Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»



Pdf көрінісі
бет115/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   171
Ӛлекседегі  ӛзгерістер.  Дене  шетіндегі  қан  тамырлары  қанға  толып  кетеді. 
Мес,  тақия  қарындар  және  ішектердің  алдыңғы  жақ  бӛліктері,  сҧйық  кӛбінесе 
кӛбіктенген  жынға  толып  кетеді.  Кейде,  малдың  тірі  кезінде  кӛк  ет  не  мес  қарын 
жарылып кетеді. 
Белгілері.  Аурудың  басында  мал  мазасызданады:  азық  жеуін  тоқтатады, 
қҧйрығын  бҧлғақтатады,  бҥйірлеріне  қарай  береді,  бҥкірейеді,  кейде  ыңыранып 
жатады,  бірақ  тез  тҧрып  кетеді,  артқы  аяқтарымен  ішін  тепкілейді.  Дене  қызуы 
ӛзгермейді.  Тыныстануы  жиіленеді  (минутына  60-80  рет),  ҥстірттенеді,  кеудесімен 
тыныс  алады.  Мал  қиналған  жағдайда  тілін  салақтатып,  сілекей  шҧбырып  аққан 
аузы  арқылы  тыныстанады.  Мес  қарынның  кебуі  ҥдеген  сайын  кілегей 
қабықтарында  қан  кернеліп  сонан  соң  кӛгере  бастайды.  Тамыр  соғуы  жиіленеді, 
кейде жҥрегі қосымша жиырылып, ырғақтығы басқалай тҥрде де бҧзылады.  
Бҥйірлерінің кӛлемі ҧлғайады, сол жақ аш бҥйірі қатты қампайып қабыртқалар деңгейінен асып 
тҥскендігінен бҥйірлер формасының тепе-теңдігінің бҧзылғаны байқалынады. Кҥйіс қайтаруы 
мен кекірінуі тоқтайды. Кебудің бастапқы кезінде мес қарынның жиырылуы кҥшейеді сонан 
соң әлсірейді, кейінірек шала салдана бастасымен жоғалып кетеді. Пальпациялаған кезде сол 
жақ аш бҥйірінің қатты кернеліп керілгені және мес қарынның газға толғаны сезіледі. 
Қатпаршақ қарынның, ҧлтабардың және ішектердің қимыл шуылдары естілмейді. Малдың 
нәжіс бӛлуі, несеп бӛлуі кейпінде болады, жиі-жиі қабылдап, шамалы ғана сҧйық нәжіс және 
несеп шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет