Бағдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Саяси ілімдер тарихы» пәні 1



бет1/14
Дата24.09.2022
өлшемі145,5 Kb.
#40099
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі


«6М050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012


Емтихан тақырыптарының тізімі


«Саяси ілімдер тарихы» пәні
1. Саяси ілімдер тарихы ғылым ретінде.
Саяси ілімдер тарихы – әлемді, мемлекетті, билікті, саясатты, адамның саяси мінез-құлқын қазіргі заманғы ғылыми тұрғыдан танып-білудің маңызды қайнар көзі мен жауапты бөлімі. Қоғамдық ғылымдар құрылымындағы саяси ілімдер тарихының орны.
Саяси ілімдер тарихының пәні мен әдістері.
Саяси ілімдер тарихының, теория мен тарихтың, мемлекеттің, саясаттанудың, салалық мемлекеттік-құқықтық пәндердің тарихының арақатынасы. Саяси ілім ұғымы. Саяси ілімдердің әдіснамасы. Саяси доктриналарды бағалаудың критерилері. Курстың құрылымы.
Саяси ілімдер тарихы саяси, заң және өзге де әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғылыми болжам жасау мен футурологияның, заманауи ғаламдық мәселелерді зерттеудің іргетасы.
2. Ежелгі Шығыстың құл иеленуші мемлекеттеріндегі саяси ілімдер.
Ежелгі Шығыстағы мемлекеттіліктің қалыптасуының ерекшеліктері мен өзгешеліктері. Ежелгі Египет пен Вавилонның құл иеленушілерінің саяси идеологиясы. Фараондарға табыну. «Птахотептің (Птаххетепа) ілімдері» мен «Гераклиополь патшасының өзінің ұлына айтқан ақылы». «Ипусердің (Ипувер) айтқандары». Ежелгі Вавилонның құл иеленушілерінің саяси идеяларындағы билік пен заңның құдайлық сипаты. Хаммурапи заңдары. Үндістандағы брахманизм идеологиясы. Ману заңдары. Каутильдің Артхашастрасы. Буддизм еретикалық, антибрахмандық тағым және бірінші әлемдік дін ретінде. Ежелгі Қытайдың идеологиясы. Конфуций. Даосизмнің негізгі идеялары. Мо-Цзының ілімі. Ежелгіқытайлық легизм. «Фацзя» мектебі мен оның өкілдерінің көзқарастары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет