Сабақтың мазмұны: Адам және жануар физиологиясы пәні. Мақсат мен міндеттері



бет1/3
Дата28.02.2023
өлшемі22,31 Kb.
#70496
түріСабақ
  1   2   3

  1. Дәріс: Кіріспе. Адам және жануарлар физиологиясы пәні. Даму тарихы. Зерттеу әдістері .

Сабақтың мазмұны:

  1. Адам және жануар физиологиясы пәні. Мақсат мен міндеттері.

  2. Физиология ғылымының салалары.

  3. Физиология ғылымының зерттеу әдістері

  4. Физиология ғылымының даму тарихы.


Адам және жануар физиологиясы пәні. Мақсат мен міндеттері.
Грек тілінде физиология деген сөз организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді.
Физиология - биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қолданбалы ғылым салаларының іргетасы, негізі болып саналады.
Физиология организмнің тіршілік ерекеттерін даралап тексермей, оларды біртүтас, тығыз байланыстағы үрдістер жиынтығы ретінде қарайластырады және организмге тән біртүтастық қасиет орталық нерв жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әртүрлі биологиялық белсенді заттардың әсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды.
Адам физиологиясының мақсаты - өмірді ұзартуға, организмді сауықтыру, еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту шараларын дұрыс ұйымдастыруға, аурулардың алдын алуды және оларды емдеудің жаңа жолдары мен тәсілдерін табуға негіз болады.
Жануарлар физиологиясы адамның мұқтаждығына, талабына сәйкес үй хайуанаттарының мінезін өзгертудің, өнімділігін арттырудың, өнім сапасын жақсартудың, оларды дұрыс күтіп-бағудың, өсірудің, қоректендірудің биологиялық негізі.
Физиологияның негізгі мақсаты әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік үрдістердің (зат алмасу, тыныс алу, қоректену т.б.) заңдылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелері және организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизімін анықтау; түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі және әр түрлі экологиялық жағдайлардағы организмдер функцияларының сапалық айырмасын тексеру; организмнің жеке дамуы (онтогенез) барысында түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Демек, физиология өмір қүбылыстарының мәнін зерттеп, тіршілік үрдістерін басқару, бағыттау әдістерін анықтауды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет