«Бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»


V. Оқушыларды комбинаторикалық есептер шығаруға жаттықтыру



бет28/31
Дата09.04.2022
өлшемі8,44 Mb.
#30425
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
V. Оқушыларды комбинаторикалық есептер шығаруға жаттықтыру

- Енді есеп шығаруды бастайық

- Дәптерлеріміздің 17 бетіндегі 1-ші тапсырмаға назар аударайық. Сандарды үйшіктерге қалай орналастырамыз? Оның қанша жолын табуға болар екен? Кәне осы жерде «Кім жылдам» ойынын ойнап көрейік. Ол үшін маған 3 оқушы керек және олар берілген тапсырманы аз уақытта орындап шығуы керек. Ал қалғандарымыз қабырғадағы сағатқа қарап кеткен уақытты есептеп отырамыз.

(Тапсырма интерактивті тақтада жазылып тұрады. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету барысында уақытқа орындаттым және математикамен пәнаралық байланыс орнатылды. Сонымен қатар физикалық шама «уақытты бағдарлай алу» қасиеті дамытылады, оқушылардың бірін-бірі бақылауы мен бағалай білу дағдысы қалыптасады).

Енді «Алтын сандық» ойынын ойнайық. Ойынның мақсаты дәптеріміздің 18 бетіндегі 7 тапсырманы дұрыс орындау. Егер кімде кім дұрыс орындай алмаса онда біз сандықтың кілтіне қол жеткізе алмаймыз, ал кілт болмаса әрине сандықты аша алмаймыз. Ал ол сандықты ашу өте маңызды, себебі ішінде «қазына» бар.

Алдымен тапсырманы оқып жіберейік. Кәне Алмас сен оқи ғой.

- Қорапта 2 қызыл және 2 жасыл шар бар. Оларды орналастырудың қанша нұсқасы болуы мүмкін. Суретін сал.

- Олай болса маған осының бір нұсқасын интерактивті тақтада өзің келіп орындап бере ғой. (Осылайша 5 нұсқасы табылып оны оқушылар кезекпен шығып тақтада орындап шықты).

- Сонымен бізде 5 нұсқасы шықты. Ал сендерде ше балалар?

- бізде де 5 нұсқа. 2 шардан алғанда - ҚҚ, ЖЖ, ҚЖ, ал үш шардан алғанда ҚҚЖ, ЖЖҚ болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет