Бағытталған допты төменгі және жоғарғы әдіспен қабылдап 2,3,4 аймақтарға бағыттауды үйрету



Дата19.12.2023
өлшемі1,51 Mb.
#141141

Балейбол добымен шеңбер ішіне допты жерге түсірмей, биікке бағыттау

Орындаған: Орынбасар Жансая

Тобы: ТПД-311

Қабылдаған: Бакытжан Ахмедов

Түркістан 2023


Қожа-Ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Жоспары

  • 1.Кіріспе
  • 2.Негізгі бөлім
  • a) ойын ережелері

    b) допты қабылдаудың түрлері

    c)допты екі қолмен төменнен қабылдау

  • 3.Қорытынды
  • 4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  • Волейбол - мектеп оқушыларының шымырлық пен шыдамдылыққа, сұлулықпен адам баласын тұрақты қалыптасуына жол ашатын спорт түрі. Бұл жас жеткіншектер өміріне өте қажет дене жаттығуларының үлесімділіген келіретін ойын. Волейбол ойыны - еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті - жабдықтардың өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылыдан бері сенімді ойын жолына көшкен.

Ойын ережелері

  • Волейболда әрқайсысында 6 адам болатын екі команда ойнайды. Бір команданың ойыншылары алаңның ортасында тартылған тор арқылы допты екінші команда жағына алаң шекараларының ішіне түсетіндей немесе қарсылас ойын ережелерін бұрын қабылдап, қайыратындай ретте бағыттайды. Алаңның ұзындығы – 18, ені – 9 метр болып, тор арқылы 2 тең бөлікке бөлінеді.Жарыс 3 немесе 5 кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы командалардың бірі 25 ұпай жинағанша жалғаса береді.

Допты қабылдаудың түрлері

  • «Волейбол»ойынында допты астынан төмен беру допты дәл беру үшін қолданылады. Екінші қолды сермеу үшін артқа қарай созылады .Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі.Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып,созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады.Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады.Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта түрған аяғын жазып ,алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді.Допты ойынға тура жоғарыдан қосу кезінде ойыншы өзінің оң және сол аяғын алға қойып допты сол қолға ұстап жоғары маңдай тұсына келтіріп жоғары лақтырады..екінші оң қолымен саусақтар арасы сәл ашылған қалыпта допты ұрады.Допты ойынға қосатын оқушы торға қарап тұрғанда орындалады.Шынтақ буынан бүгілген допты, сол қолмен жоғары дұрыс лақтыру.Допты ұрған кезде артта аяққа түседі.

Допты екі қолмен жоғарыдан беру

  • Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағытта жібереді.

Допты төменнен тіке ойынға қосу

  • Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады. Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады

Допты екі қолмен төменнен қабылдау

  • Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қоллдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпан жілікті) көтеріп, бұрады.Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп- доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін. Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.

Қорытынды

  • Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тараған спорттық ойын.Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол сияқты жүз жылдай уақыт өтті. Волейбол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл ойынның кең тарауына ережесінің қарапайымдылығы мен орындалатын қимыл- қозғалыстарының күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез- келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болады. Ойын бұлшық еттердің секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына көмектеседі. Кез- келген адамның ақыл- ой деңгейі, қабілет – қарымы, діттеген мақсатқажету мүмкіншілігі оның денінің саулығына тікелей байланысты. Мұны өзінесенімді, белсенді азаматтардың әрқайсысы жақсы біледі.Еңбек пен спортты ұштастыру — Елбасы жолдауларында көрсетілгенбасым бағыттарды жүзеге асыруға деген ұмтылысты көрсетеді.Елбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы игі бастамасы бірауыздан қолдау тауып, спорттық жарыстарға қатысушы оқушылар санының жылдан – жылға көбейіп келе жатқандығы көңілге үлкен қуаныш ұялатады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • 1)sport.rz
  • 2)zharar.com
  • 3)bilimal.kz
  • 4)baribar.kz
  • 5)voleibol.kz

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет