БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
Муканова Айгерим Бауыржановна Бастауыш оқытудың
әдістемесі мен педагогикасы мамандығының 2-курс студенті
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Ӛ скемен
қаласы Ғылыми жетекші-Г.К.Макшиева
Халық тәлімі ең алдымен тҥ н ҧ йқысын тӛ рт бӛ ліп, тал бесікті тербеткен аналық
мейірім мен махаббатқа толы әлдиі – бесік жырын, айтылуға оңай, ойнақы тақпақтарды айтқыза
отырып, ананың балаға деген ыстық мейірімін, ҥ міт-сенімін бала бойына сіңіріп, ата-ана
алдында баланың қарыздар, борышты екенін тҥ сіндіруді мақсат етеді.
Мектепте тілді оқыту ісінде ана тілі пәнінің ҥ лесі орасан зор. Бҧ л ҥ лес тҥ пкі мақсатына,
мазмҧ нына, ерекшелігіне тікелей байланысты. Ана тілі пәні бойынша оқушыларды ӛ мірге баулу
жӛ ніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық қызметіне, атап айтсақ, тҥ пкілікті коммуникативтік
байланыс, қатынас қҧ ралы ретінде және экспрессивтік ( әсер, ықпал етуге, дәнекер болу) қызметіне
орай жҥ зеге асырылады. Олай болса, ана тілі пәні балаларды ауызша да жазбаша да
95
толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетіндей етіп шығаруды тҥ пкілікті нысаны етіп ҧ сынуы
қажет.
Жастарды жан-жақты білімді, мәдениетті азамат ретінде тәрбиелеудегі негізгі
міндеттердің бірі – оқушылардың жалпы тілін дамыту және жоғары дәрежедегі тіл мәдениетін
жетілдіру болып қала береді.
Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту мен тіл мәдениетін жетілдіру, олардың
ана тілінің байлығын меңгерудегі рӛ лі, тіл дамыту мен тіл мәдениетін қалыптастырудың
методикалық жолдары туралы Қазан революциясынан кӛ п бҧ рын-ақ орыстың ана тілінің
ғылыми әдістемесін жасаушы ғалым-педагогтері Ф.И. Буслаев, И.И. Срезневский және К.Д.
Ушинский т.б. баға жетпес пікірлер ҧ сынған болатын. Олардың еңбектеріндегі ана тілін
ҥ
йретудің басты негіздері – практикалық жҧ мыстар мен жаттығулар, кӛ рнекі қҧ ралдар
оқушылардың сӛ йлеу және жазу тілдерін дамытуға арналған.
Ф
.И.
Буслаев ана тілін оқыту процесінде оқушыларды сӛ йлеу тіліне
дағдыландыруға айрықша мән берді. Ол ана тілін оқыту ісін таза теориялық
тҧ рғыда жҥ ргізуге болмайтынын ескертеді. Оқушыларға жазба жҧ мысымен де
кӛ бірек айналыстыру керек дей келіп, ол жазбаша орындалатын жаттығуларды
ҥ
ш тҥ рге бӛ леді:
біріншіден, оқушыға жоспар жасату, оны ойландыру қажет
екіншіден, мазмҧ ндау, ойын баяндай білуге ҥ йрету
ҥ
шіншіден, ӛ з бетінше әңгімені, оқиғаны баяндауға, шығарма
жаздыру қажет деген талаптар қояды.
сурет 1 Жазбаша орындалатын жаттығулар
«Мектеп оқушыларының тіл мәдениетін арттыру, оларды ана тілін жетік білуге баулу ана
тілі сабақтарының, сондай-ақ ана тілінде жҥ ретін барлық пәндердің негізгі мақсаттарының бірі
болып табылады. Жасыратыны жоқ, қазақ мектептерінде бҧ л мәселе әлі де жӛ нді кӛ ңіл
бӛ лінбей келеді», - деп Қ.Жарықпаев ӛ те орынды айтқан.[1;12]
Тіл дамыту және стиль мәселесін зерттеуші Р.Әміров бастауыш сыныптардан бастап
оқушыларды стильдік дағдыларға тәрбиелеуді талап етеді. «Ҧ лттық тіл бірнеше стильдік тҥ рге
сараланады. Тіл неғҧ рлым жетілген сайын қоғамдық қызметі ӛ се келе, оның стильдік
тармақтары молая тҥ седі. Біздің заманымызда қазақ тілінде кӛ ркем әдебиет стилі, ғылыми
стиль, публицистика стиль, ауызекі сӛ йлеу стилі т.б. дами тҥ сті. Тілдің стильге саралануы
оның жҧ мсалу ыңғайына, қоғамдық қызмет ӛ ресіне, міндетіне байланысты. Ғылыми стильде
ғылым-білімге қатысты терминдер кӛ п жҧ мсалады. Оның есесіне экспрессивті эмоциональды
сӛ здер, грамматикалық формалар аз кездеседі. Ауызекі сӛ йлеу ерекшеліктеріне әсер ететін –
оның диалог тҥ рінде жҧ мсалуы. Онда эмоциялы сӛ здер, грамматикалық форма жиі
96
қолданылады, сӛ йлем мҥ шелерінің орны ауысады, қыстырма сӛ йлемдер кӛ п ҧ шарайды.
Шәкірттер тілін жаттықтыра отырып, оның сӛ здік қорын молайта тҥ су, оның бойына сӛ з
маржаны тізу – мҧ ғалімнің, ең алдымен, тіл шеберлігін талап етеді, - деп жазады
Р.Әміров.[2;114]
Мектеп бағдарламасында оқушылардың тілін дамыту мәселесіне ерекше назар
аударылған. Бҧ л ӛ мір талабынан, тҧ рмыс қалауынан туған нәрсе. Жалпы, қауымның
мәдениеті кӛ терілген сайын ӛ мірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениетін де
кӛ теріп, сӛ йлейтін, я жазатын адамның ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп қҧ рауын
қалайды. Бҧ л ҥ шін, әрине, оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамытуды жас кезден
бастап қолға алу қажет.
Тіл арқылы ойды қабылдау, сезінудің жолдары тҥ рлі-тҥ рлі екендігі белгілі. Біріншіден,
тіл туралы білім мен дағды ҧ зақ мерзімде бірте-бірте жинақталу арқылы дамиды. Екіншіден,
балаланың басқа адамдармен қарым-қатынасы, табиғатты бақылау арқылы сӛ здік қоры молыға
бастайды. Яғни, кҥ нделікті есту, айту сияқты практикалық жҧ мыстармен баланың алғашқы
синтаксисі артады, байланыстырып сӛ йлей білу қабілеті дамиды.
Оқушының ойы мен тілін дамыту жҧ мыстарында: әсіресе шығарма мен мазмҧ ндама
жазуда, белгілі ойға мәтін қҧ растыруда, шығарма мен мазмҧ ндама жазуда, белгілі ойға мәтін
қҧ растыруда, тағы басқа жҧ мыстарда анализ әр уақытта синтезден бҧ рын жҥ реді. Анализден
бҧ рын келуі синтезге жол ашады. Бҧ дан анализ стилистиканы оқыту жҧ мыстарында ҥ немі
бҧ рын жҥ реді деу емес, анализдік әдіс ҥ йрету, мәлімет беру кезінде синтезден соң да қолдана
береді. Мысылы, оқушы сӛ йлемдегі сӛ здердің ойды жеткізудегі нақтылығы мен дҧ рыстығын
анықтауда немесе даяр мәтінді стилистикалық мақсатқа байланысты талдау жасауда синтезден
соң анализ пайдаланылады.
Тіл мәдениетін арттырудың психологиялық негізі
бірнеше кезеңдерден тҧ ратындығы байқалады.
Бірінші кезең оқушылардың белгілі жағдайға байланысты тілдік қҧ ралдарды
қолданудың дҧ рыс, бҧ рыстығын сезінуі немесе байқауы. Бҧ л кезеңде, тілдік
қҧ ралдарды, әсіресе сӛ здерді, сӛ з тіркестерін қолдана білуге баулу қажет.
Екінші кезең – алғашқы теориялық ҧ ғамдармен таныстыру. Бҧ л кезде
оқушылардың ойлау жҥ йесінің кҥ рделенуі мен тілдік қҧ ралдарының
қолдануына басты назар аударылады. Атап айтқанда, тілдік қателер ойды жеткізу,
басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың тҥ рлі формалары, тілдік
қҧ ралдардың оған сәйкестігі немесе байланыстылығы сияқты ҧ ғамдар ҥ йретіле
бастайды.
Ҥ
шінші кезең тіл мәдениетін арттыруды меңгеру. Бҧ л кезеңде оқушылар
теориялық немесе практикалық жҧ мыстар арқылы стилистикалық қҧ ралдарды
меңгереді. Бҧ л кезде оқушының ойлау жҥ йесі біршама жоғары дәрежеде дами
тҥ седі.
Сурет 2 Тіл мәдениетін арттырудың психологиялық негізі кезеңдері
Қазақ мектептеріндегі ғылым негіздерін игерту ана тілі арқылы жҥ ргізіліп, оқушының
дҥ ние танымын, ой ӛ рісін, тілін ауызша, жазбаша сӛ йлеу икемділіктері мен дағдысын дамыту
тілдің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жҥ зеге асырылады. Сондықтан мектепте ана тілін
оқыту арқылы тіл заңдылықтарын жете меңгерту, әдеби тіл нормаларында ауызша сӛ йлеп,
ойын еркін жеткізе алу мен сауатты жаза білу міндеттері, яғни ана тілін дамыту арқылы оқыту
талап етіліп отыр.
Тіл дамыту жҧ мысы мектепте ҥ здіксіз және белглі бір мақсатта жҥ ргізіледі. Әлбетте,
«...қазақ тілінің жҥ йелі курсы негізінде жҥ ргізілетін тіл дамыту жҧ мыстарында оқушының
сӛ здік қорын, сӛ з байлығын толықтыру, ой-ӛ рісін кеңейту, дамыту және ӛ з ойын анық,
дҧ рыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білу жолдарына баулу, дағдыландыру мақсаты кӛ зделеді.
Баланың ауызша тілін дамыту ҥ шін ең алдымен қарым-қатынас жасауға, сӛ йлеу әрекеті
дағдысын қалыптастырып, сӛ йлеу икемділігін жетілдіру қажет. Т.А. Ладыженская ана тілі
сабақтарындағы сӛ йлеу негізгі мақсаты оқушылардың «шындыққа жанасымды нақтылы
сӛ йлеуін тудырып, қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыру»,-деп біледі. Демек, қарым-
қатынасқа ҥ йрету дегеніміз сӛ йлеу әрекетіне жаттықтыру болып табылады.
К.Аханов: «Тіл дамытуды айтайын дегенді дәлме-дәл, ашық, айқын, әсерлі тҥ рде
жеткізіп беру. Ол ҥ шін тілді, әсіресе, оның байлығын, кӛ ркемділігі мен ҥ нділігін, сан сырлы
мағынасы мен ӛ ткірлігін, эмоциональды болуы мен экспрессивті қызметін жан-жақты
меңгеру», - деп біледі.[3; 152]
Тікелей мектеп оқушыларының сӛ йлеу мәдениетін қалыптастыру, мәселесіне келсек,
бастауыш сыныптан бастап бір сабақты «ертегі сабағы» немесе «ертегілер елінде» «шешендік
шиырлар» деп апта сайын ӛ ткізсе дҧ рыс болар еді. Тіл сабақтарында мазмҧ ндама, шығарма
жазу, шығармашылықпен айналысу, қабырға газетін шығару сӛ йлеу мәдениетін
қалыптастыруда елеулі әсер ететін фактор. Мҧ нда айта кететін жай – шығарма мен
мазмҧ ндама жазу нағыз жетісті әдіс болып табылады. Қандай да бір тақырыпта шығарма
жҧ мысын жазу ҥ шін бала сол тақырыпқа байланысты ӛ з бетінше материалдар іздейді, ата-
анасының, жоғары сынып оқушыларынан сол жайлы сҧ растырады, пікір алмастырады.
Баланың сӛ йлеу мәдениетін қалыптастыру оның ӛ зі ӛ сіп, ӛ мір сҥ ріп отырған
ортасымен қандай қарым-қатынаста болумен тығыз байланысты. Қоршаған ортамен тығыз
байланыс қай кезде болады? Ол белгілі бір мәселе жайында оқушылардың ӛ зара пікір таласы
кезінде болады. Пікір таласты бала қалай тҥ сінеді, мәселе сонда?! Ӛ з ойын бала қалай
жеткізеді, ойы жҥ йелі ме, толық айта алды ма? Алдымен соған мән беру керек. Баланың
кішкентай кезінен бастап ойлауы мен сӛ йлеуін қалыптастыра білуі ӛ скенде кӛ рініс береді.
Қазіргі «ҥ лкен» адамдардың, мемлекет басшыларының сӛ йлеуіне назар аударып қараңызшы,
«жанағы», «манағы», «сосын», «мысалы», сияқты қыстырма сӛ здердің бастауы қайда жатыр?
Әдеби кештер, әр тҥ рлі мәдени шаралар, жарыстар ӛ ткізу арқылы баланың тек ой
ӛ
рісін ғана кеңейтіп қоймаймыз, сондай-ақ оның сӛ йлеу, ойлау мәдениетін қалыптастырамыз.
Кейінгі жылдар жемісі – оқушыларға риторика, яғни «шешендік ӛ нер» сабағы
жҥ ргізіледі. Әрине бҧ л қуанарлық жай. Шешендік ӛ нерге баулу, сӛ збен сендіруге уйрету,
шешендердің сӛ зінде, ӛ зін де тану балалар ҥ шін керек дҥ ние-ақ. Тоқсан ауыз сӛ здің
тобықтай тҥ йінін бере білу, аталы сӛ зге қҧ лақ тҥ ру ерте заманнан келе жатқан дәстҥ рлі салт.
Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал-мәтердері, жҧ мбақ жаңылтпаштары
ойнақы, жеңіл тілмен беріледі. Тіл сабақтарында ӛ тілетін тақырыпқа сай халықтық
шығармалардағы (жҧ мбақ, ӛ тірік ӛ лең, аңыз-әңгімелер), сӛ з ӛ рнектері шәкірттер тҥ сінігіне
лайықты, тілге орамды, жаттауға жеңіл болып келеді. Халықтық шығармалардың сан алуан
тҥ рлерін тӛ менгі сынып оқушылардың жас еркешелігіне сай сҧ рыптап пайдалану, мән-
мағынасын тҥ сіндіріп, жатқа айтқызу баланың тіл әлеміне деген қызығушылығын арттырады.
98
Балаға жаңылтпаш ҥ йретіп, оны айтқызу сӛ зі дҧ рыс сӛ йлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі
келмей бҧ зып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Тіл дамытуда мақал-
мәтел мен фразеологизмнің сӛ з тіркестерін пайдаланып сӛ йлем қҧ рату тілге кӛ рік
береді. Халықтың қанатты сӛ здерін оқыту, оның мағынасын тҥ сіндіру жақсы әдетке
ҥ
йретіп, жаман қылықтардан жирендіреді.
Ахмет Байтҧ рсынҧ лы тілді дамытуда тиімді деген әдіс-тәсілдердің әр тҥ рін
ҧ
сынған. Әдіскер-ғалым Ахмет Байтҧ рсынҧ лының қағидалары мен тиімді тәсілдерін
кәдеге жаратып, жас ҧ рпаққа тіл нақыштары мен сӛ йлеу мәнерін ҥ йрете білсек, ойы
озық болып, тілі дамиды, сӛ здік қоры молая тҥ седі.[4;16]
Бҥ гiнгi қолымызға жиналған мәлiмeттeрдi саралай кeлгeндe шeшeндiк сӛ здeрдiң
кӛ лeмiнiң тым аyқымды, iшкi жанрлық тҥ рлeрiнiң дe алyан тҥ рлi eкeндiгiнe,
классикалық әдeбиeттiң кeлeлi мәсeлeлeрiн шeшyдe кәдeгe асып жатқан шығармалар
eкeндiгiнe кӛ з жeткiздiк.
Бастауыш сыныптарда шешендік сӛ здерді оқытудың негізгі мақсаты –бастауыш
сынып оқушыларының ӛ з ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тҧ лға
деңгейіне кӛ теру, яғни ҧ лттық шешендік сӛ йлеудің айла амалдарын шешендік ӛ нердің
сыр мен сымбатын, тапқырлықты, шешендік сӛ здерде қолданылатын тәсілдерді бҥ гінгі
ҧ
рпақтың бойына сіңіру.
Оқушылардың тіл мәдениетін арттыруда шешендік сӛ здерді пайдаланудың орны
ерекше. Шешендік сӛ здерді оқыту арқылы тіл мәдениетін қалыптастыруды ғылыми-
практикалық баспасӛ з беттеріндегі оқушылардың тіл мәдениетін арттырудың ана тілі
сабағында ҧ йымдастыру іс-тәжірбиесі талқыланды.
Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру туралы сӛ з қозғағанда ең алдымен
мҧ ғалімге назар аудару керек. Оқушының тіл мәдениетінің қалыптасуында
мҧ ғалімінің алар орны ерекше. Мҧ ғалімдер кҥ нделікті сабақ беру ҥ рдісінде
шешендік сӛ здерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге
шебер ойы орамды болса мәдениетті сӛ йлеуге тәрбиелейді.
Әдебиеттер
1. Жарықпаев Қ. «Қазақ психологиясының тарихы» Алматы, «Қазақстан» 1996
жыл.
2. Әміров Р. Газет тілінде ҧ шырасатын кейбір сӛ з тіркестері жӛ нінде Тіл
мәдениеті және баспасӛ з. – 1972. – 114-124 б.
3. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп. – 1973. -622
4. Ладыженская Т.А. Анализ устной речи учащихся ІІ-III классов Изд. АПН.
РСФСР
1963. вып. 1,
5. Байтҧ рсынов А. Ақ жол—Алматы: Жалын, 1996. —16 бет
Достарыңызбен бөлісу: |