Бағдарламасы құрастырған: Кусаинова Гулимжан Бопиевна Екібастұз қаласы, 2016 жыл



бет1/16
Дата16.10.2023
өлшемі207,24 Kb.
#116151
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

33 жалпы білім беретін орта мектеп

«ЛОГИКА ӘЛЕМІ»
1 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН
ҮЙІРМЕ КУРСЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрастырған:


Кусаинова Гулимжан Бопиевна
Екібастұз қаласы, 2016 жыл
Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған «Логика әлемі» үйірме курсының бағдарламасы.

Түсініктеме.
Логика пәні адамның ойлау процесін зерттейді. Ойлау – алуан түрлі астары бар, аса күрделі процесс. Мектепте жақсы жетістіктерге жетудің бірден-бір жолы – оқушылардың логикалық ойлауын, талдай білуін, салыстыруын, топтастыруын, қорытынды шығаруын,ой қорытуын, мағыналық қатынастарды белгілей алуын, жүйелеуін, заңдылықтарды сақтауын,ойша пайымдауын, тапсырмалардың шешу жолдарын таба білуін қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Сондықтан, логикалық тапсырмалардың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған абзал. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Баланың ойынға қызығуы арқылы ойлау өрісі және еркін қиялдауы дамиды.
Бағдарлама бойынша құрылған логикалық тапсырмалар «Ойнай отырып, ойла принципіне негізделген.
Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады. Оқу материалының мазмұны мен құрылымы, тақырыптық жоспарлау үлгісі, оқушыларға арналған тапсырмалар.
Қазақстан Республикасында әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан – жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру негізгі міндет болып есептелетін 12 жылдық мектептің мән-маңызы мен философиясын басшылыққа ала отырып, 1 сыныптағы «Логика әлемі» курсын оқытуда мынадай мақсаттар мен міндеттер белгіленеді.
Мақсаты: Жаңа заман талабы бойынша еліміздің жедел индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында математика ғылымдарын оқыту білім берудің алдыңғы шеңберіне шығып отырғандығы белгілі. Соған сәйкес «Логика әлемі» үйірме курсының маңызы зор. Логика адам өмірінің барлық салалары үшін қажетті: ғылыми жұмыста да, оқып, білім алу үшін де, күнделікті тұрмыста дұрыс пайымдап, дұрыс тұжырым жасауда да керек.
Сондықтан, 1 сыныпта осы курсты оқыту арқылы оқушылардың тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру, ойлау мүмкіндігін кеңейту қарастырылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет