Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет108/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   130
Хамза АБДУЛЛИН
ПАРИЖДЕГІ ӘН
(Әміре ашаубаев дауысын естігенде)
Париж.
Қаптап келді ел
Ғимаратқа,
Бір сәт түсіп
Тартардай сый Маратқа.
Зал даңғаза:
Даурығып, лепірген жұрт,
Жюри отыр:
Сапта тұр тулар артта.
Болды мұнда 
Паң
Маңғаз ғұлама да,
Болды жүйрік
Саңлақтар құрама да:
Ақын, 
Ғалым,
Жазушы,
Күйші,
Биші –
Бәрі келді
Тыңдауға ән бұл араға.
Келді
Кербез әншілер –
Майталмандар,
Ел тарихын
Жырменен айта алғандар.
Келді
Аспанда қалқыған аққу әнін
Әнмен шалып,
Беттерін қайтарғандар.
Болды
Әндерге
Әндер кеп жалғасқандай,
Күңіренді көк күмбез
Таңғы аспандай.
Румдықтар
Ырғалып шырқағанда,
Адам жаны
Болды бір Айға асқандай.
Шықты әне бір
Венаның әншісі асқан,
Әншісі емес,
Бейне бір жаршысы аспан,
Көктің түріп түндігін,
Бұлтын сөккен 
Жасынға да ол
Тайсалмай,
Қарсы басқан.
Өстіп
Көлбеп жатты әндер
Алға асыға,
Бір әуенге
Мың әуен
Жалғасыла,
Шығып сонда ортаға.
Луначарский,
Келді таяу
Мінбенің дәл қасына.
Деді ол:
«Қазір СССР айтады ән:
Бұл – Ресей,
Жаңарып,
Қайта туған.
Әнші аты – 
Әміре Қашаубаев,
Өзі еліндей,
Жаны кең, байтақ ұлан!»


404
Сәуле шоғын өретін
Алып нұрдан,
Табынбаған,
Әнді өзі табындырған.
Алаулаған аузынан
Нұр төгіліп,
Тұрды қазақ
Жаралған жалын жырдан.
Бір ғажап үн
Аспанға көтерілді.
Қалықтады.
Тыңдады ән шалықтады.
Содан самғап жөнелді ол
Қияға өрлей,
Тыйды жұрт
Сыбыр-күбір, жөтелуді.
Парижың не?!
Мұны енді тыңдады әлем,
Төріне кеп
Жас қазақ берді сәлем.
Кенет халық
Залдағы дүр сілкінді
Аққан жұлдыз
Өткендей жанап жерді.
Болды дүние 
Күркіреп, күңіренгендей,
Нұр жүзі
Көрерменнің түрленгендей.
Сарай ішін
Бір сәнді сарын басты,
Миллион бұлбұл
Қалың ну гүлге енгендей.
Болды ғажап:
Ән кіріп шашқан арай –
Бір дауылға кез келді
Ну қарағай.
Бұлтты Алатау
Асқары төңкеріліп,
Сең боп құлап
Жатқандай Шуға қарай.
Сақтар есте адамзат
Бұл күзді анық.
Әншіні отыр,
Тұнып қап,
Ұл-қыз бағып.
Көктұйғынды бір қағып
Омыраумен,
Жөнелді әне Құлагер
Жұлдызша ағып.
Әнші асқақ,
Өнерін пір тұтуда.
Келер әлі не паңды
Қорқытуға.
Нар ұрпағын
Елжіреп, тұрды жебеп,
Өр қазақтың
Фараби, Қорқыты да.
Бар адамзат
Әміренің тұр жанында,
Құйылғандай
Көктен кеп нұр жанына.
Қостағандай болды кеп
Әншіні ерек
Көкшетаудың сері Ақан, 
Біржаны да.
Нелер мұңдар
Батқан жыр шалшығына
Кездесті енді
Әуеннің бал шырынына,
Не жүйріктер
Өздерін өзі ұмытты,
Тірелді де
Сұрапыл ән шыңына.


405
Енді әлеумет
Сыбырлап, күбірлесті:
«Көктен түскен
Бұлбұл ма бұ бір?» - десті, -
«Ресей – кең.
Тұрады онда түрлі халық.
Бұл бір ұлт
Туған сонау Сібірде ескі!»
Әнге ұйыды тағы да ел
Елжіреген,
Қозғалды Ертіс:
Сыңғырлы сең жүреген.
Күміс үнді мұздарды
Мұздар қуып,
Шертті елінің шежіресін
Сел жырымен.
Мен – қазақпын
Жаралған нұр қызынан.
- Мен қазақпын:
Алтайдың ақиығы.
Қанат қағып,
Көкке ұшқан
Жыр құзынан.
Мен әншімін – 
Әнді елдің жыршы үнімін.
Кеше ғана
Гүл ашқан бүршігімін.
Келдім бүгін
Еліңе емін-еркін,
Тосып жүр ем
Осы бір нұр шығуын.
Берді бабам 
Біздерге Қазақ атын,
Аты жоқтың,
Рас, күні азалы тым.
Өз атынан айырылып
Үш жүз жылдай,
Талай бастан өткізді ел
Мазасыз түн.
Енді елім
Босанды тұншығудан,
Оның бәрін ұғарсың
Жыр сырынан.
Алдыңда тұр
Қазақтың бұлбұл құсы,
Ішіп өскен әрдайым
Гүл шырынын.
Мен де сіздей
Дәуірдің құрдасымын,
Өкілімін
Өртті екпін бұл ғасырдың.
Алатау мен Алтайдың
Әнге айналды.
Қолдардың гуілі де,
Көбік шашқан
Алакөл шулы үні де.
Үрке қашқан
Ақбөкен,
Ақмаралдың,
Шерге шомып,
Сыр шертті үні гүлге.
Ұлы әншінің
Бір әннен қоздады әні.
Жібек сазы
Ұзарып созған әрі.
Кей әнінен естілсе
Дала мұңы,
Кей ән шертті
Ботаның боздағанын...
Шырқалды ән,
Көкке өрлеп,
Асқақтады.
Тыңдады жұрт,
Үн қатып, қас қақпады.
Ұқты әлеумет бұл әннен
Қазақ жанын:
Бейімделді ел сырын
Ашпаққа әні.


406
Деді ән:
«Тыңда, ел!
Асқарынан
Талай, талай үні асқақ
Жырды асырдым».
Шырқалып ән осылай
Қалықтады.
Қалықтады,
Лепірді халық тағы.
Кенет келген
Жез таңдай жер жыршысын
Тұрғандай-ақ
Түгелдей танып бәрі.
Соғылды қол.
Күмбез де күмбірледі
«Тек әлемдік әнші екен
Бұл бір!» - деді.
Қайта-қайта
Шақырды ел Әмірені,
Тұрды иіліп әннің
Бұл тәңірі енді.
Тұрды Әміре
Гүл құшып,
Таң жамылып,
Тұрды үстінен
Бір аппақ
Шам жағылып.
Кенет қыздар,
Селк етіп, бір адамға,
Оттай шалқып,
Берді жол, қақ жарылып.
Бақса ол,
Тура өзі екен
Ролланның.
Ролланның алдында
Тұра алған кім!
Жапырылып сол жерде
Қалды ел мүлде
Өнер-білім көгінен
Нұр алғанның.
Әміреге Роллан
Таяу келді.
Таяу келіп сүйді ол
Аяулы ерді.
Қазақ елін білетін
Сұңғыла шал
Ілтипатын әншіден
Аяр ма енді?!
Қалың қауым
Қасқиып тұрып қалды.
Тұр дана адам
Сөзімен сырып маңды,
Деді ол:
«Әміре – бұлбұлы
Сарыарқаның,
Асқақ ән-жыр
Ол жерде – ғұрып мәңгі –»
Болды Арқаға
Даңқы келіп
Жалғасқандай.
Тұрды Әміре
От шашып алдаспандай.
Қыз-бозбала әншіні
Гүлге орады,
Күлді күмбез,
Нұр шашып.
Таңғы аспандай.
(«Жезазан туы» газетінен.
4 желтосан, 1974 ж.)


407
Әнуарбек МӘКЕНОВ,
аын, журналист
ӘМІРЕ МЕН АТАМА
(поэма)
1915 жылы Париж сахнасында ән салып, дауылпаз үнімен 
әлем халқын таңдандырған қазақтың әйгілі әншісі Әміре 
Қашаубаев өмірінің бір сәтінен үзік сыр.
... Жас кезі Әміренің арман қуған,
Көңілін әр нәрсеге алдандырған.
Қайда той, қайда думан, қызық болса,
Әнімен жұрттың бәрін таңдандырған.
Өнердің құдіретін кім білмеген,
Домбыра бабындағы күмбірлеген.
Ешкімге ұқсамайтын талантымен,
Аққуға да үн қосқан сырлы үнменен.
Ән салғанда құбылтып мың түріменен,
Жез таңдай күміс көмей бүлкілдеген.
Тамсанып ел таңданып, таңдай қағып,
«Ән салсаң осылай сал, шіркін», - деген.
Кейде бір тау суындай сыңғырлаған,
Тамағында бұлбұл құс жыр жырлаған.
Құйқылжыта еркін бір көсілгенде,
Тыңдаушы шығатұғын шын құмардан.
Тыныстап алып тағы еркіндейтін,
Қысылып, терлеп-тепшіп, желпінбейтін.
Әміренің дауысына бұлт айналып,
Ақбоз үйдің түңлігі желпілдейтін.
Секілді тасқын селдің тасығаны – 
Кететін алты қырдан асып әрі.
Әншінің әсем әнін естігендер,
Жеткенше солай қарай асығатын.
Кеткенде әсем әнде қанат қағып,
Әміре тұратұғын қанаттанып.


408
Топ алдында осылай ән салмаса,
Отырмайтын еш жерде тағат тауып.
... Ауылында той бүгін Орманбектің,
Жиналғаны ғаламат оған көптің.
Шырқап-шырқап Әміре алды дағы,
Алтыбақан бар еді, соған кетті.
Екі-үш күнде Ақтамақ ұзатылмақ,
Оған дейін думан, той қыза тұрмақ.
Қатыны өлген Қожабек сұлу қызды,
Құшамын деп желігіп жүр ақымақ.
Кәрі қақсалдың сол бір күні сағынғаны,
(Ол да жөн төленген соң қалың малы).
«Ақтамақ оған қайтіп жар болады?»
Соны ойлап Әміре ойы қалыңдады.
«Құрыса кісі көрер түрі де жоқ,
Сұмырай адамдықтан діні бөлек.
Азбан бұқа секілді қара бұжыр,
Сөз сөйлесе дауысы гүжілдемек.
Сонысына қарамай паңданады,
Кісімсініп әр нені қарманады.
Осындай пасықтығын көре тұрып,
Ақтамақ оған қалай жар болады?
Қазағым-ау, осы ғой жамандығың,
Қыр соңынан қалмады-ау надандығың.
Қызын сатар қызығып қалың малға,
Артық па екен сенің де малдан күнің?
Он екіде бір гүлі ашылмаған,
Қор болады-ау Ақтамақ асыл-задам.
Қол жетпейтін сен Айсың аспандағы,
Қымбат еді қайтейін басың маған.
Арман болған сымбатты Аққуым-ау,
Қайдан таптың сұмпайы жатты мынау?
Кетер ме екен шынымен жұлып сені,
Құлпырған көңіл көркі ақ гүлім-ау.


409
Малым жоқ сүйрейтұғын өрге мені,
Кедейшілік түсірді-ау көрге мені.
Бір арманға жеткізер тілегімді,
Тәңірім әуел бастан бермеп еді».
Әміре осылай деп шарқ ұрады,
Шау тартқандай денесі нар тұлғалы.
Алтыбақан басы да қызық-думан,
Қыз-жігіт кезек-кезек тартылады.
Ән асқақтап, күлкілер төгіледі,
Жайраңдаған жастар да көңілді еді.
Дәл ортада Ақтамақ он төртінде,
Туған айдай толықсып көрінеді.
Керіледі қиғаш қас, жазық маңдай,
Болмысын көзге анық танытқандай.
Иығынан төгіліп қолаң шашы – 
Нұр жүзі алаулайды жарық таңдай.
Төбесінде үкісі шоқтай болып –
Гүл-еріні қып-қызыл оттай болып.
Іңкәр жанға көрінді одан асқан,
Бұл дүниеде перизат жоқтай болып.
Ай нұрымен жарқырап жанары да,
Мөлдірейді тұп-тұнық жан, ары да.
Ұп-ұзын кірпіктері Әміреге,
Кім білсін қадап тұрған садағы ма?
Қос етек көйлек киген, камшат бөрік,
Тал бойында міні жоқ жаңсақ дерлік.
Әміре дел-сал болды оны көріп,
Бір дертке шалдыққандай ән сап келіп.
Әншіні көрген жастар қолпаштады,
- Сіздің кезек келді, - деп жол тастады.
- Әткеншекке отырып әніңді айт, - деп
Қыз-келіншек алдынан ойқастады.
Ақтамақ та өтініп, қолқалады,
Сезіп тұр, оның дағы оң қабағы.


410
- Сізбен бірге түсейік, – деді Әміре,
Ендеше орындалсын ел талабы.
- Шаң жұқпас шапқаныңда шашаңызға,
Жігіттен сіздей дүл-дүл қашамыз ба,
Көңіліңізге рахмет, - деді Ақтамақ, –
Көлеңкеде, қалмаппыз тасаңызда.
Білмеді Әміре енді не дерін де,
Сенбесін де бұл сөзге, сенерін де.
Үңіле қарап еді қыз көзінің,
Тұңғиық бір сыр тұрды кемерінде.
Ақтамақ сықылықтай еркін күліп,
Жігіт жанын жіберді желпіндіріп.
Сезімтал қыз өзіне іңкәр жанның,
Тұрғандай күйзелісін, дертін біліп.
Тіл қатып енді Әміре бас тартпады,
Жөнелді әсем әнді бастап тағы.
Зор дауыс қара түнді қақ айырып,
Зар аралас мұңды әуен асқақтады.
«Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да.
Шыдайды риза болып жар ісіне,
Қорлық пен мазағына таңылса да»...
Жүректен Абай жыры ағытылды,
Осы ән өзін сынар бағы сынды.
Дейтіндей жанымды ұқ іңкәр болған,
Қор қылып таптап кетпе намысымды.
Дауысы барған сайын әуеледі,
Ай сұқтана қарайды төбедегі.
Әміренің өртенгендей өзегі енді,
Ғашықтық жырын айтып төпеледі.


411
«Деген де бесқарагер, бесқарагер,
Бес жүзік, бес білезік, бес тана бер.
Берсең бер бермесең қой, соларыңды,
Жан сәулем алыс кетсең еске ала жүр»...
Деді де тағы біраз тыныстады,
Азап күйге түскендей тыныш жаны.
Енді қайтіп шыдайды зарын төкпей,
Барады ұшып бір құсы уыстағы.
Содан соң басты дейсің «Сырымбетке»
Қыран дауыс сілкінді дүрілдеп те.
Ақтамаққа тек қана арналғандай,
Іштегі бүгінгі наз, бүгінгі өкпе.
«Ауылым қонған Сырымбет даласына,
Ғашық болдым ақсұңқар баласына.
Бидайыққа лайық сәулем едің,
Бөктергіге жем болып барасың ба?»...
Осы әндермен жеткізіп күйзелісін,
Әміре басып алмақ күйген ішін.
Ғашықтық ән от салып жүрегіне,
Ақтамақ та бір сырды түйгені шын.
Ақтамақ бүгін көзден, қайтпайды елден,
Өз тағдырын осындай сақтайды ермен.
«Қыздың жолы жіңішке» деген салтпен,
Әміреге ғашықтығын айтпай келген.
Жастар мәз әр қызықты тамашалап,
«Ақсүйекті» кетті олар көре сала-ақ.
Осы сәтті күткендей Ақтамақ та,
Шыға берді сытылып, оңашарақ.
Әміре де келді оған тура жүріп, 
Ғашық оты жүрегін тұр жандырып.
Бүкпесіз ол өз ойын ашық айтты,
Көрсетпестен жасанды сырдан, қылық.
- «Мен айтсам мұңымды айтам, зарымды айтам,
Кедейге өмір жолы болар қайқаң.


412
Жарасқан жанымызды шырылдатып,
Түсті ғой арамызға малды сайтан.
Сенімен арайлы еді атқан таң да,
Ойлап па ем сатылар деп сені малға.
Жан сәулем, «жаным» деген жалғыз сөзің,
Болар ма ем, қайғы батқан ғазиз жанға».
Деді Әміре ағынан ақтарылып,
Қыз да тұр оның сырын жатқа біліп.
Ақтамақ та шығарды мұң мен зарын,
Іштегі қайғы-шерін жатқан тұнып.
- Мен сенің сырыңды ұғам, жаныңды ұғам,
Несіне жалындырам, табындырам.
Көп арманым барады іште кетіп,
Өзің үшін деуші едім жаным құрбан.
О, менің асылым-ау, жарқыным-ау,
Қазақтың неткен топас халқы мынау.
Көңілім сүймегенге малға сатып,
Қол-аяққа салып тұр салты бұғау.
Түскендейін бір алтын балық ауға,
Менің дағы жүрегім қан жылауда.
Жеткізе алмай зарымды бір өзіңе,
Күндіз-түні басамын «тағдыр-ауға».
Қолынан не келеді қыз баланың,
Намысқа өртенем де, құр жанамын.
Қатыны өлген Қожабек теңім бе екен?
Қалай қиям Арқаның Мұзбалағын.
Құрысын күжірейген Қожабегің,
Көңілім селт етпейді оған менің.
Оған барсам тіршілік керек емес,
Бәрібір қызыл гүлдей солар едім.
Айыптама ашты деп жаңа сырын,
Арман не, болса сендей жан асылым?
Бір жола бердім сертті, еркімді де,
Өзің бол құтқарушым, жанашырым!..


413
Осылай деп Ақтамақ егіледі,
Көзінен мөлдір моншақ төгіледі.
Мұндай сөзді күтпеген Әміре де,
Дегбірі қашып мүлде елжіреді.
- Жаным-ау, шының ба, әлде, қалжыңың ба?
Не дейін табыстырған тағдырыма?
Тәуекел, не де болса алып қашам,
Көнемін содан кейін барлығына.
Сенімен бірге өлсем арманым жоқ,
Өзіңе ғұмырымды арнадым тек.
Тірі болсақ өтерміз бұл өмірден,
Бірімізді-біріміз «жан жарым» деп.
Торуылдап жүргенде есігіңді,
Жаным-ау, күтіп ем ғой осы күнді.
Аялдасақ өкініш – кеш болады,
Өзің айт, енді байлам-кесіміңді.
- Қожабек те ұрын кеп, қайындатып,
Бүрсігүні әкетпек дайын жатып –
Уәде сол – кетейік ертең кешке,
Екі жорға қоямын дайындатып. –
Дегенде қыздың ыстық, шырын лебі,
Жігітке оттай тиіп, дірілдеді.
Қос ғашыққа қол соғып, ақ жол тілеп,
Аспанда Ай куә боп күлімдеді...
***
Тағы да бір таң атып, бір күн батты,
Ғашық жүрек тынымсыз дүрсіл қақты.
Ауылдың сыртындағы шоқ қайың да,
Әміреге шын махаббат тың тыңдатты.
Қаңтарулы қос боз ат қайыңдағы,
Айталмастан тіл қатып жәйін дағы –
Әлсін-әлсін пысқырып, тыпыршиды,
Қоржын-қолаң үстінде дайын бәрі.


414
Болып қалды түннің де бір уағы,
Көлеңкелі қойнау да тұнжырады.
Дөң басынан басбағып Әміре де,
Тасалап бой көрсетпей бұғынады.
Қарауытқан ауылдан алыстағы,
Жастардың саңқылдайды дауыстары.
Қосылып домбыраға сырнай үні,
Қыза түскен түрлі ойын жарыстары.
Біресе ән шарықтайды, төмендейді,
Әміре әлденеге елеңдейді.
«Кешікпей келіп қалар Ақтамақ та,
Мен оған мәңгілікке сенем», – дейді.
- Жоқ, - дейді тағы бір ой жағаласып,
Күдікке күдік тағы араласып.
«Біреулер сырымызды біліп қойып,
Алдық па аяқ асты жаза басып.
Япыр-ау, жете алмастан арманыма,
Басам ба гөй-гөй күйге, зарларыма.
Шыныменен шығармай Ақтамақты,
Бұғаулап, ұстап алып қалғаны ма?
Біреулер күдіктеніп қалды ма екен?
Қожабек сұм бір хабар алды ма екен.
Қол ұстасып өзімен бірге келмей,
Ертерек неге кетіп қалдым екен?
Әйтпесе неге осынша кешігеді,
Түсініксіз болып тұр осы жері?...
Деп Әміре екі ұдай күйге түсіп,
Басынан талай жәйді кешіп еді.
Тағатсыз тосқаннан соң қыр басында,
Не келіп, не кетпеді бір басына.
Жүрегі аттай тулап, алып ұшты,
Түскенде көзі екі адам сұлбасына.
Бірі – қыз, бірі – оның жеңгесі еді,
Қыз болмаса ол мұнда келмес еді.


415
Ақтамақты көретін өз жанындай,
Жеңгесі мұңдас, сырлас, теңдес еді.
Қожабек келген күннен қайындатып,
Жүрегіне жүретін уайым батып.
Кеше түнде қыз сырын айтқаннан соң,
Сол еді қойған атты дайындатып.
«Қош енді, қош аман бол, «Ақылдасым»,
Қор бола ма деп едім алтын басың.
Өз теңіңді тауыпсың, арманың жоқ,
Тәңірім алдарыңнан жарылқасын.
Баянды болып мәңгі махаббатың,
Естілмесін ешқашан жаман атың.
Ақ гүліңді аялап, ардақтай біл,
Әміре тапсыратын аманатым.
Ал, бөгелмей мініңдер аттарыңа,
Андыздаған дұшпан бар арттарыңда.
Беретін менің батам осы, – деді ол, –
Түспеңдер жаудың құрған қақпанына».
Жүректі мұң, тілек, сыр айтылып,
Бір-біріне есендік сұрай тұрып.
Қоштаса олар осылай атқа мінді,
Үн шығармай егіле жылай тұрып.
Қамшы басып атқа олар ә дегеннен,
Біртіндеп ұзай берді «Дегелеңнен».
Алыстағы армандай алға тартып,
Құс жолы көлбеп жатыр көлденеңнен.
«Төземіз басқа түссе қандай күн» деп,
Күн шығысқа бет алды маңдай тіреп.
Сары дала құшағын кең ашады,
Екеуіне сәттілік талмай тілеп.
Қос тұлпар алға ұмтылып, арындайды,
Аршын төсі көсіле адымдайды.
Құлақтарын қамшылай, пысқырынып,
Шабысынан бір сәтке жаңылмайды.


416
Тасқа тиген тұяқтан от шашырап,
Баратұғын болса да жол қашық-ақ.
Жал-құйрығы суылдап, жел соқтырып,
Талай қырдан лезде кетті асып-ақ.
Шабысына олардың қалыптасқан,
Көңілдері өрекпіп алып қашқан.
Екі ғашық үн-түнсіз келе жатыр,
Тізгін тежеп, ат басын тартпастан.
Қол артып келеді олар мол арманға,
Қиыстап қалды «Шұнай», «Доғалаң» да.
Еш сезбеді сол сәтте ол екеуі,
Тағдырлары түсерін зобалаңға.
Орданың бауырында бар «Ұзынбұлақ»,
Естігені болмаса ұзын құлақ.
Сәске түсте ат басын тіреді олар,
Көрмеген сол бір жерге бұрын бірақ.
Әл жинап, ішіп алып дұрыс тамақ,
Аялдап, біразырақ тыныстамақ.
Атсоқты болған әбден түні бойы,
Тұр еді денелері құрыстап-ақ.
Ап-ауыр бір зіл басып тұр денені,
Ақтамақ сонда дағы сыр бермеді.
Шәугімді отын жинап, отқа қойды,
Ала шыққан болар деп бір керегі.
Отырды ғашық жандар көңіл қосып,
Сырласып, қалжың айтып, әзілдесіп.
Мәңгілік махаббаттың тұғырындай,
Тербетті ол екеуін өмір-бесік.
Ордада ол екеуі дамылдады,
Ортаға салып барын, жанын дағы.
Мекені ер Кебек пен Еңлік қыздың,
Жатсынбай оларды да қабылдады.
Бұлақтың құрақ өскен жан-жағына,
Бір нәзік сыр шерткендей талдары да.


417
Әміре Ақтамақты аймалады,
Мәңгілік жеткендей боп арманына.
Айрылып бойда қуат, күш еріктен,
Ынтықтық тұла бойын шын еріткен.
Қос ғашық уәде етті, серт берісіп,
«Өлсек егер бір көрге түселік» деп.
***
... Осылай өтті олардың іңкәр күні,
Біле ме бұдан соңғы жұрт арғыны.
Дей алмаймын жетті олар мұратына,
Төніп тұрған басынан бұлт арылды.
Кездеспейді жолшыбай халық та енді,
Іштей тынды екеуі алып демді.
Жол торыған қарақшы, ұры да көп.
Қайткенмен күндіз жүру қауіпті еді.
Сондықтан жолға шықты түнге қарай,
Семейге жетіп алмақ бір дем алмай.
Келеді төтесімен тура жүріп,
Шиырлы, сүрлеу жолды ізге салмай.
Екеуі де бел буып тәуекелге,
Шыққан бетте кең жазық, кең өлкеге.
Қос атты алдарынан қарсы шапты,
Келместен бәтуаға, берекеге.
Келе сап шықты олар шабуылға,
Ешқандай мүмкіндік жоқ тануыңа.
Бет-аузын орамалмен таңып алған,
Сілтеп жүр оңды-солды қаруын да.
Аттары да ойнақтап қорым таста,
Белгі берді деп олар «соғып таста».
Сол-ақ екен Әміре мұрттай ұшты,
Үлгермей жамандық ой келіп басқа.
Қос қарақшы бір сұмдық бастады да,
Әмірені байлап-матап тастады да.
Зар жылаған қызды да аямастан,
Ертіп алып жөнелді қастарына.


418
Бірі айдап, бірі атын жетелейді,
Босатсақ мүмкін қашып кетер дейді.
Жалынып, бұлқынғанмен Ақтамаққа:
«Сұлу қыз, бұл қылығың бекер», – дейді. 
«Бар шығар не қарындас, балаларың,
Бар шығар ақ сүт берген аналарың, 
Сүйгеніммен не өлтір бірге мені,
Не босат, қайырымды ағаларым?!
Біреудің мен де ерке жалғызы едім,
Бұлаққа біткен жұпар жалбыз едім.
Жетем деп арманыма, мұратыма,
Бір жалғызбен бас қосып қаңғып едім.
Ағалар, түсінсеңші жар талабын,
Түспей ме, мейірімің, мархабатың.
Әміреден бөлсеңдер мені де өлтір,
Мәңгі еді оныменен махаббатым.
Онымен бірге болсын ғашық денем,
Ағалар, бар сырымды ашып келем.
Жаным сүйген ардақты азаматпен,
Тағдырымды бір қосып қашып келем.
Ағымнан жарылайын ақтарыла,
Сіздердікі болсыншы ат та мына,
Бостандық беріңіздер басымызға,
Түс десеңдер түсейік оттарыңа.
Қаласаңдар жүрейік күңің болып,
Бұл жерге аялдап ек бүгін келіп.
Әмірені қор қылып тастамаңдар,
Қалады-ау бір жартастың түбінде өліп.
Ол болса бар азапқа шыдар едім,
Айтқан серт, уәде де тұрар едім.
Екеуімізді бірақ та екі бөлсең,
Ештеңеге төзбеймін, бір-ақ өлім!
Қол-аяғы байлаулы ол семеді ғой,
Ит пен құсқа жем болып өледі ғой.


419
Мені емес, аяңдаршы Әмірені,
Ел-жұртына қадірлі ер еді ғой».
Ақтамақ осылай деп еңіреді,
Көзінен қанды жасы төгіледі.
Қос қарақшы мейірімсіз міз бақпаған,
Оқтау жұтып алғандай көрінеді.
Қарысып қалғандай боп жағы мына,
Басады қамшы атының сауырына.
Екеуі үнсіз-түнсіз алып келді,
Олжалап Ақтамақты ауылына.
Қос үй тұр Ай астында ағараңдап,
Иттер де үре шықты бажалаңдап.
Тұтқын қызды сүйрелеп алып кірді,
Бір ерлік көрсеткендей олар ғажап.
Ақтамақ сол бір сәтте талықсыды,
Ештеңе аңғара алмай анық, шыны.
Бір қарт ана бас салды келіп оны,
Танығандай балықшы балықшыны.
Соны көріп Ақтамақ зарлап берді,
Жанарынан ыстық жас парлап берді.
- Сауға бер, басымызға кәріп едік,
Ананың жолы әрдайым ардақты еді.
Ұғынғандай жас қыздың шыбын жанын,
Аруана да тәрк етті бүгін бәрін.
- Ана ғой бұл ертеңгі босатыңдар,
Анаңды сыйлай білсең, құлындарым!
Тағдырларың тіреліп тығырыққа,
Барсаңдар да күніне мың ұрлыққа.
Адамды барымталау қаскүнемдік,
Азаматтық емес, ол мұны ұмытпа.
Босат қызды, не ерін келтіріңдер,
Аман болса сендерді төркінім дер.
Бұл тілімді алмасаң анам деме,
Мені де қолдарыңмен өлтіріңдер.


420
Тимеңдер өзіне де, аттарына,
Жетсін мұрат, ойлаған бақтарына.
Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Қалдырсын, бұлар да ұрпақ арттарына.
Талай-талай қатысқан бүліктерге,
Ана сөзі ой салып, «жігіттерге».
Райдан қайтқандай боп амалсыздан,
Екеуі сала берді жібіп демде.
Танып қалса масқара болар еді,
Байыз тауып тұра алмай олар енді.
Ақтамақты қосты да Әміреге,
Қап кигізіп басына қоя берді.
Келмеді тілдесуге, сөйлесуге,
Әміре сенді енді өлмесіне.
Олардың кім болғанда шатағы не,
Жөн сұрап жалбақтайды ол несіне?
Қаптарын шешті екеуі былай шығып,
«Әлгілер жасады деп құдайшылық».
Семейге сол бетінде келіп жетті,
Кездескен қиындыққа шыдай жүріп...
Түн болса жолдың бойын торитұғын,
Олжа алса үйіне кеп қонатұғын.
Қос содыр Қоңыр, Садыр елге әйгілі,
Ағайынды екі ұры болатұғын...
***
Жайын да білген дұрыс Қожабектің,
Сұрауы да бар шығар оған көптің.
Айырылып Ақтамақтан қалғаннан соң,
Белбеуге түйген арын ол да беттің.
Сол бойда келді жетіп атасына,
«Кәрі төбет, түк сезбей жатасың ба?
Кетіпті қызың қашып ойнасымен,
Елінің алмай алғыс, батасын да.
Масқаралап кетті ғой жүзі қара,
Қайғылы біз естідік сырды жаңа.


421
Салдақыңнан әлде өзім, малым кем бе?
Артында қалыпты арсыз ізі ғана.
Кенде емеспін ағайын, бауырлардан,
Артық та емес, мал-байлық, жаным ардан.
Төрелігін айтпасаң қашқын қыздың,
Қол жинап ауылыңды шауып алам».
Осылай деп Қожабек дірілдеді,
Сұмырайдың жарады үні жерді.
Орманбет те жинап ап барлық елді,
Алдарында олардың иілді енді.
«Білесіңдер би едім тоқсандағы,
Сақал-шашы қуарған ақ шалмалы.
Уа, жұртым, не дейсіңдер кенже қыздың,
Жанымды күйдіріп тұр дақ салғаны.
Басымды көрге тірі тығып кетті,
Жақсы атадан сұм туып, іріп кетті.
Көлденең көк аттыға еріп иттей,
Ежелгі ата салтты бұзып кетті.
Назым да, базынам бұл саған, елім
Ортаңда белгілі ғой бағам менің.
Қу кедей құлым болған теңім бе еді,
Жан ғой ол асыл туған Қожабегім.
Қыз жау ғой парықтамас ақ-қараны,
Атаңның деме өзін ақтағаны.
Қожабек төрелігім, батам да осы,
Құрысын қос бейбақтың бақ, таланы.
Болсаңдар егер мені бүгін тыңдар,
Аталас руың бар, жігітің бар.
Алмаймын қолдарыңнан үкімім сол,
Екеуінің көзін де құртыңдар».
Мұны естіп желөкпелер арындады,
Қожабек те төс ұрып жалындады.
Қырық жігіт қуып берді қашқан қызды,
Дүр сілкінтіп жолдағы ауылдарды.


422
Салумен нелер ойран, нелер дуды,
Қарқаралы, шолды олар Керекуді.
Сонымен Семейге де келіп жетті,
Осынан күтпек болып келер күнді.
Бастарын бай-манаптың құрастырды,
Қыр қазағы келді ме, сұрастырды.
- Жатақта жатыр, - деді біреу тұрып,
Мен айтсам көзбен көрген рас, шынды.
Білем ғой, салт пен дәстүр, ата жәйін,
Қарыз ғып несіне оны арқалайын.
Кел соңымнан еріңдер дәл сол жерге,
Төбесінен түсіріп апарайын.
...Соны естіп қуғыншылар жетіп келді,
Зұлымдыққа тәуекел етіп келді.
Әмірені жығып сап тепкіледі,
Сарт-сұрт тиіп саптама етіктері.
Қайың шоқпар үйірілді белдеріне,
Әміренің осы әу баста көргені де.
Талықсып одан кейін сұлық түсті,
Белгісіз тірісі де, өлгені де.
Бір басынан өткізіп тосын күйді,
Не заматта әйтеуір есін жиды.
Тұла бойы тұлып боп көтертпейді,
Ақтамақ та бір шетте ыңырсиды.
Бұлардан өте қоймас хайуан-мал,
Пышақтап тастапты оны айуандар.
Тәлтіректей ұмтылды ол қызға қарай,
Қайрат-күшін жинап ап бойында бар.
Үш ұмтылып, Әміре үш аттады,
Құлай кеп Ақтамақты құшақтады.
Қан ішер жауыздардың қан-жоса ғып,
Өңменінен қадалған пышақтары.
Соны көріп Әміре зар жылады,
Кеудесінен шықпаған балғын жаны.


423
Ақтамақ үзіп-үзіп тілге келіп,
Нұрлана жүзі қайта балбырады.
– Мен жеттім... Арманыма...біле...білсең.
Мәңгілік өлмейтұғын...жүрегім Сен...
Риза... аруағым...менімен...бірге өлмей...
Өнер... үшін... шын ғұмыр... сүре білсең...
Ғаламды... шарлар... әлі... ғаламат үн...
Халқың да... таныр сонда... Азаматын.
Өзіңді өзің... сақтай біл... мен үшін де...
Осы болсын ең соңғы... аманатым...
Одан әрі соға алмай жүрегі енді,
Ақтамақ сұлық түсіп, жүре берді.
... Қайғысын бөліскендей қос ғашықтың,
Көз жасын төгіп күн де түнереді.
... Хабарды естіп жатақ ауылдары,
Күңіреніп, дауыс салып, «бауырымдады».
... Ақтамақтың тілегін өтеу үшін,
Әміре өлмей тірі қалды мәңгі...
***
Осындай қилы-қилы күндер өткен,
Дегеніне өмірде кімдер жеткен.
Әлемді дүр сілкінткен әнші ағаның,
Бір арманы өзімен бірге кеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет