«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ АРА



Pdf көрінісі
бет106/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ АРА 

ҚАТЫНАСЫ 

 

Ахметова Алия Муратовна 

Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті 

Экономика,бизнес және құқық колледжі 

 

1. Педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық ғылымның ара қатынасы.  



2. Педагогикалық шығармашылықтың қайнар көздері және оның бастауы 

3. Мұғалімнің шебер ұстаз болып қалыптасуы 

 

Негізгі  тұжырымдар:  Педагогикалық  тәжірибе  мен  педагогикалық  ғылымның  ара 



қатынасы, шығармашылықтың қайнар көздері және оның бастауы. 

Кілттік  сөздер:  шығармашылық,  эмоциональді  оқыту,  педагогикалық  білім, 

гностикалық шеберлік. 

1.  Педагогика  ғылымының  міндеттері.  Педагогиканың  ғылыми  және  іс-қызметтік 

міндеттерін ажырата білу қажет. Педагогиканың ғылыми міңдеттері - зерттеулер жүргізу, ал 

мектеп  пен  жоғарғы  оқу  орындарының  міндеттері  -  осы  ғылым  негізінде  шәкірттер  мен 

студенттердің 

тәлім, 


тәрбиесін 

іске 


асыру.  

Педагогика ғылымының алдына қойған басты міндеті - оқу-үйретім, тәлім, тәрбие салаларьна 

байланысты таным ақпараттарын ұсыну және тәрбиелік жүйелерді басқару зандылықтарын 

ашу,айқындау.  Педагогикадағы  заңдылық  дегеніміз  әдейі  жасалған  немесе  щынайы 

қалыптасқан  жағдайлар  мен  қол  жеткен  нәтижелер  арасындағы  байланыс,  қатынастар. 

Зандылықтардьң іске асу нәтижесі: 1) тәрбиелілік; 2) тәлім; 3) тұлға дамуының мемлекеттік 

тәлімі,  тәрбие  стандартындағы  нақты  көрсеткіштерге  сай  келуі.  Педагогика  ғылымының 

тұрақты  міндеттерінің  бірі:  күнделікті,  педагогикалық  қызмет  тәжірибесін  зерттеу  және 



778 

 

778 



 

қорыту.  Кәсіби  тәлім,  тәрбиелік  қызмет,  іс-әрекет  әрдайым  шығармашыл  сипатымен 

ерекшеленеді,  осыдан  кез-келген  педагог-мұғалім  өз  шәкірттеріне  ықпал  жасаудың  тиімді 

жолдарын  тауып,  құрал-жабдықтарын  жасайды,  жинақтайды.  Көптеген  педагогтар  соны, 

жаңашыл педагогикалық технологиялар жасап, өзінің тәлім, тәрбие, оқу-үйретім қызметіне 

ендіруге  қабілетті.  Алайда,  мұғалімдердің  шығармашылық  еңбегі  өзінің  теориялық 

негіздемесі  мен ғылыми түсініктемесін таппаса, ол педагогикалық құндылықтар арасыңда 

өзіне  сай  орнын  иелей  алмайды.  Осыдан  ғылымның  атқаратыны-жаңалық  мәніне  жету 

арқылы  жаңашыл  -  педагог  даралығының  қайталанбас  жеке  өнімі  қайсы,  ал  жалпылық 

тұжырымға  келіп,  қоғам  мұратьна  айналғаны  қайсысы  екенін  ажырата  айыру.  Тәрбие 

жөніндегі  ғылым  міндеттерінің  арасында  маңызды  орын  иелейтіндерінің  бірі-жаңа  тәлім, 

тәрбие  әдістерін,  құрал-жабдықтарын;  формаларын  тауып,  оқу-үйретім,  тәрбие,  тәлім 

құрлымдарын  басқару  жүйелерін  ашу,бақылау.  Осы  міндетке  байланысты  педагогикада 

«ИННОВАЦИЯ» термині пайда болды. Тәлім-тәрбие бағытын жақын мерзімге және ұзақты 

болашаққа болжастыруда педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі, ғылыми болжам 

болмаған  жерде  педагогикалық  саясатқа,  тәлім  эканомикасына,  жүйелеріне  жетекшілік 

жасау мүмкін емес. Педагогикалык жүйе екі бірдей ерекшелігімен сипатталады: ол бір уақыт 

аралығында  өз  қызметтін  атқарумен  бірге  үздіксіз  даму  жүйесінде  болады.  Осыдан, 

педагогикалық  жүйе  қызметін  басқарумен  бір  қатар  даму  жүйесіне  басшылық  жасау 

қажеттігі  туындайды.  ІІедагогика  ғылымының  маңызды  міндеттерінің  бірі  -  бұл  зерттеу 

нәтижелерін күнделікті үдерістер тәжірибесіне ендіріп бару. Бүгінгі таңдағы заман талабы - 

жаңалықты  педагогикаға  сәйкес  бұл  ғылымның,  теориялық  және  әдіснамалық  негіздерін 

қайта құру, яғни мектеп тәжірибесінің ұтымды байланыстарын зерттеу істері мен тәрбие іс-

әрекеттерін нарықтық заманға сай гуманистік бағыт жүйесін жаңашыл бірігімді теориялық 

әдіснамалық  тұғырға  қондыру.  Педагогика  міндеттері  мұнымен  шектелмейді.  Күнделікті 

тұрмыс пен мектеп тәжірибесі, педагогика ғылымы алдына бұрын ойымызға кіріп шықпаған 

сан алуан мәселерді тартып жатады, солардың арасында заман тарапынан туындап жатқан 

көкейкесті  міндеттер  тобы  келесідей:  электронды  оқулықгар  қорын  түзу,  педагогакалық 

кәсіп  стандарттарын  жасау,  шәкірттердің  кәсіп  таңдауына  ықпал  жасаушы  жағдаяттарды 

анықтау,  мұғалім  және  тәрбие  сұбъекті  арасында  өрбіп  жататын  жанжалды  қарым-

қатынастар табиғатын талдау және т.б. 

2. Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен 

тәрбиелеу  өнері.  Ол  өнерге  балаларды  сүйетін  және  өз  қалауымен  жұмыс  істейтін  әр 

педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең 

меңгерген,  ғылым  мен  өнердің  тиісті  салаларынан  хабардар,  жалпы,  әсіресе  балалар 

психологиясының  мәселелеріне  қанық,  оқыту  мен  тәрбиенің  әдістемесін  жетік  игерген 

маман. 

Педагогикалық шеберлік негізі неде? 



Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған 

маман –  уақыт талабы. Кеше ғана көк туын  желбіретіп  шаңырақ көтерген егемен елімізді 

өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім 

негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең 

отаншыл,  білгілеріңіз  келсе,  ең  «сынампаз»  бөлігі  болып  табылады»,  –  деп  Елбасы  Н.  Ә. 

Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, 

өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? 

Шебер  педагог  білімді,  тәжірибесі  мол,  жан-жақты  бола  отырып,  оқушыларды  жеке 

тұлға  етіп  қалыптастыру  мақсатында  білім  мен  тәрбиені  ұштастыра  алуы  қажет.  Әр 

оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, 

жанұя,  мұғалімнің  ролін  анықтау,  студенттер  мен  мұғалімдер  ұжымын  қалыптастыру  – 

педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз. 

«Тәуелсіз  елге  –  білікті  маман»  демекші,  педагогикалық  шеберліктің  негізі,  өткен 

пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені  ұштастырумен қатар  – педагогтардың 

жаңа  технологияны  меңгере  білуінде  және  оны  өз  тәжірибесінде  қолдана  алуында. 


779 

 

779 



 

Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, 

ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-

ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық 

технологияны»  оқыту  үрдісінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  сипаттап,  оны  дидактикалық 

үрдістер  мен  оқыту  құралдарымен  жабдықтауда  жаңа  ақпараттық  технологияға  негіздеу 

туралы мәселе қозғалады. 

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, 

яғни  оның  тұлға  ретінде  жеке-даралығы  және  адамның  индивид  ретіндегі  кейбір 

ерекшеліктерінің  өзгеріске  ұшырауы.  Осыдан  шығарар  қорытындымыз:  әрбір  педагог 

мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз 

пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін 

білетін жан болуы қажет. 

Біздің  ойымызша,  инновациялық  технологиялар  оқытуды  ізгілендіру,  яғни  оқу 

құралдарын  оқушылардың  өздігінен  танымдық  іс-әрекетінде  пайдалануға  көмектеседі. 

Оқытудың  инновациялық  әдіс-тәсілдерін  пайдаланудың  шарттарының  өзі  мұғалімнің 

әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: 

инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық 

әдіс-тәсілдерінің  тиімді  жолдарын  қарастыру;  инновациялық  әдістерді  меңгеру; 

инновациялық  әдіс-тәсілдерді  пайдалану  және  білім  беруді  ұйымдастыру  формалары; 

инновациялық  әдіс-тәсілдерінін  нәтижесінің  болуы;  инновациялық  әдіс-тәсілдердің  озық 

тәжірибелерін  бекіту  жатады.  Инновациялық  іс-әрекетті  басшылыққа  ала  отырып, 

педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз. 

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа 

адамды  қалыптастырып,  дамытып,  жетілдіріп  өмірге  дайындайды.  Оқушыларын  тек 

біліммен  қаруландырып  қана  қоймай,  назарын,  білгендерін  жадында  сақтауға,  қабілетін, 

ойлауын,  тіл  шеберлігін  ұштауға,  дүниеге  деген  құштарлығын,  өмірге  деген  көзқарасын 

дұрыс  қалыптастырып,  ықыласын,  сенімін,  төзімділігін,  іскерлігін,  ізденімпаздығын  тағы 

басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің 

өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. 

«Талант»  деген  сөзді  әркім  әр  түрлі  ұғынуы  мүмкін.  Талант  көбіне,  ақын  – 

жазушылырда,  әртістерде,  өнер  адамдарда  кездеседі.  Ал,  «мұғалім  болу  –  талант  па,  ол 

әркімнің қолынан келе бермей ме?» – деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып 

тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз 

бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз 

пәнін  жақсы  білсе,  оқытудың  әдістемесін  меңгеріп,  бала  психологиясын  жете  білсе, 

педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне 

ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда 

талантты, шебер ұстаз бола алады. 

Педагогикалық  шеберлік  –  ұстаздық  талантпен  тығыз  байланысты.  К.Д.Ушинский: 

«Педагогика  теориясын  қаншама  жетік  білгенмен,  педагогикалық  әдептің  қыр  –  сырын 

меңгермейінше 

бұған 

оның 


оның 

қолы 


жетпейтіндігін», 

– 

айтады. 



Педагогикалық  шеберлік  –  тек  қана  мұғалімнің  жалпы,  жан  –  жақты  және  әдістемелік 

сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. 

Ұстаздық  шеберлік:  1)  мұғалімнің  өмірге  көзқарасы,  оның  идеялық  нанымды,  моральды 

бойына  сіңірген  адам  екендігі;  2)  пәнді  жетік  білген,  ойын  толық  жеткізетін  және 

оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) 

оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе 

алатын,  педагогикалық  әдеп  пен  талантын  ұштастырған  адам  ғана  шеберлікке  ие  болады. 

Педагогикалық  шеберлікте  педагогикалық  техника  деп  аталатын  мәселеге  мән  беріледі. 

Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – 

тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. 



780 

 

780 



 

Педагогикалық шеберліктің негізі  – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу  – 

тәрбие  процесінде  оқушылармен  педагогикалық  ынтымақтастықтар  жұмыс  атқарудың 

формаларын,  әдістерін  дамыту,  шәкіртке  деген  қамқорлық  пен  сүйіспеншілікті  арттыру 

педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. 

Болашақ  ұстаздың  педагогикалық  мамандыққа  өзін-өзі  бағыттап,  жұмысты 

ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші 

ғалымдардың  пікірінше  педагогикалық  шеберлік  мынадай  жүйелерге  бөлінеді: 

- педагогикалық іс – әрекеттегі гуманистік бағыттылығы; 

- педагогикалық кәсіби білгірлігі; 

- педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі; 

- педагогикалық техникасы. 

Бұл  аталған  педагогикалық  шеберлік  жүйелері  бір-бірімен  тығыз  байланыста  жүзеге 

асады. 


Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми 

– зерттеу пайымдаулар мыналар: 

- пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық; 

- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі

- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік; 

- іс – әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы. 

Сонымен  қатар  әлеуметтік  –  қоғамдық  өмірдің  жаңаруына  байланысты  кәсіптік 

педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту 

міндеттер: 

1. Педагогикалық білім бірлігі; 

2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі; 

3. Ситуацияларды меңгеру; 

4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.  

3. Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да 

мамандарды  шеберлікке  үйретуде  қажет  болатын  мамандық.  Жас  ұрпақ  тәрбиесіне  бүкіл 

ғұмыры  мен  қажыр-қайратын  және  бойындағы  асыл  сезімдерін  бағыттаған  мұғалімдерді 

айтуға болады.  

Ұлы  ғұлама  Әл-  Фараби:  "Ұстаз  ...  жаратылысынан  өзіне  айтылғанның  бәрін  жете 

түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, 

бұлардың  ешнәрсесін  ұмытпайтын  ...  алғыр  да  аңғарымпаз  ақыл  иесі  ...,  меніңше  шешен, 

өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына 

да,  жат  адамдарына  да  әділ  ...,  жұрттың  бәріне  ...  жақсылық  пен  ізеттілік  көрсетіп  ... 

қорқыныш  пен  жасқану  дегенді  білмейтін  батыл,  ержүрек  болуы  керек"  дейді.  Еліміздің 

болашағы бүгінгі  мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар 

жеткіншектеріміздің  ғаламдық  өркениеттен  қалып  қоймай,  білімді,  тәрбиелі,  жан-  жақты 

болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім 

саласында  түбегейлі  өзгерістер  жүріп  жатыр.  Осы  өзгерістерді  жүзеге  асыру,  әсіресе, 

ұстаздарымыздың  біліміне,  кәсіби  шеберлігіне  көп  байланысты.  Парасаттылықты, 

адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. 

Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.  

"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- 

деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең 

сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, 

технологиялық дәуір.  осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, 

мәдениетті,  ұшқыр  ойлы,  халқының  салт-дәстүрін  дәстүрлей  білетін,  туған  Отанын,  жан- 

тәнімен  сүйетін  азамат  дәрежесіне  тәрбиелеу  және  осыған  жетелеудің  өзі  педагогикалық 

шеберлік демекпін.  

Абай  атамыздың:  «Ақырын  жүріп  анық  бас,  Еңбегін  кетпес  далаға.  Ұстаздық  еткен 

жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз 


781 

 

781 



 

мамандығының  данышпаны  болу  бір  күнде  пайда  болатын  дүние  еместігін  біз  жақсы 

түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық 

аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, 

аяқ  алысы,  жүрісі,  көзқарасы  психологиялық  және  ізгілік  тұрғысынан  шәкірт  жүрегінен 

үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті

ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір 

мәселелерді  жаңаша  көзқараспен  қарастыруды  жөн  деп  есептей  отырып,  мынадай 

эталондарды атап өтуге жөн көрдік: 

- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау; 

- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері; 

- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері; 

- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.  

Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі,  зерттеушілік  қызметі  мұғалімдік  жұмысқа  дайындық 

барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.  

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - 

сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.  

«Біліктілік»  деп  қандайда  бір  еңбектің  түріне  дайындалудың,  дайындық  дәрежесінің 

деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.  

Білім  сапасының  арттырудың  кілті  педагог  қолында  десек,  оның  білімін  жетілдіру 

басты роль атқармақ.  Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен 

жетістікке  қол  жеткізуге  болары  анық.  Мұғалімдердің  біліктілігін  жетілдіру  екі  бағытта 

жүргізілуі тиіс: 

1.Мұғалімнің  кәсіптік  жұмысының  мәнін  үйлесімді  өзгерту,  яғни  басты  қызметтік 

нұсқауды  орындау  емес,  күтетін  нәтижеге  жету  үшін  оқу  үрдісін  шығармашылықпен 

үйлестіру.  

2.  Білім  беру  асында  мұғалімнің  зерттеушілік  бағыттағы  қызметін  күшейтуге 

байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.  

Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады:  

1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).  

2.  Мазмұндық  (Әдістемелік,  ғылыми-теориялық  білімді  практикада  қолдана  білуге 

жағдай туғызу). 

3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. ) 

Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде 

қарайтыны белгілі.  

Ұстаздар  үздіксіз  ізденіп,  өз  білімін  үнемі  жетілдіріп  жаңа  педагогикалық  әдіс-

тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.  

«Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . » - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді.  

Мұғалімнің  өздігінен  білім  алуына  нақты  көмек  көрсету  үшін,  тұлғаның  кәсіптік 

қызмет  саласындағы  қажеттіліктерін,  сұраныстарын,  мүдделерін  білуі  қажет.  Арнайы 

ұйымдастырылған  әдістемелік  жұмыс  мұғалімнің  жеке  қажеттіліктерін  ескеріп  құрылуы 

тиіс.  Мұндай  жағдайда  мұғалім  біліктілікті  арттырудың  ұжымдық  нормаларына  қатыса 

отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады. 

 Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік 

қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.  

Қорыта  келгенде,  бүгінгі  талапқа  сай  мектепте  білім  берудің  жаңа  саласына  жету  – 

мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына 

жан –жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті 

де жақсы меңгереді.  

Мұғалімнің 

творчестволық 

қабілеті, 

жаңашылдық 

әрекеттері, 

біліктілігі, 

физиологиялық  және  психикалық  сапасы,  педагогикалық  кәсіптік  біліммен  сәйкестенеді. 

Жаңашылдық  творчестволық  қуат  шексіз,  әрі  үздіксіз  қозғалыста  дамиды.  Бұл 

педагогикалық  бағытта  оқытушы  мен  оқушының  өзара  ықпалы,  өзара  дамуда, 



782 

 

782 



 

ынтымақтастықтан  теңгермешілікке,  дамудың  жоғарғы  деңгейіне  жетуде  мәні  зор. 

Материалистік  диалектика  табиғатында  үздіксіз  даму,  ғылыми  білім  мен  тәжірибенің 

бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді.  

Біздің  ойымызша,  педагогикалық  шеберлік  -  бұл  мұғалімнің  кіріктірілген  қасиеті, 

өйткені ол өзінін кұрамына өзара тәуелді, тыгыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, 

қабілет  пен  қасиеттерді  камтиды.  Әрине,  педагогикалық  шеберлік  күрделі  кұрылым 

болғандыктан,  онын  мәнін  ашуды,  оны  түсінуге  деген  әр  түрлі  көзқарас  тұрғылары 

қалыптасқан.  Қазіргі  заман  сұранысына  орай,  біз  педагогикалық  шеберліктің  негізі 

инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыкка деген талпыныс, үздіксіз 

ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің мандай алды 

азаматтары, оз ісінін шеберлері  К. Нургалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжунусов, еліміздін бір 

туар  тұлғалары  Р.  Нуртазина,  А.  Ысқақов,  Е.  Очкур  сынды  ұстаздар  қызметі  негізінде 

жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. 

Бірак, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз 

жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-

өзі  басқара  алуы  керек,  бойында  оптимизм,  лидерлік  қасиет,  тәуекелге  бел  буа  білу, 

қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді 

жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.  

 

  



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ- ОҚЫТУ МАҚСАТЫНА ЖЕТУДІҢ 

ТИІМДІ,НАҚТЫ ЖОЛДАРЫ 

 

Орынбаева А.О. 

Қарағанды қаласы  

№101 мектеп-лицейінің  

бастауыш сынып мұғалімі 

 

       Қазіргі  таңда  мектеп  ұлттық  мәдениетті  сақтау  және  рухани  адамгершілік  тәрбие  мен 



саналы  білім  беру  арқылы  жас  ұрпақты  оқыту,  тәрбиелеудегі  жүзеге  асыратын  орталыққа 

айналды. 

       Мемлекеттік  білім  стандарттарына  сай  білім  беру,жеке  тұлғаны  шығармашылық 

деңгейде  дамыту,  оған  қолайлы  жағдай  жасай  отырып,  жаңа  педагогикалық 

технологияларды әр баланың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдалану. 

       Технология  дегеніміз-  жүзеге  асатын  нақты  мақсаттардың  алдын  ала  ойластырылған 

жобасы.Педагогикалық  жүйе  арқылы  тәжірибеде  жүзеге  асады.  Педагогикалық  жүйе-

педагогикалық технология негізі. 

       Қазіргі  заман  талабына  сай  құрастырылып,жарық  көрген  «Алматы  кітап»  оқулықтары 

оқыту мақсатына жетуге сай құрастырылған. Оқулық мазмұны мақсатты білім алуға, яғни 

дарынды баланың шығармашылық қабілетін асыруға негізделіп құралған. 

    - оқулық мазмұнын негізге ала отырып, «саралап, деңгейлеп» оқыту технологиясын I-IV 

бастауыш сыныптарда өте тиімді. 


783 

 

783 



 

                     



 

      I-  деңгей.(саты) Міндетті деңгей.     Міндетті деңгейдегі тапсырма барлық оқушыға       

айқын түсінікті болуға шарт, ол деңгейді барлық оқушы меңгеруге тиіс. 



      II-  деңгей.(саты)  Мүмкін  деңгей  .            Мүмкін  деңгейде  кейбір  ситуациялар 

түсініксіз,бірақ оны оқушы мұғалім көмегімен шешуі тиіс. 



      III-деңгей.(саты)  Эвристикалық  деңгей.  Эвристикалық  деңгейде  мақсат 

айқын,ситуация түсініксіз болса, оны оқушы өздері шешсе, жаңа мәліметті өз еңбектерімен 

алады. 

     IV-  деңгей.(саты)  Шығармашылық  деңгей.  Шығармашылық  деңгейде  мақсат 

жалпы емес, жалпылама, оқушы мақсатты айқындап, сол арқылы шешуге кіріседі, жаңа білім 

игеріледі, тың мәлімет шешіледі. 

   Педагогикалық технологияның мұғалімге тиімділігі сыныптағы әр оқушының деңгейін 

анықтайды.  Әр  баланы  шығармашылық  деңгейге  жетелеуге  жұмыс  жүргізеді. 

Шығармашылық  сатыға  жету  жолдары  тек  мұғалім  арқылы  ғана  емес,  оқушының  өз  іс-

әрекеті арқылы жүзеге асады. 

       Бала  білімін  оқушы  деңгейінен  шығармашылық  деңгейге  көтеруде  дамыта  оқыту, 

проблемалық  оқытудың  рөлі  ерекше.  Дамыта  оқыту  технологиясы-жеке  тұлғаны 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет