Қазіргі заманда технология қалай дамып келе жатса, адамның ой-санасы да дәл солай дамып келе жатыр. Бұл жерде адамның ой- санасы дегеніміз психология деп аталады



Дата06.01.2022
өлшемі39,88 Kb.
#13456
Байланысты:
ПСИХОЛОГИЯ ЭССЕ


ЭССЕ

Қазіргі заманда технология қалай дамып келе жатса, адамның ой-санасы да дәл солай дамып келе жатыр.Бұл жерде адамның ой- санасы дегеніміз – психология деп аталады. Психология саласы бүгінгі күнде күрделі ғылымдардың қатарына жатады. Психология негізінде адамның ой санасын, сезімдерін, ойлау қабілетін зерттейтін ғылымның бір саласы. Психология ғылымы негізінен бірнеше тармақтардан тұрады.Мысалы: Педагогикалық психология, Жас кезеңдерінің психологиясы, Арнаулы психология, Еңбек психологиясы, Медициналық психология , Әскери психология , Әлеуметтік психолгия, Спорт психологиясы, Сауда психологиясы, Ғылыми – шығармашылық психологиясы, Салыстыралы психология, Заң психологиясы. Ендігі кезекте психология саласын адамдарға ерте заманнан ақ танылған медицина саласымен салымтырғалы отырмыз. Адамадрға ерте заманнан ақ таныс аурулар бар. Олардың кейбіреуі есінен адасқан неболмаса шала туылған деген атаулар халық арасында жиі таралғаны барлығымызға мәлім. Дегенмен де діни тұрғыдан да яғни шын кірген деген секілді жайыттарды естіп жатамыз.Алайда ос аурулардың көпшілігі адам психикасының бұзылуынан болып жатады. Ерте замандарда бұл ауруларды халық емемен не болмаса діни жолдармен емдеп жазған деседі.Бірақта қазңргң күнд осы ауруларды емдеуге арналған медицинаның бір саласы психология саласы болып отыр.Психология салас осы бір ерекшелігімен де ғылымның бір саласы ретінде танылуда. Дегенмен әлі күнге дейін жаңалқтар ашылуда. Сондықтан да психологияны жаңа сала, болашақтың саласы деп те атап жатады. Қазіргі таңда медицинаықпсихология саласының өзі бірнеше тармақтарға бөлініп қарастырылып отыр. Нейропсихология – психикалық құбылыстар мен жүйке жүйсі құрылысының физиологиясын зерттейді. Психоформакалогия – дәрі-дәрмектердің адам психикасына күші мен әсерін зерттейді. Психотерапия – науқасқа психикалық әдіс-тәсіл және оны қолдану мәслелерін қарастырады. Бүгінгі күнде адам психикасының ауруларын емдеуге көптеп үлес қосылуда. Сондықтан да психология мен медицина қатар дамуда. Күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтпаған еңбектер қатарында ХІХ ғасырдағы еңбектер де бар. Атап өтетін болсақ И.М.Сеченовтың « Мидың рефлекстері» атты кітабы 1860 жылы жазылған болатын .

Глоссарий

1)Афазия (сөйлеудің бұзылуы) – жүйке жүйесінің кейбір бөліктерінің зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы.

2)Аффект – адамның көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен бұрқан-тарқан болып сыртқа тебуі (долдану, ызалану, торығу, т.б.).

3)Афференттеу – сыртқы (экстерорецепция), сондай-ақ, ішкі (интерорецепция) тітіркендіргіштерден қабылданған ақпараттың сезім органдарынан орталық жүйкеге келіп түсетін жүйкелік импульстарының тұрақты тасқыны.

4)Афференттік синтез – функциялық жүйе теориясында шешім қабылдау мақсатымен қоршаған орта және іске қосылатын стимул жөніндегі есте сақталған материалды, мотивацияны, ақпараттарды жинақтау.

5)Әдептілік – белгілі бір моральдық нормалар мен принциптерді бұл жытпай орындау. Әдептілік өте қажет қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі.

6)Әдет – жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, адамның санасына тәуелсіз түрде қажеттілігіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты дағды.

7)Әділдік – моральдық сана ұғымы. Әділет қоғам өміріндегі жекелеген адамдардың атқаратын ролі мен олардың әлеуметтік орны арасындағы, қылмыс пен жаза, адамдардың абыройы мен оның сыйақысы, құқықтар мен міндеттер арасындағы арақатынасты бағалайды.

8)Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.

9)Әлеуметтік стереотип – әлеуметтік объектің (топ, адам, оқиға, құбылыс және т.б.) қоғамда қабылданған орнықты және үстірттеу бейнесі. Әлеуметтік стереотип индивидтің жеке тәжірибесін талдап қорытудың нәтижесі және күні бұрын кесіп-пішілген түсінік, пікір ретінде ақпараттың тапшылығы жағдайында қалыптасады.

10)Әңгімелесу, әңгіме – мақсатты бағытталған сұрақтар нәтижесінде, адамдармен қарым-қатынас негізінде ақпарат алудағы эмпирикалық әдіс.

11)Әрекет – іс-қимыл бірлігі (единица); саналы түрдегі мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын еркін, ниеттік белсенділік.

12)Әрекет, амал – адамның белгілі бір істі меңгеруге бейімделе кірісуі. Әрекет қажеттіліктен, мақсатқа ұмтылудан туындайды. Адамның әрекетке ұмтылуына негізгі түрткі болатын ниет. Ниетті мақсаттан бөліп алып қарауға болмайды. Ойға алған ниетті іске асыру үшін адам алға мақсат кояды да, мақсатты іске асыру үшін іс-әрекетке кіріседі. Іс-әрекет арқылы мақсат, ниет орындалада.

13)Әрекеттену – іске адамның өздігінен кірісуі. Ол өзіндік ниеттен туындайды және адамның өзіндік белсенділігін қалыптастыруда үлкен қызмет атқарады.

14)Әсемдік – зат пен табиғат құбылысында, қоғамдық өмірде, адамның моральдық және сымбаттық көркінде, көркемөнер шығармаларында көрініп, көркемдік ләззат беретін эстетиканың негізгі категорияларының бірі.

15)Әсемпаздық – адамның өзінің жеке басына қатысты түрде алғандағы әсемдікке көзқарасы мен талғамындағы қиғашық; ол оның киінуі, сыланып-сипанып, күтіну машығынан көрінеді.

16)Әуесқойлық – психологиялық күй, ол субъектінің сараланбаған, аңғарылмаған немесе жеткілікті түрде аңғарылмаған қажеттілігін білдіреді. Әуесқойлық өтпелі құбылыс болып табылады. Өйткенді онда көрініс тапқан қажеттілік не бәсеңсіп өшеді немесе аңғарылып, нақты тілекке, ниетке, арманға т.б. айналады.

17)Әуестену – адамның еркімен, жан қалауымен бір затқа қызығып, онымен айналысуы, содан қанағат сезіміне бөленуі.

18)Бағдар – субъектінің дайын, пейілді болуы; белігі бір объектінің пайда болатынын күн ілгері білген кезінде пайда болады және осы объектіге қатысты іс-әрекеттің орнықты мақсаткерлік сипатта өтуін қамтамасыз етеді.

19)Бағдарлау – алдағы әрекеттің бағытын, мөлшерін сезім және ой жүгірту арқылы анықтау.

20)Бағдарлау рефлексі – ми жұмыс мүшелеріне хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Осындай екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналасындағы құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. И.П. Павлов бұл рефлексті: "Бұл не?" деп атады.

21)Бағыттылық – қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы тұлғаның қызметін бағыттайтын ұғым. Ол адамның дүниетанымын білдіретін мүдделерінен, бейімділік, сенім, мұрат секілді ой нысандарымен сипатгалады.

22)Байқағыштық– заттың, құбылыстың егжей-тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты.

23)Байсалдылық – адамға тән жағымды қасиет; синонимдері – төзімділік, шыдамдылық, табандылық.

24)Бақылау әдісі – белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру.

25)Бала психологиясы – баланың психикалық дамуының заңдылықтарын зерттейтін психологияның саласы.

26)Басқару психологиясы – басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейтін психологияның бір саласы. Басқару психологиясының негізгі міндеті – басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктеріне талдау жасайды.

27)Бейне – танымды объективтік болмыстың туындысы деп материалистік тұрғыдан түсінуге негіз болатын ұғым. Психологияда дүниедегі заттардың, соның ішінде жануарлар мен адамның түрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтарып әсерленуі (із, таңба қалдыруы, өзгеруі).

28)Бейнелі ес – заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы.

29)Бейресми топ – заңдық тұрғыдан статусы жоқ, мүдделер, достық пен симпатиялар негізінде не прагматикалық пайдалылығы негізінде ықтиярлы түрде біріккен нақты әлеуметтік қауымдастық.

30)Бейімделу (адаптация) – организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.

31)Бейімділік – адамның бір іске икемділігін байқататын қасиет, қабілеттілік нышаны. Бейімділік әрекетті игеру барысында қабілеттің қалыптасуына қарай дами түседі.

32)Белсенділік – адамның әсер еткен заттарға белсенді қатынасының нәтижесі. Белсенділік адамның күнделікті іс-әрекетте (ойын, оқу, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылдықпен орындай алу қабілеті. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді.

33)Бинокулярлық көру – қаш қтықтағы объектілерді бақылау арқылы көрудегі, кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру.

34)Биографиялық әдіс – адамның хаттары, күнделіктері, өмірбаяны, шығармалық туындылары және қолтаңбалары арқылы зерттеу әдісі.

35)Бихевиоризм – XX ғасырдағы америкалық психологияның басты бағыты. Бихевиоризм психологиясының мақсаты – мінез-құлықты зерттеу болды. Бихевиоризмнің негізінде адам мен жануарлардың мінез-құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмінің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр. Бихевиоризмнің негізін америкалық психолог Дж. Уотсон (1878-1958) қалады. Ол бихевиоризм термині мен бағдарламасын ұсынды (1913). Бихевиоризмнің ғылыми қалыптасуына В.М. Бехтерев пен И.П. Павловтың еңбектері зор ықпал етті. 1920 жылдары бихевиоризм өзінің шарықтау шегіне жеті.

36)Білуге құмарлық – адамның санасы мен іс-әрекетіне, көңіл-күйіне із қалдыратын тұрақты, әсерлі сезім. Оған адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс-әрекеті зор әсерін тигізеді. Білуге құмарлық – ұнамды қасиет.

37)Біліктілік – қызметкердің іс-әрекеттің нақты бір түрінде күрделілігі белгілі бір дережедегі еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретіндей қабілеттерінің даму деңгейі.

38)Біріккен топ – бірлік нышаны, мүдделер кірігуі мен қоғамдық пікір бірлестігінің нышандарын білдіретін топ. Біріккен топтың жоғары дамыған түрі – қарым-қатынас, құрылымы, тұлғаның ондағы нақты орны айқындалса кооперацияға айналады. Оған сынып, түрлі үйірмелер және тағы басқалар жатады.

39)Бірінші сигнал жүйесі – сыртқы және ішкі ортадан келетін белгілі тітіркеніс рецепторларға әсер ету нәтижесінде адамның және жануарлардың ми қыртысында қалыптасатын шартты рефлекстік байланыс жүйесі. Сыртқы ортадағы заттар, құбылыстар, өзгерістер организмге түрлі сезім мүшелері (есту, дәм сезу, иіс сезу және т.б.) арқылы тікелей әсер етіп, түрліше түйсіктер тудырады. Мұны академик И.П. Павловтың ұсынысы бойынша, сыртқы және ішкі өзгерістерді хабарлаудың бірінші жүйесі деп атайды.

40)Вебер-Фехнер заңы – түйсіну күшінің (Е) тітіркендіргіштің физикалық қарқындылығына (Р) логарифмдік тәуелділігі: Е = k 1оgP + с, мұндағы k мен с осы сенсорлық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатын айырмашылықтарының субьективтік теңдігі туралы қосымша ұйғарымның негізінде неміс психологі және физиологі Г.Т. Фехнер тұжырымдады.

41)Галлюцинация – перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы; берілген сәтте тиісті сезім органдарына әсер етпейтін объектілерді қабылдауға саяды. Генетикалық психология - әдетте, даму психологиясы деп аталатын терминнің жақын синонимі ретінде қолданылады. Генетикалық психология көбінесе ересек организм мысалында қарастырылатын құбылыстарға негіз болатын даму процестерін зерттейді.

42)Еске түсіру – ұзақ мерзімдік жадтан қажет ақпаратты іздеумен, қалпына келтірумен және алумен байланысты ақыл-ой ерекеті. Еске түсіру еске алудың ырықты нысаны ретінде көрінеді.

43)Есте сақтау, есте қалдыру – материалдың жадта сақталуын қамтамасыз ететін процестердің жалпылама атауы. Есте сақтаудың нетижелілігі, ең алдымен, жаңа материалды ұғынылған байланыстар жүйесіне кіріктіру мүмкіндігіне қарай анықталады. Есте сақтау процестерінің іс-әрекет құрылымындағы орнына байланысты ерікті және еріксіз есте сақтау болып бөлінеді.

44)Жалпы психология – неғұрлым жалпы психологиялық зандылықтарды, психологияның теориялық принциптері мен әдістерін, оның негізгі ұғымдары мен санаттық құрылысын анықтайтын теориялық және эксперименттік зерттеулер.

45)Психикалық детерминизм – барлық психикалық актілер мен көріністердің өзіндік себебі мен мағынасы бар және олар бұрынғы нәрселердің күйіне тәуелді дейтін біржақты көзқарас.

46Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі.

47)Психикалық қасиет – тұлға ерекшеліктері, бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы (мінез, темперамент, қабілет, дүниетаным, сенім, талғам т.б.) ерекшеліктер.

48)Психикалық қылып (күй) – адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері. Психикалық қылып-психикалық процестің динамикалық көрінісін және индивид психикасының белгілі бір қалыптасқан кезі мен көрінісін айқындайтын ұғым.

49)Психодиагностика– адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, адамның психологиялық ерекшеліктері туралы дұрыс мәлемет беретін ізденіс аумағы.

50)Психолингвистика – адамның сөйлеу қабілетінің қалыптасу мен бір қалыпты өтуін зерттейтін психология мен лингвистика аралығындағы ғылым саласы. Психолингвистика терминіне америкалық ғылымдар Ч.Осгуд пен Т.Сибеок ғылыми мағынасын енгізді.

51)Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Психологияның зерттеу салалары сан алуан, олар психофизиология, зоопсихология, салыстырмалы психология, педагогикалық психология, жас ерекшелік психологиясы, еңбек психологиясы, патопсихология, инженерлік, спорт психологиясы және т.б. «Психология» терминін ғылымға енгізген Х.Вольф.

52)Психофизиология– психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен бірлікте зерттеуге бағытталған, психология мен нейрофизиологияның тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы. 1830 жылы француз философы Н.Массиас ұсынған бұл бағыт нейрофизиология мен жалпы психология аралығынан орын алады.

53)Пікір – бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан мақұлдайтын немесе теріске шығаратын ой формасы.

54)Регрессия – психикалық дамудың төменгі сатысына, бұрынғы жетілмеген түріне оралуын білдіретін ұғым. Регрессия психикалық даму сатысының белгілі бір күйін ұйымдастыратын шарттың жетіспеуінен немесе бұзылуынан қалыптасады.

55)Реминесценция– алғаш есте қалдырған материалды кешігіп еске түсіру. Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.

56)Арман – психологияда: адамның келешекке бағытталған қиялы. Жетсем деген мақсат, мұратын, орындалу барысын ойша елестетуі, көксеуі. Іс-әрекетпен тікелей байланысып жатпағандықтан, оны шығармашылық қиялдың дайындық сатысы деуге болады.

57)Арнаулы психология – адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми зақымы ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістерін және осы саладағы әртүрлі аурулардың себептерін қарастырады. Оның тармақтары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология, патопсихология.

58)Ар-ұят – ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін ұғым. Ол адамның әдептілік нормаларды сақтап, одан аспауына, іс-әрекет пен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет.

59)Ассоциация – психикалық құбылыстар арасындағы байланыстар. Бұл байланыста психикалық құбылыстардың бірінің (қабылдау, елестету) басымдылығы екіншісінің пайда болуын ілестіре жүреді. Ассоциацияның психофизиологиялық негізі - шарты рефлекс.

60)Астения – өте қатты шаршап-шалдығу, жүдеу, көңіл-күйдің тұрақсыздығының ақырғы шегі, ұйқының бұзылуы кезінде байқалатын жүйкелік-психологиялық әлсіздік.

61)Аутизм – ойлау логикасының дұрыс дамымауынан немесе психотроптық құралдар әсерінен адамның ойлауының қалыпты жағдайының бұзылуы, адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі.

62)Аутогендік жаттығу – емделушіні бұлшық еттік релаксацияға, өзін-өзі иландыруға, адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір көріністерді көз алдына елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой белсенділігін бақылай білуді оқытып-үйрететін психотерапевтік әсер ету әдістемесі.

63)Ауызша сөйлеу – естіп қабылданатын тілдік құралдар арқылы вербальдық (сөздік) тілдесу. Ауызша сөйлеуге тән сипат – сөйленген хабарламалардың жекелеген құрамдастары бірінен соң бірі туындайды және қабылданады.

64)Ауытқыған мінез-құлық – әлеуметтік нормалар мен ережелерді қайталап бұзудағы, тұрақты сипаттағы мінез-құлық; белгілі бір қоғамда қалыптасқан дерек, балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасау, қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттердің орындалуы. 65)Еліктеу – басқалардың мінез-құлқын не көшіру процесі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Адамның өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысуы.

65)Еңбек психологиясы – еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

66)Ерік – адамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктің негізгі функциялары: түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мотивациясы жеткіліксіз не басы артық болғанда іс-әрекетке деген ниет, ынтаны реттеу, психикалық процестерді адам атқаратын іс-әрекетке барабар жүйе етіп ұйымдастыру, қойылған мақсаттарға жетуде кедергілерден өтетіндей жағдаятта физикалық және психикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.

67)Ес– сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.

68)Геронтология – қартаю процесін және қарт адамдарды зерттеу.

69)Гуманистік психология – психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт.

70)арышкерлік психологиясы – адамның салмақсыздық пен әуе кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық жағдайдағы психологиясын, адамның көңіл-күйімен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.

71)Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.

72)Данышпандық – бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет.

73)Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілетілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі.

74)Дедукция – жалпыдан жекеге қарай жүргізілетін ой қорытындысы.

75)Дефектология – аномалиялы балалардың дамуының психологиялық- физиологиялық ерекшеліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым.

76)Джеймстің – Лангенің эмоциялар теориясы – америкалық философ және психолог У. Джеймс пен неміс психологі Г. Лангенің XIX ғасырдың 80-90-жылдарында бір-бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл теория бойынша эмоциялардың пайда болуы еріксіз қозғалу саласындағы, сондай-ақ, жүрек, қантамыр, секреторлық қызметтің саласындағы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен туындайды. Эмоциялық күйініш-сүйініштер осы өзгерістермен байланысты түйсіктердің жиынтығы болып шығады. Джеймстің ойынша, «жылағандықтан мұңданамыз, дірілдегендіктен қорқамыз, күлетіндіктен қуанамыз». Джеймс эмоцияларды перифериялық өзгерістердің кең тобымен байланытырса, Ланге қантамыр-қозғалу жүйесімен – иннервация күйімен және тамырлардың саңылауымен байланыстырды. Осылайша, әдетте, эмоцияның салдары деп қарастырылатын перифериялык, органикалық өзгерістер олардың себебі деп жарияланды.

77)Динамикалық стереотип – үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуы.

78)Дисфазия – мидың зақымдануынан қалыпты сөйлеудің бұзылуы. Синонимі – афазия.

79)Диффузиялық топ – құндылық-бағдарлылық топтасқандық болмайтын, қатысушыларының қатынастарын ортақтандыра алатын бірлескен іс-әрекеті жоқ қауымдастық.

80)Кәрілік психологиясы – қартайған адамға тән психологиялық ерекшеліктердің жиынтығын қарастыратын психология саласы. Кәрілік психологиясына тән нышандарға мыналар жатады: уайымшылдық, мақтаншақтық, өткен өмірінің мәнсіз кезеңдеріне өкіну; жастарды, шуды жақтырмау; тыныштық іздеу, ұйқының азаюынан мазасыз болу; сөздері мен істерін қайталай беруі, белгілі деңгейде пессимизм, түңілу.

81)Кинестезиялық (қозғалыс) түйсіктер – адамның өз мүшелерінің орналасуын, қозғалуын және бұлшық еттерінің күшін түйсінуі. Кинестезиялық түйсіктер бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда болатын арнайы рецепторлық құрылымдардың қозуы нәтижесінде пайда болады.

82)Клиникалық психология – медициналық психологияның аурулардың пайда болуы мен барысының психикалық факторларын, аурулардың тұлғаларға ықпалын, емдік, шипалық ықпал әсердің психологиялық аспектілерін зерттейтін сала.

83)Ретикулярлық формация – импульстерді таратып, тежеп, күшейтіп, оларды ми қыртысына жіберіп отыратын нерв ткані

84)Референттік топ – нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық; индивид онымен өзін эталон ретінде қатыстырады және өзінің мінез-құлық мен өзін-өзі бағамдауында оның пікірлерін, құндылықтары мен бағалауларын бағдарға алады.

85)Қозу– тірі организмдердің қасиеті, қозатын ұлпаның тітіркендіруге беретін жауабы. Жүйке жүйесі үшін қозу – негізгі функция. Қозу процесі сыртқы стимулдың берілген органға тән абсолюттік қозу табалдырығынан асып түсетін белгілі бір қарқындылығында ғана пайда болады.

86)Қозудың шоғырлану заңы – мидың тар шектелген жерлерінде жүйке процестерінің жинақталуы. Бұл заң бойынша жүйке процестерінің таралуы жүйке жүйесінің функциялы ұйымдасу ерекшеліктеріне байланысты. Мұнда барлық жүйке клеткалары бір-бірімен өздерінің талшықтары арқылы байланысқан.

87)Лонгитюдтік әдіс- ұзақ уақыт бойына бір ғана объектіге Психологиялық проблема- Тұлғаныңтұлғаның психологиялық қиыншылықтарының жиынтығы, тұлғаның дамуындағы нақты қарама қайшылықтардан туындаған үйлесімсіз күйі

88)Тұлғалық проблемалар- адамдардың тұлғаылық дамуына кедергі келтіретін, олардың адамгершілікті және психикалық денсаулығын, ахуалын және жалпы өнімділігін нашарлататын қиындықта

89)Ұжымдық топтық проблемалар- Топтағы қатынас процестерінің бұзылуы, ұжымның әлеуметтік психикалық ахуалының нашарлауы және топ дамуының баяулауы

90)Іс әрекеттегі проблемалар- Адамдардың қасиеттері мен күйлерінің мамандықтарының талаптарына сәйкес келмеуінен кәсіби іс әрекетінде пайда болатын қиындықтар

91)Дау - дамай- әртүрлі адамдардың қарама қарсы әрекеттерінің, көзқарастарының, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының, жопарларының немесе бір адам пікірлерінің, мотивтерінің, қажеттіліктерінің қақтығысындағы психикалық құбылыс

92)Дифференциялды психология- Психологияның индивидтер мен топтардың арасындағы психикалық айырмашылықтарды, олардың даралық ерекшеліктерін зерттейтін саласы

93)Клиент- Психологтан психологиялық көмекті алатын адам

94)Норма- а) обьекті едәуір тұрақты, әрі қызмет етудің нақты жағдайлары мен міндеттеріне жоғары дәрежеде сәйкес келетін тіршілігін болжайтын оптималды күйі; ә)мәліметтердің салыстырудың (бағлаудың) бастақы басы; б)ауытқуларды болмауы (кері қиысынды криетий); в) норма баяндаушы сипаттама (жағымды қисынды криетий) ретінде

95)Анамнез- Тексерілуші және оның ауруының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығы Анамнез- Тексерілуші және оның ауруының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығы

96)Әңгімелесу- Сыналушымен серіктескен қарым –қатынастың негізінде психологтың сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алатын тұлғаны психологиялық зерттеу әдіс

97)Клиникалық сұхбаттасу- Психологиялық көмек көрсету барысында терапевттік әңгімелесу әдісі

98)Эмпатиялық тыңдау әдісі- Практикалық писхологияның психологтың әңгімелесуші серігін бойлаған эмоциялы күйлерге ену, оның сөз және одан басқа құралдармен хабарлағандарының барлығын бағасыз қабылдау жолымен бірге күйзелу қабілетіне негізделген әдіс

99)Логотерапия- Психотерапияның клиент тұлғасының құндылығын, оның қадыптасқан жағдайда жаңа мағынаны іздеу қабілетін мойындау, қарым –қатынастағы ерекше эмоциялы ахуал есебінен адамның ішкі әлемін өңдеуге бағытталған әдісі

100)Гештальттерапия- Психотерапияның клиенттің қажеттіліктерін неғұрлым анық сезінуіне бағытталған, оларды біртүтас бейнеге жеткізу және аяқау әдісі

101)Конвергенция теориясы – неміс психологі В.Штерн енгізген баланың психикалық дамуы туралы теория. Психикалық даму туралы екі теорияның – преформизм (нативизм), баланың дамуындағы ішкі жағдайларға – тұқым қуалаушылыққа және сенсуалистік теория (эмпиризм), біржақтылығын болдырмауға тырысудан туған.

102)Конформдылық – адамның өз төңірегіндегі топтың ықпал-әсеріне берілгіштігі, көпшіліктің бастапқыда өзі қостамайтын ұстанымдарына сәйкес өзінің мінез-құлық ұстанымдарын өзгертуінен көрінеді.

103)Корпорациялық топ – тұлға-аралық қарым-қатынас топ мүшелері үшін өзара жеке мәнді сипатта жүзеге асырылатын топ.

104)Коррекциялық әдіс – психодиагностикалық әдістер негізінде психологтің тұтынушы немесе баланың нақты күйзелістерін, тілектерін, танымдық процестеріннің даму ерекшеліктеріне түзету жұмыстарын таңдау және жүргізу.

105)Көңіл-күй – индивидтің психикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй.

106)Көңіл-күйге ортақтасу – субъектінің эмоциялық күйінің басқа бір тұлғаның (не әлеуметтік топтың) көңіл-күйіне ұқсауы; бұл орайда субъектінің индивидумдық санасында басқа адамның (не әлеуметтік топтың) ол тап болған оқиғаларға қатынасы бейнеленеді.

107)Көрнекі – бейнелі ойлау – ойлау түрлерінің бірі. Жағдаяттарды және олардағы өзгерістерді елестетумен байланысты. Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттың іс жүзіндегі әртүрлі сипаттамаларының бүкіл сан алуандығы неғұрлым толық қалпына келтіріледі. Көрнекі-бейнелі ойлаудың маңызды ерекшелігі заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттен тыс, «ерекше» ұштасуларын анықтау болып табылады.

108)Креативтілік тестілері – тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін зерттеп, бағалауға арналған әдістемелер жиынтығы.

109)Күй – ең жалпылама түрінде кез келген жүйенің оның ортаның координаттық объектілеріне қатынасты жағдайын бейнелейтін сипаттама. Адамның күйі қоршаған орта мен жағдаятқа бейімделудің реттеушілік функциясы болып көрінеді.

110)Күйгелектік – белгілі бір істің, оқиғаның, құбылыстың байыбына бармай, оның келеңсіз салдарын үлкейте көрсетіп, оған қатысты өзінің жасауға тиісті әрекет жасай алмай, негізсіз абдырауы.

111)Кішіпейілдік – адамгершілікті көрсететін мінез-құлық; үлкенге, айналасындағы адамдарға иманжүзділік сыйласым көрсетудің көрінісі.

112)Қабылдау – сезім органдарының рецепторлық беттеріне физикалық тітіркендіргіштердің тікелей әсері кезінде пайда болатын заттардың, жағдаяттар мен оқиғалардың тұтас бейнесі. Қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтас бейнелену процесі. Қабылдауда заттардың түсі, дыбысы, исі, дәмі, түрі және т.б. қасиеттері тұтас күйінде қабылданады. Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінде бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың өзара әрекетінен пайда болған уақытша байланыс жатады.

113)Қабылдаудағы иллюзиялар – түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау немесе қабылданатын затты, оның қасиетін барабар емес бейнелеу. Қазіргі уақытта неғұрлым зерттелген, иллюзиялық әсерлер: екі өлшемді контурлы көріністерді көру қабылдауындағы иллюзиялық эффектілер. Олар «оптикалық-геометриялық иллюзиялар» деп аталады. Енді бір түрі: контраст айқындылығының феномені. Мәселен: сүр жолақтың ашық түсті аяда күңгірт, ал қара түсті аяда жарық болып көрінуі.

114)Қабілеттілік – белгілі бір өнімді іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері. Қабылдау тұлғаның жалпы бағыттылығымен, адамның белгілі бір әрекетке бейімділігінің орнықтылығымен тығыз байланысты. Қабілеттің түрлері: жалпы қабілеттілік, арнайы қабілеттілік, потенциалдық қабілеттілік, актуалдылық қабілеттілік.

115)Қабілеттілік тестілері – жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуеттік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы, жалпы қабілетерді және көп жақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.

116)Қажеттілік– адамның дамуы мен өмір жағдайындағы белгілі бір нәрселерге мұқтаждануы; қажеттіліктердің түрлері: биологиялық, әлеуметтік, материалдық, рухани, аффилиациялық (бірігуге), жақындасуға, жетістік, таным және тағы басқа қажеттер.

117)Қажу – организмнің дене және ақыл-ой жүктемелері ұзақ уақыт әсер еткенде қалыптасатын және жұмыс қабілетінің төмендеуімен сипатталатын күйі. Организмнің әрекетті қамтамасыз ететін психофизиологиялық жүйелері жұмысының үйлесімсізденуінен білінеді. Бұл қан айналысының, тыныстаудың, терморегуляцияның және тағы басқа теңдес емес өзгерулерінен, ал ой еңбегінен қажығанда зейіннің босаңсуынан, ойлау процестерінің баяулауынан, жадтың (қайта жаңғыртудың) қателесулерінен көрінеді.

118)Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасу, өзара түсінусі, бір-бірін қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар-интерактивті, коммуникативті, перцептивті.

119)Қарым-қатынас деңгейлері – микро, мезо, макро. Қарым-қатынас түрлері – рухани, іскерлік, манипулятивтік, премитивті және тағы басқа.

120)Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы – ақпарат алмасу және оны түсімен анықталады. Қарым-қатынас барысында адресант пен адресат ортақ белгілер жүйесін пайдалану арқылы қарым-қатынас серіктестері бір-бірімен ақпарат алмасады.

121)Қарым-қатынастың интерактивтік жағы – бірлескен әрекетті ұйымдастыруымен оны орындаудағы серіктестердің қарым-қатынастарында анықталады. Адамдардың жұмысты өзара бөлісу, келісім бойынша жұмыс істеуі. Зерттеулердің нәтижесінде өзара әрекеттесулердің түрлері анықталған: достық, бәсекелестік және қақтығыстық (конфликт).

122)Қарым-қатынастың перцептивтік жағы – қарым-қатынас серіктестері бірін-бірі қабылдап, түсінуімен сипатталады. «Әлеуметтік перцепция» термині алғаш рет 1947 жылы Дж.Брунердің «Қабылдауға арналған жаңа көзқарас» деген еңбегіне енгізілді.

123)Қиял– сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процесс.

124)Қозу– тірі организмдердің қасиеті, қозатын ұлпаның тітіркендіруге беретін жауабы. Жүйке жүйесі үшін қозу – негізгі функция. Қозу процесі сыртқы стимулдың берілген органға тән абсолюттік қозу табалдырығынан асып түсетін белгілі бір қарқындылығында ғана пайда болады.

125)Қозудың шоғырлану заңы – мидың тар шектелген жерлерінде жүйке процестерінің жинақталуы. Бұл заң бойынша жүйке процестерінің таралуы жүйке жүйесінің функциялы ұйымдасу ерекшеліктеріне байланысты. Мұнда барлық жүйке клеткалары бір-бірімен өздерінің талшықтары арқылы байланысқан.

126)Қолданбалы психология – психологияның теорияларын, жаңа

127)Құмарлық– адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз дейміз.

128)Қызығушылық – дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның өзіне тартып, құмарттыратын нәрсенің бәрі қызығушылықтың объектісі болып табылады.

129)Қылмыстық психология – құқық бұзушылардың психологиялық механизмдері мен олардың психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстық топтардың құрылуы, құрылымы, іс-әрекет жасауы және ыдырауы мәселелерін зерттейді.

130)Лидер– көшбасшысы, жетекші. Топтағы бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда және топтағы өзара қатынастарды реттеуде шынайы орталық ролді атқаратын беделді тұлға.

131)Локализация– стимулдың кеңістіктегі орнын анықтайтын перцептивті әрекет.

132)Медициналық психология – аурулардың пайда болуы және өту барысы, белгілі бір аурулардың адамның психикасына ықпалы, сауықтыру амалдарының оңтайлы жүйесінің қамтамассыз етілуі, ауру адамның микро әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының сипаты және олардың басқа жағдайлармен байланысының психологиялық заңдылықтарын қарастырады.

133)Меланхолик – темперамент типі. Жүйке жүйесі әлсіз, сәл нәрсеге реакция білдіретін, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, жайбасар адам. Темпераманттердің әрқайсысы жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінен туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті.

134)«Мен» тұжырымдамасы – әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым.

135)Механикалық есте қалдыру – заттар мен құбылыстарды ішкі мағынасын түсінбей жай қайталау арқылы еске сақтау.

136)Мнемоника – мүмкіндігінше көбірек мәліметтердің есте сақталуын оңайлату үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы, жасанды байланыстар арқылы есте қалдыру әдісі.

137)Монокулярлық көру – бір көзбен қарау арқылы қашықтықтағы объектіні дұрыс анықтай алу.

138)Монолог сөз – белгілі бір жоспарға сәйкес, логикалық жағынан сөздің мағы(налығы мен мәнерлігінің үйлесімді болуындағы баядамашының, лектордың сөйлеуі.

139)Моральдық сезімдер – қоғамдық өмірдің талабына сәйкес көрінетін адам сезімдерінің бірі. Оларға: жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят, ұлттық мақтаныш және т.б. енеді.

140)Мұрат (идеал) – адамның өмірден өнеге іздеуінен, біреуді үлгі тұтып қастерлеуінен байқалатын қасиет. Мұрат – кісінің алдына қойған аса ардақты, ең асыл мақсаты.

141)Психолог қызметінің тиімділігі - Психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара әрекеттестігін ұйымдстыру мақсаттарының алынған нәтижеге сәйкес келу дәрежес

142)Өзара әрекеттестік - Адамдардың қарым–қатынас процесінде бір–біріне өзара ықпал ету үрдісі; әртүрлі субьектілердің іс–әрекеттернің обьектісіне өзара ықпал ету процесі

143)Кәсіби–әдептік нормалар - бұл психологтың кәсіби біліктілігінің деңгейіне, оның іс –әрекетінде қызметтестерімен, ғылыми қоғаммне, ондай –ақ клиенттермен және сыналушылармен өзара қатынастарында жүзеге асырылуына ұсынылған ортақ талаптар

144)Кәсіби құпия - нақты ақпарат мамандардың тек аздаған шеңберіне ғана жарияланатын ережені ұстану

145)Зиян келтірмеу ұстанымы - психологтың клиентпен өзара әрекеттестікте алған нәтижелері қандай жағдайда да оған зиян келтірмеуі тиіс екендігн болжайтын практикалық психологтардың негізгі принциптерінің бірі

146)Мінез –құлыққа ағдарланған терапия - Психотерапияның релаксациялық процедураларымен үйлесімдікте топтық жұмыстың модельденген жағдайларында мінез –құлықың қажет компонентін көптеген зерттеулер жүргізу.

147)Тест – белгілі мәндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын диагностикалық әдісі.

148)Проективті әдіс – адамның ішкі дүниесін символикалық алмастырулар арқылы сыртқы заттар көмегімен зерттейді.

149)Тренинг – қарым-қатынас дағдыларын, өзін-өзі реттеуді, кәсіби іскерлікті дамытуға бағытталған топтық жұмыстар формасы.



150)Гипноз – жасанды жолмен пайда болатын сананың күйі, сендіру формасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет