Бауыржантану факультативтік курс -5 сынып



бет1/3
Дата20.09.2022
өлшемі30,21 Kb.
#39555
  1   2   3
Байланысты:
Бауыржантану факультативтік бағдарлама (1)


«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы
№ 5 орта мектебі» ММ


БАУЫРЖАНТАНУ
Факультативтік курс -5 сынып
(мұғалімдерге арналған бағдарлама)

Құрастырушылар:
қазақ тілі мен қазақ
әдебиеті мұғалімдері:
Карабасова Д.К.
Муздибаева Р.Т.
Купобаева А.К.

Қостанай қаласы 2018ж.


Түсініктеме хат.

«Бауыржантану» атты факультатив сабағының нысаны - кіндік қанымыз тамып өскен, өз Отанымызды қорғау әр азаматтың міндеті. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, Отаншылдықты, елжандылықты дарыту - қазіргі кезде көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. «Бауыржантану» факультативтік бағдарлама бойынша бүгінгі жас ұрпаққа Отансүйгіштік, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға бағыт береміз. Оқушылардың бойына қайсарлық, батылдық және патриоттық сезімді қалыптастыруда тарихи жеке тұлғаларды, оның ішінде әскери қолбасшылардың белгілі бір тарихи оқиғаларға байланысты көрсеткен ерліктері мен соғыс тактикасындағы қолбасшылық өнерлерін дәріптеу оқушылардың жадында қалары сөзсіз. Мысалға: жас ұрпаққа өнеге болатын аттары аңызға айналған батыр бабамыз – Бауыржан Момышұлы. Мұғалім оқу бағдарламасының шеңберінде қалмай оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Бауыржан Момышұлының еңбек жолындағы ерліктің үлгісі болатын оқиғаларды айта отырса, оқушылар одан үлкен әсер алады. Осылай жалпы балалардың ой-өрісін, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты бойларына сіңіре отырып, Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдері қалыптасады.


Бағдарламаның мақсаты:
Оқушыларға жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктерін баяндай отырып, оқушыларда патриоттық сезімді кеңейту, адамгершілік пен еңбекке баулу, Бауыржан туралы дүниетанымын кеңейту.
Бағдарламаның міндеттері:

  1. Оқушыларды мәтінмен лингвистикалық талдау жасауға үйрету;

  2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;

  3. Әр балаға өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілік сездіретін әрекет жүйесін жасау;

  4. Келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау.

«Бауыржантану» факультативтік курсы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін қамтиды.
Тілдік пәндер циклінің интеграциялау (сабақта сауатты - оқу және жазу, яғни қазақ тілі мен әдебиет пәні)
Интеграция бірнеше мәселлелерді шешуге көмектеседі:

  • пәнаралық байланыстарды күшейту, толық көріністі жасау;

  • материалдың көлемін сақтай отырып оқыту уақытын қысқарту;

  • нақты сабақтың эмоциялық ахуалын құру;

  • сабаққа қойылған талап сақталады.


Жұмыс түрлері:

  • мәтінмен жұмыс;

  • сөздікпен жұмыс;

  • грамматикалық тапсырмалар;

  • кестемен жұмыс;

  • сөзжұмбақ шешу;

  • ребус шешу;

  • тест тапсырмалары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет