Бағдарламасы оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің кафедра отырысында талқыланды Хаттама № 20 ж



бет1/19
Дата13.06.2023
өлшемі160,5 Kb.
#100879
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

БЕКІТЕМІН
Академиялық мәселелер
жөніндегі проректор
________Д.А.Қалдияров

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ


ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
2018-2019 оқу жылы
5В010500 – «Дефектология мамандығы
«Логопедия» мамандануы бойынша мемлекеттік емтихан


БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің кафедра отырысында талқыланды

Хаттама №_____ «____» _______ 20___ ж.


Кафедра меңгерушісі А.Н.Галиева


Келісілді:

Оқу әдістемелік бөлім басшысы ___________________________Н.Н.Ашкеева


Талдықорған 2019жыл
Түсінік хат
5В010500 «Дефектология» мамандығы бойынша бітірушілердің мемлекеттік емтихан бағдарламасы «І.Жансүгіров атындағы Жетісу меммлекеттік университеті түлектерінің мемлекеттік аттестациясы қорытындысы туралы ереже» негізінде әзірленген.
Қорытынды аттестациялық тестілер логопед- мұғалімнің осы мемлекеттік білім беру стандартында белгіленген кәсіби міндеттерді орындау үшін практикалық және теориялық дайындығын анықтауға арналған. 5В010500 «Дефектология» мамандығы түлектерінің соңғы мемлекеттік аттестациясына енгізілген аттестациялық тестілері жоғары кәсіптік білім берудің негізгі білім беру бағдарламасына сәйкес. Логопед мұғалімнің қорытынды мемлекеттік аттестациясы түпкілікті біліктілік жұмысын және мемлекеттік емтихандарды қорғауды қамтиды.
5В010500 «Дефектология» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан «Логопедия» мамандануы бойынша маңызды және практикалық маңызды мәселелерді қамтиды. Бұл бағдарламаның мақсаты - оқытудың сапасын арттыруға жәрдемдесу және оның негізгі міндеті - мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес түпкілікті мемлекеттік аттестацияны сапалы ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету.
Логопедия мамандануы бойынша мемлекеттік емтихан 3 модульдан тұрады:
Бірінші модульде, бітіруші түлектердің назарына логопедияның пәні, міндеті, мақсаты, сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы, топтастырылуы, бұзылыстары, түрлеріне қатысты сұрақтарқарастырылады және осы сұрақтарды талдау барысында теориямен практиканы ұштастыруға бейімдеу көзделеді.
Екінші модульде, бітіруші түлектерге психологиялық-педагогикалық диагностиканың принциптері мен әдістері, тіл кемістігі бар балаларды арнайы мекемелерге жинақтау, дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыстың негізгі кезеңдері және әдістері, тіл кемістігін диагностикалау және түзетуде кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық тәсілдерді ұйымдастыру мәселелері қолға алынады.
Үшінші модульде, бітіруші түлектердің мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тіліндегі кемістіктерін түзету, ерте анықтау жүйесі және ерте кешенді көмек көрсету жүйесін практикалық тұрғыда жүзеге асыра білуіне септігін тигізеді.
Бағдарламада түлектердің біліктілігін арттырудың жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру мекемесінің талаптарына сәйкестігін ұйымдастыру, жүргізу және бағалау критерийлерін анықтайтын әдістемелік материалдар, қорытынды емтиханның рәсімін анықтайтын материалдар ұсынылады. Мемлекеттік емтихан бағдарламасы студенттің қорытынды мемлекеттік аттестациясын ұйымдастыру және өткізудің міндетті элементі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет