Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


 Діни философия және космизм (В.С. Соловьев, Н.Н. Федоров, Э



Pdf көрінісі
бет239/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   313
9.5. Діни философия және космизм (В.С. Соловьев, Н.Н. Федоров, Э. 
Циолковский, В.И. Вернадский, А.Л. Чижевский) 
 
 Орыс  философиясының  даму  шыңы  –  ХІХ  ғасыр  мен  ХХ  ғасырдың 
басындағы діни философия. Оның бастауында орыс философы, мистик, ақын 
әрі  публицист  В.С.  Соловьев  (1853-1900  ж.)  тұрды.  Оның  ӛзіне  тән  діни 
терминологиясының  астарында:  біртұтас,  бұзылмайтын  барлық  адами  және 
ғарыштық саланы қамтитын ӛмір туралы, тұрмыс туралы философиялық ілім 
жасырын  жататын  (А.Ф.Лосев).  «Дерексіз  бастамаға  сын»,  «Батыс 
философиясының  құлдырауы»  атты  еңбектерінде  ол  антикалықтан  Гегель, 
Конт,  Милль,  Спенсерлерге  дейінгі  алдыңғы  философияны  спекулятивтік- 
теоретикалық  немесе  діни  болсын  кез  келген  дерексіз  ұстанымдарының 
дәрменсіздігі туралы жазады.  
Соловьев  осы  талдаулардың  шеңберінде  ымырасыз  Гегельдік 
философия  Платонға  дейін  жоғары  кӛтерілген  абстрактылы  рационализмді, 
панлогизмді абсурдқа жеткізетінін кӛрсетті. Соловьев батыстың рационализм 
дағдарысынан  шығуды  мистикалық  және  табиғи,  ғылыми  білімді  жинақтау 
жүйесі,  ал  «бірыңғай  бірігу»  ілімі  «теософия  ілімі»  ретінде  «жаңа 
философия» жасау арқылы жасауға болатынын кӛре білді. 
Соловьев  жаңа  философия  мен  теософияны  «Ізгілікті  ақтау.  Мінез-
құлықтық  философия»,  «тұтас  білімнің  философиялық  негіздері»,  «Құдай- 
адам  туралы  оқулар»  атты  еңбектерінде  жасап  шықты.  Бұл  еңбектерінде  ол 
соборлыққа, жалпы бірігуі мен адамның абсолюттік құндылықтарына ерекше 
кӛңіл бӛлді. 
Соловьев  соборлық  дегенді  –  адамдардың  Құдайға  және  бір-біріне 
махаббаты  негізінде  ӛз  еркімен  бірігуі.  Бұл  ӛз  беттерімен  ұйымдасқан 
адамдар  қауымы.  Олар  ӛздерінен  жоғары  сыртқы  беделді  білмейді  –  деп 
пайымдайды. Жалпы бірігудің негізгі ұстанымы – «Барлық бірлік бәрі бірдей 
бір  Құдайда».  Соловьевтің  ұғымында  Құдай  –  бұл  мейірбан,  еркі  ӛзінде, 
бәрін сүйетін абсолюттік тұлға. Ол әлемнің материалды және рухани бірлігін 
қамтамасыз етеді. Ол Құдайды «ғарыштық ақыл-ес», «бәрінен биік  тұратын 
жоғары  тұлға»,  «әлемдегі  ерекше  ең  күшті  ұйымдастырушы,  әрі  әрекет 
етуші» деп сипаттайды. 


Барлық  бірлікті  ол  үш  аспектіде  қарастырады  –  гносеологиялық  – 
білімнің  үш  түрінің  бірлігі:  эмпирикалық  (ғылыми  білім),  рационалдық 
(философия) және дінге негізделген мистикалық (діни пайымдау). 

 
Әлеуметтік  –  практикалық  –  православия,  католицизм  және 
протестантизмнің  бірігуі  негізіндегі  мемлекеттің,  қоғамның  және  әлемдік 
шіркеудің бірігуі. 

 
Аксиологиялық  –  үш  абсолюттік  құндылықтардың  –  ізгілік, 
сұлулық, ақиқаттың бірігуі. 
Соловьевтың  айтуынша,  адамның  абсолюттік  құндылығы  ӛз  еркімен 
Құдайды Құдайадамды бірігіп жаратушы болу үшін, яғни ақиқатқа бастапқы 
шындықты  басқару  үшін  ақылмен  болмыстың  мәнін  тану.  Соловьевтың 
айтуынша, адамның абсолюттік құндылығы Құдайды (Құдай-адамды) бірігіп 
жаратушы  болумен,  яғни  ақиқатқа  деген  махаббатты  бастапқы  мәні  ретінде 
қарап,  оны  басшылыққа  алу.  Осылайша,  Құдайдың  –  болмыстың  идеалды 
маңызын ақылмен таңумен шектелді. «София», «Әлемнің жаны» туралы ілім 
оның  философия  ілімдерінің  мистикалық  жағы,  оны  Құдайға,  әлемге, 
адамзатқа  тұтастықты  білдіруші  жаратушы  мен  жаратылған  жандардың 
арасындағы байланыстырушы буын деп қарастырады. 
 Оның айтуынша, Құдай адамзаттың шын және жетілдірілген түрде іске 
асырылғандығының  нәтижесі.  Христиан  догматы  бойынша  шын  Құдай  мен 
шын  адам  болып  табылатын  Исус  Христос.  Оның  бейнесі  әрбір  Құдайға 
сенуші  адам  тырысатын  идеал  болып  қана  қоймай,  бүкіл  тарихи  үрдістің 
дамуының  ең  жоғары  мақсаты  болып  табылады.  Христос  адамға  жалпы 
моральдық  құндылықтарды  ашты,  оны  ӛнегелі  түрде  жетілдіруге  жағдай 
жасады. Христостың ілімдерімен қарым-қатынаста бола отыруп, дінге сенуші 
адамзат  барлық  тарихи  кезеңдерін  қамтитын  рухтанған  жолмен  жүреді, 
«әлемдік  шіркеу»  мен  монархиялық  ӛкіметтің  бірлігі  әлемнің  салтанат 
құруына, әділеттілікке, шындық пен ізгілікті паш етуіне әкеледі. 
«Махаббаттың мазмұны» атты трактатында Соловьевтің этикасы анық 
кӛрсетілген.  Ол  оның  үш  түрін  кӛрсетеді:  алғанынаң  берері  кӛп  махаббат 
немесе  бәсеңдейтін  махаббат  (ата  –  ата-аналық,  Отанды  сүюден  тұрады); 
алғаны бергенінен кӛп махаббат немесе жоғары кӛтерілуші (бұл балалардың 
ата-анасына  деген  махаббаты,  ол  отбасынан  тыс  жерде  де  рухани 
құндылықтар туралы түсінікті туғызады); жыныстық махаббат ӛмірлік ӛзара 
келісудің жоғары шегі болып табылады, ол «жеке ӛмірдің жандануы», ӛзіңе 
басқа нәрседе кӛз жеткізе білу. 
Махаббаттың  мазмұны  (тәңірлік  және  адамзаттық),  Соловьевтің 
айтуынша, бұл жаңа адамды жасау (тікелей және метафизикалық мағынада). 
Махаббат  –  тек  қана  субьективті  түрде  қайғыру  емес,  біреудің  ӛміріне 
белсене түрде ену, бірге шығармашылықпен әрекет ету. 
«Ғарыштық» 
философияны 
Н.Ф.Федоров, 
К.Э.Циолковский, 
В.И.Вернадский,  Д.И.Чижевский  сияқты  ғалымдар  дамыта  бастады.  Бірақ 
олар  «таза»  философтар  болған  емес.  Олардың  еңбектері  –  адам  мен 
ғарыштың проблемаларын алғаш рет кӛтеріп, күн тәртібіне Адам мен Әлемді 
қойды және оның қазіргі ӛмір үшін қажеттілігін кӛрсетті. 


Олар  жаһандық  кӛлемде  кӛптеген  адамзат  проблемаларын  ұғынуға 
ұмтылып,  болашақтан  не  күтуге  болатынын,  адамзат  ӛркениеті  дамудың 
қандай  кезеңінде  екендігін  анықтауға  тырысты.  Н.Ф.Федоров  христиандық 
және  «ғарыштық»  философияда  ерекше  орын  алады.  Ол  білімнің  барлық 
санасында зор ойсана мен феноменальды еске ие болды (сол кезде ол туралы 
Мәскеуде түрлі аңыздар айтылып жатты). Ол аскетикалық кейіпте ӛмір сүрді 
және  ӛз  ӛмірін  тек  қана  қоғамға  қызмет  етуге  арнады.  «Жалпы  істің 
философиясы»  атты  еңбегінде  ол  адамзаттың  экологиялық  және  ӛнегелілік 
дағдарыстарын  адамның  табиғатын  ӛзгерте  отырып  табиғат  ғылымы  мен 
ғарыштың үрдістерді басқарып отырып жеңуге болады.  
Адамның  міндеті  –  «барлық  ортақ  істердің»  және  теориялық  пен 
практикалық  ақыл-ойдың  жинақталуын  іске  асыру  үшін  ӛнегелі  ӛмір  сүру. 
Адам  табиғаттың  соқыр  күштерін  жеңе  алады  және  оны  қажетті  құралына 
айналдыра алады. Федоров метеорологиялық үрдістерді басқару туралы және 
күн  энергиясын  пайдалануды,  оны  кӛмірдің  орнына  қолдануға  болатынын 
айтты.  Электромагниттік  энергияны  меңгеріп,  оның  қозғалысын  кеңістікте 
реттеу  үшін  кемелерді  ғарышқа  ұшыруды  және  басқа  планеталарға  қоныс 
тебуді ұсынды. Ол адамзат ғылыми танымы мен еңбегінің арқасында ӛзінен 
тыс  және  ӛз  ішіндегі  апатты  күштерді  меңгере  алып,  меңгеру  және  қайта 
ӛзгерту мақсатымен ғарышқа шыға алады. Сонымен қатар Болмыстың жаңа 
ӛлмейтін  статусын  бұрынғы  ӛмір  сүрген  ұрпақты  (толық  құрамда  ғылыми 
тұрғыдан қайта тірілту арқылы) іздеп тауып алуға болады деп есептеді. 
Федоров  ноосфера  идеяларын  болжап  білді,  экология  және  қайта 
қоныстану  мен  аштық  мәселелерін  кӛтерді  және  оларды  дүниежүзілік 
кӛлемде қалай шешу керектігін ұсынды. Федоровтың ілімі К.Э.Циолковский, 
В.И.Вернадский, А.Л.Чижевскийлердің еңбектерінде кеңінен дамытылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет