«Балдә Мен №42 «Ақ ниет» гимназиясының 2 «з» сынып оқушысымын. Маған тәлім



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата27.01.2017
өлшемі3,17 Mb.
#2784
1   2   3   4   5   6

Зауреш СЫДИХОВА

Ұзынкөл орта мектебінің 3-сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

Мой родной язык

В мире существует более пяти тысяч языков, среди них казахский язык, русский язык 

и английский язык. Любой язык является, прежде всего, средство общения. Казахский 

язык является государственным языком. Русский язык имеет статус второго языка, но 

он всеравно остается средством общения для многих людей. Английский язык является 

обязательным языком для изучения в качетве иностранного языка во многих школах. 

Русский язык красив и необычен. Сколько великолепных произведений написано на этом 

языке. Напротяжений веков русский язык изменялся, развивался, совершенствовался. 

Русский язык несет в себе культуру и обычаи своей страны. Казахский язык отличается 

особой певучестью и душевностью. Это- язык литературы, народных песен, предании, 

легенд, где также есть свои обычаи, традиции и своя история. Тот, кто уважает свой 

родной язык, уважаетсебя и людей.

Задача будущего поколения – сохранить свой родной язык, не дать ему исчезнуть. 

Родной язык нельзя купить или продать, им можно только гордиться и восхищаться. 



Софья КОЩИЕНКО,

 №1 ОЖББМ-нің  4-сынып оқушысы

Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы

                                

Туған тілім

Менің  туған  тілім-қазақ  тілі.  Барлық  ұлттық  өз 

тілі болды. Мен өз қазақ тілімді  жақсы  көремін. Біз 

Қазақстанда  тұрғандықтан    қазақ  тілінде    сөйлеуге 

ұялмауымыз  қажет.  Қазақ  тілі  біздің  байлығымыз, 

құндылығымыз.

Біз ағылшын, орыс  тілі  білсек  те, ол бізге  артық  

етпейді. Орыс тілі қарым-қатынас  тілі. Ал ағылшын  

тілі  шетелде оқу үшін керек. Бірақ шетелге шыққанда, 

мен өз тілімде сөйлеймін. Басқа ұлт достарыма  қазақ  

тілін үйретемін. Мен қайда барсам да қазақ тілі менің 

жүрегімде тұрады. Мен өз тілімді  жақсы көремін.

Әсел МҰХИТ 

А.Тайманов атындағы 

№34 мектеп-гимназиясының

3 «в» сынып оқушысы



Тілім менің

Тілім барда батылмын

Күш-қайратты шақырдым.

Қазып айтқан ойларым,

Қазыбек биге жақынмын.

Тілім менің айбатты,

Өзгелерге үн қатты

Тілім күшім, қуатым

Жүрек сырын ұғатын.

           Жансая  АСАР

Бөрлі негізгі орта мектебінің 

5-сынып оқушысы

Бөрлі ауданы

Ана тілім – туған тілім

Әр ұлттың өз тілі - туған тілі. Мен үшін туған тілім қазақ тілі. 

Өмірге келген әр сәбиді ана ақ сүтімен әлдилеп өсіреді. Бесік жырын құлаққа 

құйып өскен бала қазақ тілін сүймеуі мүмкін емес. 

Мен  қасиетті  қазақтың  Жұбан  аға  туған  жерінде  туып  өстім.  Менің  жерімде 

бірде-бір өзге ұлт болған емес. Менің жүрегімде де, тілімде де өзге тілге құрметпен 

қарау  бар,  бірақ  ана  тілімді  ештеңеге  айырбастамаймын.  Төрт  жыл  бастауышты 

ауылда оқыдым. 5-сыныпқа « Үміт » гимназиясына келдім. Менің келген күнімнен 

ұлттың  қадірін  арттыратын  мейірімді  сезіндім.  Мейірім  мен  тілді  құрметтеген 

ұстаздарымнан  менің  үйренерім  көп.  Ана  тілімнің  мерекесі  22  қыркүйек,  барлық 

мектептерде  шаралар  өтіп  жатырған  болар.  Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Әр  қазақ 

бір-бірімен қазақша сөйлессін» деген сөзін әрқайсымыз сезінсек, біздің тіліміз мәңгі 

жасайды деп сенемін. 

Әсем ӨМІРБЕК

Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық

 гимназиясының 5-сынып оқушысы «Жас қаламгер» үйірмесінің мүшесі

Теректі ауданы



Амангельдиев Алихан

№34 мектеп-гимназиясы 

3 «а» сынып оқушысы

Ізмухан Алихан

4 «а» сынып оқушысы

№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

11

«Әжелер – көңілдің ажары, немере – өмірдің базары»

Жақсылығын    ұғынып    жанұяның, 

бақытыңды    балғындар   бағалағын

Елбасының  бастауымен  елімізде  «Отбасы  күнін» 

мереке  ретінде  атап  өту  республика  көлемінде  екінші 

жыл  тойлануда.  Осыған  орай,  отбасы  күнін  мерекелеу 

шеңберіне  Ақжайық  ауданы  бойынша    өткен  айда 

қоғамдағы    «Отбасы»  құндылығы,  ұлттық  салт-дәстүрді 

түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау, сонымен 

қатар,  отбасы    құндылықтарын  насихаттау  мақсатында 

тәрбиелік  мәні  зор  шаралар  өткізілді.  Мектептерде 

сынып жетекшілер тәрбиелік мәні зор «Тәртіптің тамаша 

мектебі - отбасы» тақырыбы аясында тәрбиелік сағаттар, 

«Біз  бақытты  отбасымыз»,  «Жанұядағы  тәрбиенің 

ерекшеліктері»,  «Отбасы  -  асыл  қазынам»,  «Отбасы 

бақыты - бала бақыты», «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» 

атты жиналыстар, «Біз бақытты жанұямыз!» тақырыбында 

1-4-сыныптар  арасында  асфальтта  сурет  салу  байқауы, 

салауатты өмір салтын сақтауды насихаттайтын «Толағай» 

отбасылық    сайысы,  «Менің  отбасым»  тақырыбында  

фотосурет, қолөнер байқауы өткізіліп, көрмеге оқушылар 

өздерінің қолөнер  туындыларын ұсынды. 

Оқушының отбасына деген көзқарасын, сүйіспеншілігін, 

маңызын,    патриотизм  және  ұлтжандылық  қасиеттерін 

дамыту  мақсатында  «Менің  отбасым»  тақырыбында 

шығарма  жұмыстары  байқауы  ұйымдастырылып, 

анықталған үздік шығармалар авторлары -  №1ОЖББМ-

нің 10-сынып оқушысы О.Легкодимова жұмысы «Ең үздік 

шығарма»  атағымен I орын,  II орынды Абай ат.мектеп-

гимназияның 11-сынып оқушысы А.Утепова  мен  Жайық 

НМ-нің  9-сынып  оқушысы  А.Шафхат  жұмыстары, 

III  орынды  Абай  ат.мектеп-гимназияның  11-сынып 

оқушылары Ж.Сауханова мен А.Нұрымова,  Жайық НМ-

нен  А.Зайдолла  мен  №1  ОЖББМ-нің  9-сынып  оқушысы 

М.Садулаева  иеленіп,  дипломдармен  марапатталды.                                                                                                                                    

       


Ата-бабамыз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған 

текті халық, сондықтан да ауданымыздағы ата-анасының 

қамқорлығынсыз қалған қырық сегіз баланың барлығын да 

«Әр баланың өз отбасы болу керек» деген ниетпен ағайын-

туғаны  өз  қамқорлығына  алып,  бауырына  басқанын  да 

айтып  кетпеске  болмас.  Осындай  қамқорлығына  алған 

ата-аналардың  шексіз  мейірімі  мен  еңбегін  дәріптеу 

мақсатында  өткен  аудандық  сырттай  байқауға  қатысқан 

қамқоршы  отбасылардан  Чапаев  ауылының  тұрғыны 

Л.Салыхова  қамқорлығындағы №1 ОЖББМ-нің 8-сынып 

оқушысы І.Маратов отбасы екінші орын иеленсе, қамқоршы 

отбасы  атағымен  байқаудың  жеңімпазы  атанған,  сәби 

күнінде ата-анасынан айырылған төрт баланы бауырына 

басып,  жылуын  берген  Тайпақ  ауылының  тұрғыны, 

батыр-ана  –Р.Нұрғалиева  қамқоршысы  Тайпақ  мектеп-

гимназиясының  8-сынып  оқушысы  Е.Садықов  отбасы 

облыстық  кезеңнің  екінші  орынын  иеленген    болатын.  

“Жанашырлыққа  -  жан  риза”  дегендей,    қамқорлыққа 

алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы 

алақанына тосып, жүрек жылуын ұсынып жүрген жандарға 

айтар  алғысымыз  шексіз!  Аудандық  білім  бөлімі  «Шуақ» 

қоғамдық  бірлестігімен  бірлесіп,  аудандық  кітапхана 

базасында  жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз 

қалған  балаларды  тәрбиелеп  отырған  қабылдаушы 

отбасылармен, мектеп психологтарымен және әлеуметтік 

педагогтармен «Мейірім жылу сыйлайды» атты  дөңгелек 

үстел өткізді. 

Елордамызда  орын  алып  өткен  «Мерейлі  отбасы» 

ұлттық  байқауының  республикалық  мәресінде  қатысқан 

қаншама  отбасыларымызды  көргенде  көңіліңе  қуаныш 

ұялап,  «Қазақ  отбасы  осындай  болғай»  деп,  риза  боп 

кеудеңді  мақтаныш  сезім  кернейді.  Аталмыш  байқауға 

облысымыз  атынан  жолдама  алған  Ақжайық  ауданы 

Бударин  ауылының  тұрғындары  Сәндібековтер  отбасы 

байқаудың  ақтық  мәресіне  өткен  он  алты  отбасының 

қатарына еніп, Елбасының сыйлығына ие болып, Ақжайық 

жұртшылығының  мерейін  өсірді.  Өңірімізде  өнегелі 

шаңырақтардың  бірі  жуырда  Орал  қаласында  өткен 

«Отбасы  -  тіршіліктің  тірегі»  атты  облыстық  отбасылық 

байқаудың бас жүлдесін иеленген И.Даутовтар отбасы да 

ауданымыздың  мерейін  тағы  бір  мәрте  көтеріп  тастады. 

Отбасы  құндылықтарын  бағалауға,    үлкенге  құрмет, 

кішіге ізет көрсету ұрпақ парызы. Бұл орайда өңіріміздің 

өрендерінің  тұғыры  биік  екенін  осы  өткен  шараларда 

біз  анық  байқадық.    Мұның  бәрі  отбасылар  мен  мектеп 

ұстаздарының бірлесе атқарған жұмысының жемісі екені 

анық.

Айгүл УСАХОВА

 Облыстық «Самал» балалар мен жасөспірімдер

газетінің Ақжайық ауданындағы меншікті тілшісі

«Жасы  үлкенді  қадірлесе  –  құт  болар»,  -  деп  шығыс  ғұламасы  Махмуд  Қашғари  айтқандай,  қарттарын  қазынаға 

теңеген қазақ халқы осы күні тағы да асыл әжелеріміз бен өнегелі қарияларымыздың үлгі-өнегесін ұрпағына паш етуде 

талмай жұмыстанып келеді. 

Соның  айғағындай,  №  45  орта  жалпы  білім  беретін  мектебінде  де  бастауыш  сынып  мұғалімдері  Сембаева  Алла 

Мақсотқызы мен Боранбаева Бақытқаным Ғалымжанқызының ұйымдастыруымен «Әжелер – көңілдің ажары, немере 

–  өмірдің  базары»  тақырыбында  әжелер  сайысы  оздырылды.  Бұл  шара  барысында  ойымызға  түйгеніміздей,  жас 

ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу аясында әже тәрбиесін үлгі ете отырып, әжелердің айтқаны асыл екенін әрі 

олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану керектігін айқындап берді. Сайыс бағдардамасына сай немерелер мың 

бұралып би билеп, «Менің әжем» тақырыбына эссе жазса, әжелеріміз тамылжыта ән салып, сыр сандық сұрақтарына 

толыққанды  жауап  берді.  Шара  соңында  әділ  –  қазылар  алқасының  шешімімен  әжелер  мен  немерелердің  өнерлері  

мен  алғырлықтарына  қарай,  «Ісмер  әже  мен  көңілді  немере»,  «Өнерлі  әже  мен  тапқыр  немере»,  «Ақылды  әже  мен 

өнерлі немере», «Білімді әже мен әдепті немере», «Алтын оймақты әже мен өнерпаз немере», «Бұлбұл әнші әже мен 

білгір немере» номинациялары берілді. Қариялар күніне орай өткізілген тәрбиелі іс-шараға әжелер разы болып, алғыс – 

тілектерін айтып тарқасты.

К.БИСЕНҒАЛИЕВА

№ 45 ОЖББ мектебінің әдістемелік бірлестік жетекшісі 



№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

12

Бақытты жанұя – бақытты ел 

       Ата аналар мен балалардың, апа қарындастардың және туған туыстардың ортасын 

құрайтын отбасы қоғамның ең басты ұйтқысы болып табылады. Адам дүниеге келгеннен 

бастап  ер  жетіп  отбасының  тәрбиесін  алады.Отбасының  берік  болуына  тәрбиелеуде 

әке  мен  ананың  орны  ерекше.  Әке  үйдің  тірегі,асырап  сақтаушысы,  қамқоршысы.Ана 

үшін басты міндет отбасын беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу жұбайын барынша сыйлау, 

қолдау көрсету болып табылады. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер дейтін 

қазақтар балалардың тәрбиесіне аса үлкен көңіл бөлген.

     Менің отбасымда сегіз адам бар. Үйдің тірегі 

әкем  -  Оралдбек,  ұйытқысы  анам  -  Манар,  екі 

апам, екі сіңілім, бір інім бар. Біз бәріміз татумыз. 

Әкем  мен  анам  бізге  жақсы  ақыл  кеңестерін 

айтып  отырады.  Біздер  бәріміз  өскенде  бізді 

асырап,  аялап,  жақсылыққа  үйреткен  ата 

анамыздың үмітін ақтаймыз деп сенеміз.

Айкөркем ОРАЛБЕКОВА

Харкин ЖОББМ-нің 8-сынып моқушысы

Ақжайық ауданы

«Отбасым - алтын 

бесігім»

  

   Қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына 



ата-ананың  тәрбиесінің  маңызы  зор.  Бала  тәрбиесінде  ата-ананың 

алатын  орны  ерекше.  Отбасы  адамзат  бесігін  тербеткен  ұя  болса, 

баланың бас ұстазы ата-ана. Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, 

бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бой түзейді. Бала әкеден 

ақыл, шешеден мейірім алады.

    Осы ізгі ниеттің аясында мектебімізде сегізінші қыркүйек «Отбасы» 

күніне арналған апталық шаралар өтуде. Соның бірі тәлімгер, ағылшын 

тілі пәнінің мұғалімі Мусина Әлия Қайырғалиқызының өткізген «Отбасым 

– алтын бесігім» атты танымдық-психологиялық шарасы еді. Баламен 

дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдануға, балаға деген 

ыстық махаббат пен сүйіспеншілігін арттыруға арналған бұл шараның 

мәні өте зор.       

    Тағылымы мен тәрбиесі өте мол, қатысушылардың да, көрерменнің 

де  көңілінен  шыққан  психологиялық  сабақ  соңында  ұйымдастырушы 

«Бақыт салатының» рецептісін үлестірді. Осындай әсерлі де қызықты, 

тәрбиелі де мәні мол кеш сыйлаған мектеп тәлімгері, ағылшын тілі пәнінің 

мұғалімі  Мусина  Әлия  Қайырғалиқызына  денсаулық,  шығармашылық 

табыс, отбасына амандық тілейміз.



Г. УТЕГЕНОВА

Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ-ніңдефектологі

Теректі ауданы

Отбасы – бақыт мекені

«Әке - асқар тау,

Ана - бауырындағы бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ» -  деп,  ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына 

теңеген  халық  мақалына  қайран  қаласың.  Отбасы  -  адам  ғұмырының    тірегі  ғана  емес, 

қоғамның да басты негізі. Қоғамның қуат тірегі - отбасы. Отбасы - адам баласының алтын 

діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, 

отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті 

алтын мектебі. 

Осы алтын мектепті нығайту мақсатында мектебімізде отбасы күніне орай «Отбасы - 

бақыт  мекені»  атты  апталық  оздырылды.  Апталықтың  ашылуымен  мектеп  директоры 

Лунаргүл  Наурызбайқызы  ата  -  аналарды  отбасы  күнімен  құттықттықтап,  Нұрлан 

Рахманұлы  «Отбасы – бақыт мекені» атты баяндамасын оқыды. Ата – аналарды бірлікке, 

ынтымақтастыққа,  мейірімділікке  бағыттап,  отбасы  құндылықтарын  игерту  мақсатында  

мектеп  психологі  Алиса  Мұратқызының  «Отбасына  апаратын  бақытты  жолдар»  тренингі 

сәтті  өтті.  Бала  –  әр  жанұяның  бақыты.  Олай  болса,  өз  бақытымызды  бағалай  білейік 

деген бағытта тәрбие ережелері топталған «Тәрбиенің алтын ережелері» атты лекторий 

таратылды.  Шара  соңында  мектептің  музыка  жетекшісі  Асқар  Ғаділұлының  ана  туралы 

әндері,  Шамшырақ пен Ұлпан сынды қыздарымыздың «Қуыршақ» билері мен «Отаным» 

әндері  ата – аналардың көңілінен шықты. 

 

Сонымен қатар, 1 – 4 – сыныптар «Отбасы және біз» тәрбие сағаттарын, 5 – сынып 



«Шаңырақ сыны» сайысын, 6 – сынып «Асыл әке – ардағы ұл - қызының» әкелер сайысын, 

7  –  сынып  «Отбасы  педагогикасы»  дөңгелек  үстелін,  8  –  сынып  «Толағай»  отбасылық 

сайысын, 

9 – 11 – сыныптар «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі», «Ұлтыңды сақтаймын десең, 

ұл – қызыңды тәрбиеле» атты тақырыбында  дөңгелек  үстелдер өткізді. Шараға мектеп 

ұжымы, ата – аналар және оқушылар ұйымшылдықпен қатысты.

 

      Л.  ИСАТАЕВА

                                                                     ЖББ Ұзынкөл орта мектебінің мұғалімі

Жәнібек ауданы

Үйірменің үйретері көп

Жас ұрпақтың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуына білім мен 

тәрбие  ғана  емес,  әсем  табиғат  аясы  –  көгілдір  ну  орман,  көк  майса 

төңірек, түрлі түсті гүлдерге толы 

алқап, асау өзен, тұңғиық теңіз, 

сылдырлап  аққан  бұлақ,  тау-

тас, шың-құз биіктігі, жемісті бау-

бақша, жеті қат көк, жер, нұрын 

төккен Ай мен Күн, жымыңдаған 

жұлдыздар, құпиялы сырға толы 

тылсым  дүние  мен  жаратылыс 

күштерінің ықпалы және жоғары 

мәдениетте  дамыған  қоғамдық-

әлеуметтік,  отбасылық  ортаның 

әсері керек.

Елбасының  «Жасыл  ел» 

бағдарламасын 

орындауда 

Сарытоғай  ОЖББ  -  мектебінде  Бақытжан  Құттығалиұлы  Тұрайсов 

жетекшілік  ететін  «Қолөнер»  үйірмесінің  оқушылары  түрлі  гүлдердің 

өскіндерін    суға  салып,  тамырын  шығарып,  түрлі  керексіз  қалған 

с у с ы н д а р д ы ң 

қалбырларын  тазалап, 

бояумен  оған  түрлі 

гүлдердін 

суреттерін 

салып,  гүлдерді  егуге 

әзірледі.  Гүлге  керек 

құнарлы 


топырақ 

әзірлеп, оны әзірленген 

қалбырларға 

салып, 


тамырланған  гүлдерді 

осы 


ыдыстарға 

отырғызды. 

Үйірме 

мүшелері  осы  гүлдерді 



суарды, күтіп баптады, оның өсіп-өнуін бақылай алды. Өз еңбектерінің 

нәтижесін  көрді.  Осымен  қатар,  сирень  көшеттерін  егіп  суарып,  арам 

шөптерін тазалап өсіруде. Мектеп ауласына түрлі гүлдерді егіп шығарды. 

Қызықты  каникулды  бір  мезгіл  еңбекпен  ұштастыра  білді.  «Қолөнер» 

үйірмесі  «Гүлдер  әлемі»  атты  іс  –  шара  барысында  алтын  ұя  мектебі 

Сарытоғай  ОЖББМ  әкімшілігіне  түрлі  бөлме  гүлдерін  егіп  шығарып 

сыйға берді.

Сонымен  қатар,  ауылымыздың  мекемелеріне  түрлі  бөлме  гүлдері 

берілді, атап айтсақ  ауыл әкімшілігіне,  аурухана  бөлімшесіне, мәдениет 

үйіне,    мектептің    «Ұлан»  кабинетіне,  Сарман  ауылындағы  бастауыш 

мектебіне,  Чапаев  аулындағы  балалар  шығармашылық  орталығына 

түрлі  бөлме  гүлдерді  егіп  шығарып,  сыйға  берді.  Жоспарға  сай 

өткізілген іс – шараларға белсене қатысып, «Жасыл ел» бағдарламасы 

бойынша көгалдандыру бағытында жақсы еңбек еткен төмендегі үйірме 

мүшелері   Қанат Аманқұл, Қоныс Төлеби, Айса Оралбайұлы, Сағыныш 

Ақзат,  Бақдәулет  Таңатұлы,  Сүйрік  Қуанғали  мектеп  әкімшілігінің 

мадақтамасымен марапатталды

Үйірменің  үйретері  көп  дегендей  осындай  іс  –  шаралар  әлі  де 

жалғасын таппақ. 

Самал ЖАНАҒАЛИЕВА

Сарытоғай ОЖББМ-нің тәлімгері 

Сарытоғай ауылы, Ақжайық ауданы.

Ардақтайық Ананы !       



                                         

   


  Күнделікті айтып жүрген үш әріптен тұратын осы бір сөзді ақ қағаз бетіне түсірерде 

осыншама жүрегім толқиды деп ойламаппын. Алдымда мейірімін төгіп, бар жағдайымды 

жасап жүрген жанның қадірі мен қасиетін енді сезінгендей күй кешіп «Ана» деген сөзді 

айтудың өзі бір ғанибет екенін түсінгендей болдым. Біз бақытты екенбіз-ау...  Мен өзімнің 

бақытты екеніме еш уақытта күмән келтірген емеспін. 

    Жақында анам маған: «Қызым, өмір деген – сын сахнасы. Сыртқы адамдар әрбір іс-

әрекетіңнен сенің ата-анаңның берген тәрбиесін көреді. Сендер әдепті болсаңдар, біздің 

мәртебеміз көтеріледі», - деп маңдайымнан иіскеді. Сол кезде маған айтқан сөздерінен гөрі, 

иіскегені жақынырақ еді. Енді бүгін бұл сөздердің мәні тым терең екенін ұғынып отырмын. 

Анам бәрін де жәймен түсіндіретін ақылды, парасатты адам.  Ол әрдайым бәріне үлгеруге, 

тиянақты, жан-жақты болуға тәрбиелеп отырады. Үйдің барлық тірлігімен қатар, жұмысқа 

барып, балаларына мейірімін төгіп, қонақ күтіп жататын анамның сабырлылығын, кеңдігін 

үлгі  тұтамын.  «Бұтақтың  жақсылығы  сағасынан,  ал  баланың  жақсылығы  анасынан»,  - 

дейді халық даналығы.

   Менің анамның алақаны - маған нәзіктік атаулының жиынтығы, ең жылы ұя секілді. 

Оның басымнан сипағаны, арқамнан қаққаны мен үшін өте қымбат. Жақсы іс тындырып, 

сабақты үздік оқып аяулы анамды қуанышқа бөлесем деп талпынамын. Өйткені, өмірде үш 

бақыт болса, соның үшеуі де ананың асыл қасиетімен тікелей байланысты:  жарық дүниені 

көру,  ата-ананың үмітін ақтау,  сүйікті жар, аяулы ана болу. Маған да «ақ мамамның айқайы 

айналайын  сияқты»  көрінеді.  Бір  сәт  анамнан  сәл  алыстасам-ақ,  оған  деген  сағыныш 

кеудемді билеп, қасына жетуге асығамын. Оның айтқан ақыл-кеңесі қайда жүрсем де мені 

дұрыс  жолдан  тайдырмайды.  Ол  –  менің  ең  жақын  жанашырым,  ақылшым,  сырласым. 

Рахмет, саған АНАШЫМ!!!

Бану ШАЙХОЛЛА

Бітік орта жалпы білім беретін 

                                                           мектеп-балабақшасының 

9-сынып оқушысы Ақжайық ауданы



№№19-20 (203-204)    11.10.2014 ж.

13

Жалықпайды үйретуден балаға

Еліміз тәуелсіздік алып, бой емес ой жарыстыратын заманда білекке емес 

білімге сену – орынды әрекет.Осы білімді ұрпақтың санасына сіңіретін 

ұстаздардың еңбегін атап кетпеу орынсыз болар.Жанымда кездескен 

қайбір  мұғалімді  алмайын  орны  бөлек  жандар.Дейтұрғанмен 

кемелдігі мен кемеңгерлігі мол, келешегіме шам жаққан Кәмшат 

Темірханқызын ерекше атап өткім келеді.

 Утупова Кәмшат Темірханқызы – 1980 жылы Жәнібек ауданы, 

Тау ауылында дүниеге келген. Өлең мен өнерге жақын жас қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  пәнін  ерекше  ұнатады.  Мұғалім  болсам  деген 

арман дегенін істеп, Кәмшат Темірханқызы қазір Теректі аудандық 

«Үміт» лингвистикалық гимназиясында сабақ береді. 14 жылдан 

бері өз ісіне қалтқысыз адал болып келе жатқан мұғалімімнің үлгі аларлық қасиеттері молынан. Жауаптылықты 

жаны сүйетін ұстаз шәкірттерінен де әр іске жауапты болуды талап етеді.

Оның әрбір өткізген сабағы қызық пен жаңалыққа толы.

Ұлағатты ұстаз отбасында сүйікті жар, аяулы ана. Кәмшат Темірханқызы отбасымен де, шәкірттерімен де 

мақтанады. Атап өтсек, Айгүл атты шәкірті Астанада Қазақ радиосында қызмет етсе, тағы бір шәкірті Кенжеғалиев 

Ақылбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша Сингапур елінде «Nnan yang» технология университетінде оқып 

жүр.

«Ұстазсыз шәкірт тұл» демекші көз алдымда жүрген, үлгі аларлық адамға жылы сөз арнамай тұра алмадым. 



Мерейлі мерекеңіз құтты болсын, Кәмшат апай! Шаршамаңыз еңбек етіп, жалықпаңыз білгеніңізді үйретуден 

балаға.


Үлгі бола біліңіз, үлгі аламыз біз!  

 Дана РАХЫМҒАЛИҚЫЗЫ

Теректі аудандық лингвистикалық 

гимназиясының  7 «а» сынып  оқушысы

Теректі ауданы

Жаныңда жүр 

жақсы адам ...

Мені 

кішкентайымнан 



білімге, 

жақсылыққа баулыған ең керемет адам, 

ол, менің ұстазым – Жунусова Шолпан 

Тыныштыбайқызы.  Ол  әрқашан  өз 

оқушыларын  аялап  жүреді.  Шолпан 

апай  әрқашан  мен  үшін  екінші  анам 

болып  келді  және  де  өте  жақсы  адам. 

Шолпан  апайдың  апасы  Гүлзада 

Тыныштыбайқызы  да  өте  жақсы  адам. 

Ол  бізге  өзін-өзі  тану  пәнінен  береді. 

Мен  оларды  әрқашан  ұмытпай  үлгі 

тұтамын.


ӘДИЯ ХАМИДОЛЛА

Подстепный қазақ орта мектебінің

5 «ә» сынып оқушысы

Менің қызықты демалысым

Мен  жазғы  демалысымды  аяулы  Алматыда  өткіздім.  Алматы 

жанға  жайлы,  әдемі,  сұлу  қала.  Ол  өзге  қалаларға  ұқсамайды.  

Ондағы ауа-райы өте құбылмалы.  Бірде жаңбыр жауса, енді бірде 

күннің көзі жарқ етіп шыға келеді. Алматының ең әдемі жері – Көктөбе. 

Ол  жерде  Алматы  алақандағыдай  болып  көрінеді.    Біз  Көктөбеге 

канатпен шықтық.  Көктөбеге шыққанда ең бірінші Алматының апорты 

– субұрқақ тұрады. Оған тілек тілеп, судың ішіне тиынды лақтырсаң 

тілегің орындалады екен. Мен де субұрқаққа тиын лақтырып, тілек 

тіледім.  Тағы бір ғажап жер – метро.  Ол жер астымен жүріп, қалаған 

жеріңе жеткізеді.  Сонымен қатар көптеген аттракциондарға міндік. 

Қызыққа бата жүріп үш айлық демалысымның қалай өтіп кеткендігін 

де  байқамай  қалыппын.  Биылғы  демалыс  менің  есімде  мәңгіге 

қалмақ. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет