Әдістемелік нұсқаулықтар оқу жоспары мен пәннің бағдарламасы талаптарына сай құрастырылды _____________
Оқытушы туралы мәліметтер: п.ғ.магистрі, лектор Шоңова Б.А
КІРІСПЕ Оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында студенттің оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) ЖОО-дағы оқытудың негізгі формаларының бірі болып табылады, ал оны жандандыру, жүйелі түрде басқару және әдістемелік тұрғыдан жетілдіру – негізгі дидактикалық ұстанымдардың бірі, оны жүзеге асыру – кәсіби дайындық сапасын арттыруға септігін тигізеді.
СОӨЖ барысында ғылыми білімді терең және жан-жақты түсінуге, оларды өмірдегі түрлі жағдайларда қолдана білу икемділіктерін қабылдауға болады. Оқытушының басшылығы студенттің бойында шығармашылық қабілеттерді дамытуға септігін тигізеді, түрлі дереккөздермен жұмыс істеу дағдылары мен икемділіктерін игеруге, оларды күнделікті кәсіби және басқа да қызмет түрлерінде қолдануға мүмкіндік береді. ЖОО оқытушысынан түлектің күнделікті ақыл-ой еңбегінің тиімді әдістерін игеруі талап етіледі, яғни, өзіне қажетті ақпаратты тез арада іздеп табу және игеру, факті, теориялар мен тұжырымдамаларды жүйелендіру және классификациялау, күрделі проблемалық мәселелерді түсіну, пікірталас жүргізу, өз ойын нақты жеткізе білу және оны сенімді дәлелдей білу, ғылыми пікірталастан ақиқатты іздеу, өндірістік жағдайларды талқылау және пайда болған мәселелерді өздігінен алған білімінің негізінде шығармашылық тұрғыдан шеше білу.
Студенттің оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысының мазмұны – оны жүзеге асырудың тиісті тәсілдерін талап етеді.Әдістемелік ұсыныстарда берілген студенттерді оқытудың әдістері мен тәсілдері студенттердің бойында материалды өздігінен игеру, өзін-өзі бақылау икемділіктерін ары қарай дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар, «студент - студент» және «студент - оқытушы» жүйесіндегі серіктестік дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.