Бағдарламасы бағдарлама қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде талқыланды. «31»



бет1/6
Дата19.03.2023
өлшемі34,43 Kb.
#75497
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
БЕКІТЕМІН
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
оқу жұмысы жөніндегі проректоры
_____________ А.А.Молдажанова
«___» «__________» 2016 ж.
«6D020500 – Филология. Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша қабылдау емтиханының


БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
«31» мамыр 2016 ж. № 9 хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ А.Б.Бейсенбай
Филология факультетінің деканы ____________ Ш.Қ.Жарқынбекаова


Астана-2016
ТҮСІНІК ХАТ
«6D020500 – Филология» (қазақ тілтануы) мамандығы бойынша философия докторларын (PhD) даярлау төмендегі талаптарға сәйкес іске асады:
- мемлекеттік стандарт негізінде;
- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының Классификаторы негізінде;
- оқу-бағдарламалық және әдістемелік құжаттар негізінде;
- докторанттардың жеке жұмыс жоспары негізінде;
- белгіленген тәртіпте бекітілетін басқа да құжаттар негізінде.
Докторантурада «6D020500 – Филология» (қазақ тілтануы) мамандығы бойынша мамандар даярлау екі бағытта жүргізіледі:
- бейіндік;
- ғылыми және педагогикалық.
Докторантураның білім беру бағдарламасын толық меңгерген және докторлық диссертация қорғаған тұлғаға «6D020500 – Филология» (қазақ тілтануы) мамандығы бойынша «философия докторы» (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.
«6D020500 – Филология» (қазақ тілтануы) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы – 3 жыл.
Докторантураға қабылданушы қазақ тілтануы, оның ішінде қазақ тіл білімінің диахронды және синхронды аспектілерінен, тіл біліміндегі жаңа бағыттар мен басымдықтардан докторлық дәрежеге ізденуші ретінде ғылыми бейімділік қалыптастыратындай жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, қазақ тілтану ғылымының іргелі қағидалары, жаңа бағыттары, басқа ғылымдармен байланысы, ғылым дамуының қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері бойынша білім-пайымын таныта алуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет