігі салынып, оған 0,5см қосылады ( ). Сөйтіп, қолтық ойындысының кеңдігі табылады. Табылған нүктеден жоғары қарай ұзындығы кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігіне тең ( ) тік сызық жүргізіледі. Осылай қолтық ойындысының шығыңқы сызығы табылады. Жауырын ені сызығынан бастап қолтық ойындысының шығыңқы сызығына дейінгі қашықтық (кеуде сызығы бойымен) қақ бөлінеді де, бөлі нүктесінен жамбас сызығына дейін тік пунктир сызық жүргізіледі. Бұл - бүйір сызығы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет