«Үйіміз нұрға бөленер сіздерменен» атты тәрбиелік шараның жүрісі Жүргізуші



бет1/3
Дата08.12.2022
өлшемі23,12 Kb.
#55951
  1   2   3
Байланысты:
сценарий 1 казан


1 қазан қарттар күніне орай өтетін «Үйіміз нұрға бөленер сіздерменен»


атты тәрбиелік шараның жүрісі
Жүргізуші:
Армысыз, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары! музыка

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар!


Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі інілеріне ізеттілігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық сіздерге арналған «Үйіміз нұрға бөленер сіздерменен» атты ғибратты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Музыка Дәулетниязова Дина


Жүргізуші:
Бүгін бізде қонақта осы ауылымыздың абзал дана қариясы Әбіш Кекілбаев атамыздың жерлесі Оңды ауылында туып өскен жаңай әулетінің үлкен дана атасы Қарабалаұлы Сұлтан атамызға ерекше алғыс білдіреміз! Сұлтан атамыздың «мейірімді ата» деген атағы бар, 3 ұлы, 1 қызынан 5 немере 11 жиен сүйіп отырған өте тамаша адам. Чемпионымыз Султан Рахаттың атасы!

Келесі қонағымыз Батырова Ағиба әже! Ағиба әжеміздің 3 қызы, 3 ұлынан , 6 баласынан 9 немере, 13 жиені бар, 9 шөбересі бар ардақты әжеміз Ақкетік Форт-Шевченкода туған, біздің Ермұқан Әлібек баламыздың нағашы әжесі, сізге де мың алғыс!


Тағы келесі қонағымыз- Құдайбердиева Шырын әжеміз!


Шырын әжеміздің жасы 70-те, Қызылөзен ауылында туған, көп балалы ана, 7 немересі, 9 жиені бар ақ жаулықты әжемізге де қол шапалақтаймыз, Нұргелдіміздің әжесі!
Келесі қонағымыз – Избасарова Алтын әжеміз! Алтын әже ең жас әжеміз, бес баласынан 13 немере, жиен сүйіп отырған ақ жаулықты әже! Біздің Бақыт Рамазан баламыздың әжесі.

Ерасылымыздың әжесіне де қол соғайық!....


Бүгінде, ортамызда, ұрпағымен мың жасап, немеренің қолынан су ішіп, шөбере қолынан май жалап отырған бақытты қарттарымыз да жоқ емес. Солардың бірі еліміздің барлық облысы қатысатын «Дәстүрге жол- 2022» ұлттық жобасында салты мен сарыны сақталған Маңғыстауымыздың Ақшұқыр деген ауылы бар екенін дәріптеген, сол ауылда қазаны оттан түспеген, 9 келіннің татулық пен берекесін арттырып, солардан өнегелі ұрпақ өсіріп отырған 40 немере, 38 шөбере немелтайы бар Жауыновтар отбасының тірегі Қымбат әжеміз. Ендеше, төрден орын алған құрметті қонағымыз Бағбайқызы Қымбат әжемізге мың алғысымызды білдіреміз! Қымбат әжеміз бүгін 9 келінінің ішіндегі Бибінұр келінімен келді, қош келдіңіз!


Райгүл апай шашу шашады.

Шарамыздың шымылдығын ашар алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Амангул Сабырханқызына береміз.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет