Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері



бет1/6
Дата09.03.2023
өлшемі36,68 Kb.
#72702
  1   2   3   4   5   6

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу


Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.


4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі
І нұсқа


Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі ақпараттарға мұқият мән беру арқылы түртіп алып, мазмұндауда қолданыңыз, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеңіз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]


1-мәтін
Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.
Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І тұсында тұрғызылған.


2-мәтін
Сәулет – ұлттық мәдениет жайлы сөзсіз сөйлеп, тілсіз баяндап бере алатын асыл қазына. Ал көшпенділер мәдениеті турасында ғасырдан ғасырға сыр шертіп келетін бірегей құрылыс – киіз үй. Көшпенділер панасы өз бастауын біздің заманымызға дейінгі ХІІ ғасырдан алады. Шеңбер күмбезді қазақ киіз үйінің соңғы сипаты ХІХ ғасырдың басында толық қалыптасқан. Жылыстап жылдар өтсе де, қазақ тұрмысы танымастай өзгерсе де, киіз үй қазақстандық шаруа өмірінің таптырмас бөлігі, бұлжымас қажеттілігі болып қалыптасқан. Неге десеңіз, киіз үй - дала жағдайыдағы ең қолжетімді, оңай тасымалданып, жылдам құрылып-жиылатын, ызғарлы жел мен нөсерлі жауыннан қорғай алатын жалғыз баспана. Бар артықшылығына лайықтап, «Көшпенділер сәулетінің жауһары» деп аталған киіз үйдің құпиясы да осы көпқызметтілігінде болар.
Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының сән-салтанаты жылдан жылға артып, аса жылдам қарқынмен дамуда. Елорда келбеті «Бәйтерек», «Солтүстік шұғыла» және сырт көрінісі оттыққа ұқсайтын «Transport Tower» ғимаратымен шектелмек емес. Бүгінде ұшқыр қиялдың жемісі болған бірқатар дәулетті құрылыстар әсем астананың тартымдылығын еселеп тұр. Соның бірі – Хан Шатыр.
«Шатыр атаулының Ханы» әлемдегі ең биік шатыр ретінде Гиннес рекордтар кітабына енгізілген. Оған қоса Хан Шатыр - Орталық Азиядағы ең ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының бірі, әрі «Forbes» журналы пікірінше әлемдегі үздік экоғимараттардың ондығына кіреді.
Биіктігі 150 метрге жететін шатыр инновациялық материалдардан жасалған. Соның нәтижесінде ғимаратқа тән жайлы микроклимат қалыптасып, «мәңгілік жаз» орныққан.
Хан Шатыр – жас астананың көп қырлы келбетінде айқын бедерленген заманауи сәулет өнерінің озық үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет