1. Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуының негізгі бағыттары (тенденциясы).
2. Болон үдерісі қазақстандық жоғары білімнің еуропалық білім беру кеңістігіне ықпалдасуы (интеграциялануы) ретінде.
3. Отандық білім беру жүйесін реформалаудың негізгі қағидалары.
4. STEM-контекстіндегі білім.
5. Жоғары білім беру ұйымдарының түрлері.
Білім қоғамдағы экономикамен, ғылыммен, технологиямен және мәдениетпен тығыз байланысты. Сондықтан білім жалпы ұлттық даму стратегиясының өзекті құраушысы болып табылады. Білім беру – тұлғаның және қоғамның қажеттіліктеріне байланысты мақсат-бағдары, үйлесімді түрде оқыту, тәрбиелеу және дамыту үдерістері.

ЮНЕСКО (1997ж.) бойынша: «білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру үдерісі мен нәтижесі» - ретінде қабылданған.
ЮНЕСКО (1997ж.) бойынша: «білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру үдерісі мен нәтижесі» - ретінде қабылданған.
БІЛІМ БЕРУ ұғымы
Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын төрт аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді:
Білім беру жүйесі тарихи қалыптасқан бір-бірімен сабақтасқан және біртіндеп бір –біріне ауысатын білім беру парадигмаларынан туындайды
Білім беру жүйесі болашаққа бағытталған, себебі білім беру мекемелерінің түлектері өздері білім алған жағдайдан өзгеше жаңа жағдайда өмір сүріп іс-әрекетпен шұғылданады.