Басылым: алтыншы


Сутегінің екі атомынан Сутегі молекуласындағы



бет17/49
Дата31.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#21763
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49

Сутегінің екі атомынан Сутегі молекуласындағы


тұратын жүйенің энергиясы атомдық электрон

бұлттарының бүркесуі


Химиялық байланыстың пайда болуының екінші шарты – элементтердің электрон бұлттарының бүркесуі, екі ядроның арасында электрон бұлттарының тығыздығының артуы. Электрон бұлттарының тығыздығының артуы ядролардың осы электртеріс заряды басым аймаққа таралуын күшейтеді, нәтижесінде жүйе тұрақтанады, сутегі молеуласы түзіледі.

Химиялық байланыс түзіген кезде бөлінетін энергияны байланыс энергиясы, оны түзуге жұмсалатын энергияны байланыты үзу энергиясы деп атайды. Мысалы, су молекуласын сутегі атомдарына біртіндеп ыдыратқанда жұмсалатын байланысты үзу энергиялары төмендегідей:


1) Н-О-Н  Н-О+Н Н=493, 77 кДж/моль

2) Н-О  Н+О Н=424, 05 кДж/моль


Су молекуласының орташа байланыс энергиясы.
(493,77 + 424,05) / 2 = 458,91 кДж/моль
яғни химиялық байланыс энергиясы жеке байланыстарды үзу энергиясының орташа мәні, Химиялық байланыс энергиясы туралы айтқанда осы жағдай есте болуы керек.

Атомдық орбитальдардан молекулалық орбитальдар түзілген кезде түзілетін Химиялық байлаынс энергиясы, ұзындығы, кеңістіктегі пішіні орбитальдардың гибридтелетінін көрсетеді. Мысалы, BeCl2 молекуласы түзілгенде бериллидің бір S бір p орбиталі хлордың p орбитальдармен қабысып sp және р-р байланыс түзілу керек. sp – байланыс қысқа әрі әлсіз, pp – байланыс ұзынырақ берік болуы керек. Бірақ тәжірбие бұл екі байланыстың ұзындығы да беріктігі де бірдей екенін көрсетеді, яғни молекула түзілу барысында атомдық, орбиталдар өзгеретінін көрсетеді.



Гибридтелу деп атомдық орбитальдардың молекулалық орбитальдар түзілу барысында араласып теңесуін, кеңстіктегі орналасуы мен пішіні жағынан бірдей болуын айтады. Гибридтелудің себебі жеке S және р орбитальдар қатысуының нәтижесінде түзілген байланыстан гибридтелген орбитальдан түзілген Химиялық байланыстың шықтырақ болатынында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет