Қазіргі таңда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, іздену әр ұстаздың міндеті



бет3/4
Дата07.01.2022
өлшемі28,88 Kb.
#18447
1   2   3   4
«Дүниетану» пәнінің мақсаты – оқушыларда адамды қоршаған әлеуметтік, мәдени және нақты орта туралы білім жүйесін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтік тәжірибе туралы түсінігін, қоршаған ортада тиімді қарым-қатынас ережелерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

«Дүниетану» пәні оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға, отбасында, жергілікті, аймақтық, ұлттық, жаһандық ауқымда алатын өзіндік орнын түсінуге мүмкіндік береді.

«Дүниетану» пәні қоршаған ортада болып жатқан тарихи, географиялық және әлеуметтік үдерістерді түсінуге мүмкіндік беретін нақты білім мазмұнын игеруге бағытталған.

Тарих бағдарламаның уақыттық шегін белгілейді – уақытты сезіну, география – кеңістікті тани білу, өзінің орнын сезіну, ал қоғамтану - қоғамдық ортаны сезінуге ықпалдасады.

«Дүниетану» пәні оқушылардың тану, зерттеу, дәлелдемелерді қарау және мәселелерді шешу арқылы пайда болатын сыни тұрғыдан ойлай білу дағдыларын дамытады, сонымен қатар жеке және топпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына бағытталған.

«Дүниетану» пәнін интербелсенді оқыту арқылы оқушылардың төмендегідей дағдыларын дамытуға болады:



  • тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың әдістеріне және басқа қолжетімді ресурстарға сүйене отырып, зерттеулерге қатысу, сұрақтарға жауап беру, эксперименттер жүргізуді;

  • жекелеген үдерістерді талдау және оқиғалардың хронологиялық реттілігін түсіну, тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың деректерін қолдана алу;

  • пікірсайысқа қатысу, дауласу, мәлімдеу, әңгіме құру, таныстырулар жүргізу арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту;

  • интернет, сандық ақпараттық құралдарды және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып ақпараттарды іздеу, оны таңдау, қолдану, салыстыру, талдау, жүйелеу, түсіндіру және өңдеуді;

  • алынған ақпаратты ұсыну және талқылауды;

  • алған білімдерін ой-пікірлер, болжаулар, теорияларды тексеруде қолдана отырып, қорытындылар мен алынған мәліметтерді дәлелдеу;

«Дүниетану» пәнін меңгеру барысында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында, ой-пікірлерімен алмасу, оларды дамыту, сонымен қатар тиімді жұмыс атқару үшін оқушылар өзара бірлесе отырып жұмыс істейді.

Оқушылар үйренеді:


  • қоғамдағы негізгі тәртіп ережелерін сақтауды;

  • сыныпта, мектепте және қоғамдық орындарда сыпайылықты, көңіл бөлуді, сыйлай білуді, әдеп сақтауды;

  • жұпта және топта бірлесіп жұмыс істеуді, ұжымда тиімді қарым-қатынас орнатуды;

  • сезімі және эмоциясының басқа адамдарға әсерін түсіне отырып өзін өзі дамытуды;

  • әлеуметтік ортада өз көзқарасын білдіру, тыңдау, талқылау, диалогтар мен дебаттарға қатысу дағдыларын дамытуды (сөйлеу дағдыларын).

Заман талабына сай мектептер оқу үдерісінде білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстануы керек.

Жалпы дүниетану сабағында қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, оқушылардың баяндамалары, мен ақпараттық хабарлары, дәріс-диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, имитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс-белгілері болып табылады. Сабақ барысында қолданылған төмендегі әдіс-тәсілдерге көңіл аударайық.

Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабағында проблемалық негізделген оқыту әдістерін де қолдану тиімді. Проблемалық сабақ – бұл сабақ түрі оқушылардың шығармашылық жеке дамуына қалыпты ықпал етеді. Сабақта бір немесе бірнеше проблемалық жағдай туғызып, оны шешу арқылы оқушының өз-өзіне деген сенімі артып, шығармашылық тұрғыдан дамиды.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекеттерін белсендіруде бірнеше баланың сұраққа жауабын тыңдап: «Сен неге олай ойлайсың?» деген сұрақ арқылы талқылауға болады.

Жалпы тарауларды қайталау сабақтарында викториналарды қолданудың әсері-эффектісі зор.

Викториналық сұрақтар жауаптарын іздеу қосымша әдебиеттерге сүйенуді қажет ететіндей болуы керек. Әрбір викторина балалардың дүниетанудан білім көлемін арттырады, туған өлкелері жөнінде танымы артады.

Мысалы: 1-сынып «Айналадағы дүние» тарауы

Тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар, күндіз, түн.

1. Табиғаттағы тірі денелерге не жатады? – өсімдік, жануар және адам

2. Бір жерде бекініп тіршілік ететін тірі денелер? – өсімдіктер

3. Қыста болатын табиғат құбылыстарын атаңдар? – қар жауады, аяз

4. Көктемде болатын табиғат құбылыстары қандай? – жаңбыр, қардың еруі.

Интерактивті әдіс бойынша сабақ барысында оқушылар көп сөйлеп, оқытушылар аз сөйлеуге тиісті болады, бірақ бұдан оқытушының рөлі бәсеңдейді деп санауға болмайды. Оқытудың басқа әдістеріне қарағанда, интерактивтік әдіс оқытушының жоғары белсенділік танытуын талап ететін әдіс. Сабақ кезінде оқытушының көбінесе тыңдаушы рөлін атқаруы оның процестен шет қалуы болып саналмайды. Сабақтың жоспары оқушылар өзара талқылау барысында нені ұғынуы керектігін көрсетеді, яғни, оқытушы оқушылардың іс-әрекетін алға қойған мақсатқа жетуге бағыттайтын басқарушының міндетін атқарады.

Қорыта айтқанда, интерактивті тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға дүниетану пәнінен алған білімдерін өмірде қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың қоршаған ортаны танып білуге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, оқушылар әрекетін белсендіру, оқу материалдарын, оқыту тәсілдері мен әдістерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет