Қазіргі білім беру жүйесінде педагог тұлғасына қойылатын талаптар кіріспе



Дата24.02.2022
өлшемі4,35 Mb.
#26303

Қазіргі білім беру жүйесінде

педагог тұлғасына қойылатын

талаптар

КІРІСПЕ

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұзтаз. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономина кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8- бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттардыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады

В.А.Сухомлинский

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогика- психологиялық сауаттылық, саяси- экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген педагог болуы керек.

Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан- жақты терең біліктілігі, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.

Педагог мамандарына қойылатын талаптар

Табиғат, қоғам және сананың басым заңдылықтарын білу;

Адам жайында оның жетік тұлға ретінде тани білуі;

Тарихи және қазіргі болмысын меңгеру тәсілдерін білуі;

Ақпараттық жинақтарын өңдеу, қолданудың соңғы техникасын меңгеру;

Педпгогикалық қызметті басқару мәселесін шешу;

Мұғалімнің жалпы әлеуметтік педагогикалық қызметін қарастырсақ, ал мұның өзі жеке басына қойылатын маңызды талаптарын айқындайды. Сонымен қоса олардың нақтылы педагогикалық қызметтерде оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Мәселен бір ғалымдар мұғалімнің конструктивтік, дамытушылық және зерттеушілік қабілеттерін жатқызады.

Қазіргі заманның мұғаліміне қойылатын талаптар
    • Мұғалімнің жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман иесі болуы керек;
    • Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;


    • Мұғалім педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек;
    • Педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті;

Бүгінгі маман қазіргі заманғы экономикалық ойлау, басқару және ұйымдастыру жұмыстары , іс-әрекетке байланысты ақпараттық техникаларды пайдалану, жоғары мәдениет, шет тілін білу қажет. Сонымен қатар ол инициативалы және жауапкершілікті сезінетін, ұдайы өз білімін жетілдіру, молайтуға ұмтылатын, жаңа шешімді білу, енгізу оны өмірге ендіру ептілігі бар болу қажет. Бұл айтылғандардың барлығы педагог мамандары үшін оны тек белгілі бір пән мұғалімі ғана ретінде танып білмей, ол қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушы, оқу-тәрбие ісін ұйымдастырушы оны жетілдіруші, қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар тұлға деп қараған жөн.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келсек «Ұстаз бәрін білуге және одан да артығырақ білуге тиіс» дейді. Мұғалім өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі – қарапайым да, кажетті талап. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз бен жан-

жақты берген тәрбиеміз арқылы қол

жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры.

Сондықтан, бізге ой өрісі жоғары, зерделі,

жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ

керек екенін бір сәтте естен

шығармағанымыз жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет