Басылым: алтыншы


Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тепе-теңдігі



бет45/49
Дата31.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#21763
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тепе-теңдігі. Редоксиметриялық анықтауларда эквиваленттік нүктесін әрекеттесетін компоненттің бояуының жоғалуынан немесе пайда болуынан индикаторлар көмегімен не физика-химиялық әдістермен анықтауға болады. Индикатор ретінде ерітіндінің бояуын өзгертетін тотықтырғыш немесе тотықсыздандыргышпен реакцияға түсетін заттардың ерітіндісін пайдаланады. Мысалы, крахмал иодтың шамалы мөлшері болғанда сорбциялык немесе комплекстік қосылыс түзе кек түске боялады. Тиоцианат иондары үш валентті темір иондарының артық мөлшерімен қызыл күлгін түсті комплексті қосылыстар түзеді.

Редокс-реакциялар индикаторлары.

Мұндай индикатордан баска оксидиметриялық әдістердежүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалының шамасына байланысты ездерінің бояуын өзгертетін индикаторлар қолданылады.

Индикаторжүйенің редокс-потенциалына байланысты, яғни тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыштың әсерінен бір түрден екінші турге өте алады, демек хромотроптық топтар пайда болатын немесе жойылатын құрылымы, осыған байланысты түсінің өзгеруіне алып келеді. Редокс-индикатор ерітіндісінде тотыққан және тотықсызданған түрлері арасында тепе-теңдік пайда болады.

Indox +ne = Indred Индикаторлық жүйе потенциалын Нернст теңдеуі бойынша есептейміз.

Е = Е0+0,059/n lg [Indox ] /[Indred ]


Егер индикатордың боялған түрінің біреуінің концентрациясы екіншісінікінен 10 немесе одан көп есе артық болса, ерітіндінің түсінің озгеруін көзбен көруге болады деп қабылданған, яғни

Е = Е0+0,059/n


Иңдикатор бояуын өзгертетін потенциал эквиваленттік нүктедегі потенциал мәніне мейлінше жақын болатыңдай етіп редокс-индикаторды таңдайды. Индикатор өте тез және қайтымды тотығып және тотықсыздануы қажет. Егер индикатор қайтымсыз өзгерсе ерітіндінің жеке аймақтарында титранттың артық мөлшеріне уақытша пайда болуы индикатордың біртіндеп то-тығуына алып келеді де бояуының шұғыл өзгеруі көрінбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет