Бағдарламасы бойынша өзін-өзі тану пәнінен 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары



бет1/3
Дата19.11.2022
өлшемі24,73 Kb.
#51182
түріБағдарламасы
  1   2   3



Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша өзін-өзі тану пәнінен
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары


Caбaқ тaқырыбы: Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қacиеттер: Жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық, қарапайымдылық
Cыныбы: 5 «а» cынып



Сабақтың мақсаты: оқушыларға ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекеттің мәнін ашу.
Білімділік: оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге және қарапайым болуға тәрбиелеу.

Реcурcтaр:
(құрaлдaр,слайд, мәлiметтер,
интерaктивті тaқтa, оқулық, суреттер)

Сабақтың барысы:
Өзін-өзі тану сабағының ережесі «5-Т» қайталау.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
1. Тыныштық сәтi «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол бірітіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,жан-жануарларға, өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын"
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Балалар көзін жұмып отырады, баяу музыка қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет