Балабақшадағы логопед маманның кешенді логопедиялық тексеру жұмыстарын ұйымдастыруы



бет1/4
Дата01.10.2023
өлшемі32,97 Kb.
#112288
  1   2   3   4



 
Балабақшадағы логопед маманның кешенді логопедиялық тексеру жұмыстарын ұйымдастыруы
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек.Тек сөйлеу тілінің бұзылу түрі ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар түзету-логопедиялық жұмысын мақсатты, нәтижелі ұйымдастырудың жағдайларын анықтайды.
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек. Сөйлеу тіліндегі бұзылыстың ішкі сырының ерекшлігін және ауқымдылығын анықтай білу қажет. Сөйлеу тілінің бұзылысының ерекшелігі мен оның күрделілігіне байланысты әрбір нақтылы жағдайға сәйкес тапсырмаларды пайдаланып тексеру ішінара жекеленген болу керек.
Кешенді логопедиялық тексеру жұмысының мақсаты баланың сөйлеу тілі бұзылысының түрін анықтау және артикуляциялық аппарат құрылыс ерекшелігін бақылап,сөйлеу тілі бұзылысының ауырлығын, деңгейін диагностикалау болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеру үшін қажет.
Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі.
Г.Л.Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.
А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:
І кезең – дайындық – 1 жасқа дейін;
ІІ кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – 3 жасқа дейін;
ІІІ кезең – мектепке дейінгі кезең – 7 жасқа дейін;
ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін.
1.Артикуляциялық аппатар қалпын тексеру:
Тексеру артикуляциялық мүшелердің анатомиялық құрылымын анықтаудан басталады:
-ерін-жалпақ, қалың, жарықшақ;
-қатты таңдай-өте жоғары әрі тар, өте төмен әрі жалпақ, жырықтары;
-тістер-түрлері мен көлемі (кіші, ұсақ), саны (артық, жетіспеуі);
-тіл-үлкен, жіңішке, тіл асты сіңірі қысқа, қалыпты;
-кішкентай тіл-қысқа, айырылған. Кішкентай тілдің айырылғандығы баланың таңдайының жырықтығының нышаны болуы мүмкін;
-тістену, қабысу (астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерінің орналасуы).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет