Жоспар: Жас ерекшеік психологиясының пәні. Психикалық даму теориялары



бет1/13
Дата09.11.2022
өлшемі49,42 Kb.
#48763
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жас ерекшелік психологиясы 1 3


Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері


Жоспар:
1.Жас ерекшеік психологиясының пәні.
2.Психикалық даму теориялары.
3. Жас ерекешелік писхологиясының ғылыми зенрттеу әдістері.


1.Жас ерекшелік психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Даму психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау,т.б.
Даму психологиясының пәні - адамның өмір сүру барысындағы психикасы мен іс-әрекетінің өзгеруінің заңдылықтары мен тенденциялары. Даму психологиясының орталық ғылыми категориясы - психикалық даму.
Даму дегеніміз жаңа механизмдердің, процестердің, құрылымдардың жаңадан туындауы және сапалық өзгеруі.
2.Психоаналитикалық теорияның негізін салған З.Фрейд болды. Психикасында ауытқуы бар адамдарды зерттеу барысында ол ауытқулардың Бәрінің органикалық себебі денесінде немесе жүйке жүйесінде емес, көп жағдайда оны санадан немесе адамның жеке проблемасынан қарастырып, іздестіру керек деді.
3. З.Фрейдтің ойынша бұл себептердің тамыры ерте нәрестелік кезеңде жатыр. Бала өзінің зорлық- зомбылығын ешкімге айта алмайды да , ол терең санасыздыққа ,бейсанаға кетеді. Осы терең психикалық жарақат жанаса береді де, балаға көптеген ыңғайсыз қобалжу жағдайларын туғызады. Бұл азаптан арнайы терапия формаларын қолдану арқылы құтылуға болады. Бұл әдіс психоанализ деп аталады. Теория негізі- өмір сүру түйсігі (эрос) пен өлім ( танатос) және мораль мен мәдени норма жиынтықтары арасындағы дағдарыстар теория негізі.Бала дүниеге туа бітен еліктеу түйсіктерімен келеді Фрейд оны «либидо» немесе «оно» деп атаған. Бала тәртбінің негізгі себептері осы түйсікті тілекті қанағаттандыру болып табылады. Мұны Фрейд « қанағаттану принципі» деп атап көрсетті .Алайда, нәрестелік кезеңнен бала өзінің тілектерін қоғам талабына сәйкестендіре бастайды. Жазалаудан қорқу барысында ол өзінің түйсікті тілектерін ұстамдылықтың арқасында сыртқа шығармайды. Осыдан психиканың келесі инстанциясы «Мен» немесе «Эго» пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет