Вен классика мектебі (вендік классика, вендік классицизм, венглік классикалар) — еуропалық музыканың XVIII ғасырдың екінші жартысындағы — XIX ғасырдың бірінші жартысындағы бағыты. Бұған Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт және Людвиг ван Бетховен сияқты композиторлар жатады.
Музыканың ерекшеліктері Венгрлік мектептің үш ұлы композиторлардын музыканың әртүрлі түрлерін және стильдерін асқан шеберлікпен орындау және халықтық әндерден бастап барокко көп дауыстылық кезеңіне дейінгі композицияларды еркін қабылдау біріктіреді. Вен классиктері инструментті музканың жоғарғы әрі ерекше түрін ойлап тапты. Бұл композициялар көркем форманың барлық байлығын қамтыған болатын.
Бұл бағыттың негізгі ерекшелігі үш түрлі қабылдауды бірден қолдану болып табылады. Бұлар: міндетті түрдегі сүйемелдеу, формамен немесе бір-біріммен тығыз байланысқан тақырыптар арқылы қолдау көрсету.
Венгрлік классика мектебінің өнер өкілдеріне көркем ойлау, логика, форманың көркем әрі түсінікті болуы жатады. Бұлардың шығармашылығында сезім мен парасаттың шекті үйлесімі, трагедиялық және әзіл-ысқақты, нақыт есепті және шынайы мазмұндау баяндалады.
Венгр классиктерінің шығармашылықтарында өмірлік процестерді динамикалық түсіну, сонаталық формада толық әрі барынша нақты іске асыру және қамтамасыз етілген симфонизм жақсы көрсетіледі. Симфонизммен бірге, алдыңғы қатарлы аспапты жанрлардың симфония, соната, концерт және камералы ансамбль, соңғы сұрыпталымды қалыптастыру сияқты кезеңдерін терең мағынадағы өркендету де көрсетіледі.
Венгрлік классика мектебінің дамуы мен өркендеуі симфониялық оркестрдің оның тұрақты құрамының, оркестрлік топтардың функционалды анықтылығының тоқтатылуы процесімен бетпе бет келді. Камералық ансамбльдердің ең негізгі топтары қосылды-фортепианолық трио, ішекті аспаптар мен қамтамасыз етілген квартет және басқалары. Жеке аспаптарға арналған музкалардың ішінде фортепианолық музыка бөлініп шықты және ерекшеленді. Моцарттың опералық шығармашылығы операның басқа да опера түрлерінің дамуына мүмкіндік ашты. Мысалы: лирикалық және әлеуметтік-жеңіл комедиялар, музыкалық драмалар, философиялық опералық ертегілер және басқаларының дамуына Моцарт шығармашылығы ерекше үлесін қосты.
Венгрлік классика мектебінің шеберлерінің әрқайсысы ешқашан қайталанбайтын жеке тұлғалар болды. Бетховен мен Гайднға аспапты музыка сферасы жақынырақ болса, Моцарт өзін-өзі опера үшін және аспапты жанрлар үшін жаралған адам деп жариялады. Гайдн көбінесе объктивті халықтық-жанр образына, әзіл-ысқақққа тартылса, Бетховен-ерлікке, Моцарт, болашақ әмбебап суретші лирикалық әдебиеттің түрлерін жақсы көрді.
Осы музыка жанрының дамуына әсер еткен орталық Вен болды және бұл сол кездегі музыкалық мәдениеттің де орталығы болған. Егер Париж өзінің операсымен және Лондон өзінің бұқаралық концерттік тондарымен XVIII ғасырдың екінші жартысында танымал Еуропадағымузыкалық қалалары болса болса, Вен Моцарттың өлімінен және Бетховеннің сол қалаға қоныс аударуынан кейін әлемдегі музыканың дамыған қалаларының арасындағы ең үстеміне айналды. Моцарт тірі кезінде сол қаладағы ең танымал композиторлардың бірі болса, Бетховен Венді өз мансабының басталған қаласы деп санады.