Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі Мукашева Айым Дауылбайқызы Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі Тақырыбы



бет1/3
Дата18.11.2023
өлшемі1,01 Mb.
#124796
  1   2   3

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Мукашева Айым Дауылбайқызы
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Тақырыбы: “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі”
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, сауалнама, ойын, психологиялық жаттығулар.
Көрнекілік: қалам,стикер,қағаз,суреттер,лента,майшам, музыка жазылған үн таспа
Күн тәртібі:
Тренинг бағдарламасы:
  • Танысу жаттығуы
  • Топқа бөлу
  • Ситуациялық сұрақтар
  • “Жанұя ойыны”сергіту жаттығуы
  • “Ашығын айтсам”анкетасы
  • Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Тобымызда ұйымдастырылған кезекті ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер. Азамат баласының ең негізгі мақсаты- дүниеге келген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау.
Бүгінгі біздің жиналысымыздың тақырыбы: “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі”.
1.Танысу жаттығуы.
Ата-аналар ортаға шығып шеңбер болып дөңгеленіп тұрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық,жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне сондықтан бұл шеңберді шаттық,жылулық шеңбері деп атаймыз. Мына лентаны ұстап аты-жөнімізді айтып,соған сын есім қосып айтып,келесі адамға жылы лебімізді білдіреміз. Мысалы: менің атым Айым-айдай,ажарлы. Мен сізге әркез достықта болайық дегім келеді- деп лентаны қолымызға ұстап келесі ата-анамызға жалғаймыз. Жалғай-жалғай келе үлкен достық шеңбері шығады. Міне осындай үлкен достықта,лентадай берік, ажырамастай, тату, бірлікте болайық.
2.Топқа бөлу.
Енді ата-аналар, “Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ ” демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр ,жапырақ,діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата-аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңді таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп,топтан бір адам шығып қорғайсыздар( әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады.
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар, Діңгекті таңдағандар берік,мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты,әсемдікті,ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата-аналар мына үлкен қағазға “тамыр тобы”-тамырды, “діңгек тобы”-діңгекті, “жапырақ тобы”-жапырақты саламыз. (музыкалық сүйемел, қалам-қағаздар).
Тәрбиешілеріңізге деген талап-тілектеріңізді “тамыр тобы”-тамырға, “діңгек тобы”-діңгекке, “жапырақ тобы”-жапыраққа жазыңыздар.
Осы ағаштың тамыры-ата-ана, діңгегі-тәрбиеші, жапырағы-балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет