Б. Майлин балалар әдебиетіне мол үлес қосты. Жазушының «Байшұбар» (1923), «Тәй, тәй, қақ, қаз» (1923), «Әлди ана жыры» (1923), «Қағынғыр ананың ашуы» (1926), «Қос жетім»



Дата01.12.2022
өлшемі14,5 Kb.
#54272
түріПоэма

Б. Майлин балалар әдебиетіне мол үлес қосты. Жазушының «Байшұбар» (1923), «Тәй, тәй, қақ, қаз» (1923), «Әлди – ана жыры» (1923), «Қағынғыр – ананың ашуы» (1926), «Қос жетім» (1933), «Кемпірдің ертегісі» (1927), «Өтірікке бәйге» (1922) деген өлеңдері мен әңгімелері балалар әдебиетінен елеулі орын алады. Бейімбет ең алдымен балаларға 1916 жылғы ұлт бостандық қозғалысы жөнінде әңгіме айтуды өзіне міндет етіп қояды. Поэма балалардың ерлік істерге деген құлшынысын оятады, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын шыңдай түседі. Балалар үшін саяси тақырыпта жазылған шығармалардың тәрбиелік күші осында. Бейімбеттің «Тәй, тәй, қаз, қаз» (1923), «Әлди – ана жыры» (1923) деген өлеңдерінде ана қамқорлығы мен бала тәрбиесі арасындағы типтік жайттар суреттеледі. Балалардың ой - қиялын шарықтатып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі – ауыз әдебиеті үлгілері болса, Б. Майлин де сол бай үлгі дәстүрін батыл жалғастырады. Тәй, тәй, тәй!.. Қаз, қаз, қаз!.. Қарағым, апыл - тапыл басқанға мәз, Қосылып балалармен ойнауына, Жарқырап көкорайлы келді ғой жаз, - дейді және келесі шумағында оның болашағынан үлкен үміт күтеді. Ана тілегі баланы алға қарай талпынтады. Өлеңі арқылы жөргектегі балаға жылы сөздің мейлінше қажет екендігін құптайды, балаларға арналған халық өлеңіндегі ойды дәлелдей түседі.
«Байшұбар» (1923), «Өтірікке бәйге» (1922) шығармаларында адамның ақыл - парасаты, тапқырлығы, ерлік мәселелері әңгіме болады. Байшұбар» өлеңінде ат екен деп жолбарыс үстіне мінген ұры өзінің амал - айласымен жолбарыстан да, маймылдан да оп - оңай құтылып кетеді. Балалар ықыласын өзіне баурап алатын өлең сюжетіндегі осындай драмалық тартыстар жасөспірімдерді үлкен ойға қалдырады, өздерінің көзқарасын, пікірін білдіруге және белгілі бір қорытындыға келуге үйретеді. Оқиға желісі шапшаң өріс алады. Тыңдаушысын бірден еліктіріп әкетеді. Өлең мазмұны әрі күлкілі. Екі қарақшы бірінен - бірі шошынады. Құдай - ау, атсыз жаяу өтсем дағы, Өмірге қайыр сұрап кетсем дағы, Не қыла жолбарысқа кездестірдің, Мал бер деп аз - кем тілек етсем дағы, - деп зар илейді ұры. Адал еңбекпен күн көрмеудің арты неге соқтырғанын түсінеді. Жолбарыс та ұрыдан қалай құтыларын білмей арпалысады. Мал үшін керуенге бардым қайдан, Шықпастан жатсам еді терең сайдан. Түспейді туласам да, талды белім, Тілеп пе ем бұл пәлені мен құдайдан? деп жолбарыс жан ұшырады. Жазушы осы оқиғаға шешім шығаруды балалардың үлесіне қалдырады. [4]
Балалар әдебиеті - жас буынның сана - сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.
Бұл мақалада Б. Майлиннің қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесінің бүгінгі таңда балаларды тәрбиелеудегі өміршеңдігін қарастырылды. Қазақ балаларына арнап қазақ әдебиетінің негізін салушы классик жазушымыз Б. Майлин шығармалар жазды, қазақ балаларының алғашқы кезінен бүгінге дейінгі ұрпағына талмай қызмет етті. Бүгінгі қазақ балалар әдебиеті осы бір құнарлы топыраққа дән тастап, содан нәр алып өсті. Б. Майлин шығармаларының балаларға берер тәрбиелік мәні зор. Олардың шығармаларының қай - қайсысы да жеткіншектерге түсінікті, жасөспірім қауымға өмір шындығын танытады, оларға өмір сабағын, тіршілік тәлімін дарытады, оларды көркем сөз сұлулығымен сусындатады. Балалардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтумен қатар оларды жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеуде шығармаларының ерекше маңызы бар. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет