Баяндама педагогика ғылым ретінде



Дата07.01.2022
өлшемі19,75 Kb.
#17677

БАЯНДАМА

Педагогика ғылым ретінде

«Қазақ мектептері – қазақтарға білім берудің басты құралы… біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім берілетін болсын… Ғылыммен қаруланған, əр нəрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа əсер ете алады».

Ы.Алтынсарин

Әрбір мұғалімнің өз ісінің шебері болуы үшін педагогиканы білуі, кəсіби ой толғастыруға үйренуі, содан кейін іс-əрекет жасауы өте маңызды. Педагогика оқу тəрбие қызметінің жағдайлары мен нəтижелері арасындағы жалпы тəуелділік байланыстарды ашып береді. Ол оқу мен тəрбиенің көзделген нəтижесі қалай орындалатынын, неліктен анау не мынау проблемалардың туындайтынын көрсете отырып, күнделікті кезігетін қиыншылықтарды жеңудің жолдарын көрсетеді.

Педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.

Әр түрлі авторлар тұрғысынан педагогикаға бірнеше анықтама беруге болады:



  • адамзат тәжірибесін бөлісу және жас ұрпақты өмір мен еңбекке дайындау мақсатын көздеген ғылым (Н. В. Бордовская, А. А. Рин);

  • адамды оқыту мен тәрбиелеудің мәні, заңдылықтары, принциптері, әдістері мен формалары туралы ғылым (Л. В. Мардахаев);

  • адамдарды қоғам өмірімен таныстырудың арнайы, әлеуметтік және жеке анықталған қызметі (П.И. Пидкасисти);

  • педагогикалық жүйе жағдайында ұйымдастырылған және оның субъектілерінің дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық процесс туралы ғылым (Н. В. Бордовская, А. А. Рин, С. И. Розум);

  • мәтіндер мен "дәстүрлерде" (а.в. Мудрик) көрініс табатын білім беру (оның ішінде білім беру) деп аталатын әлеуметтік шындықтың үзіндісі.

Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.

Ежелгі дуние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.

ХV-ХVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла). Гуманистtр жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.


Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шығармауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.

Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.

Ал қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады Ы.Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты. Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пәнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.

Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян.

Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы («Педагогика» оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.).

Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі – бұл «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық-тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.

Педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында –мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады.

Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер. Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады: сипаттау немесе түсіндіру, анықтау және болжау. Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді: жобалау, жаңалау және ықпал – таныту және реттеу түзетулер. əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған – үлкендердің бедел – абыройына жəне балалардың бағыныштылығына негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым, шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші – гуманистік ағым. Олардың арасында –сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.

Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған. Бұл жүйеде мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тəрбие процесі əсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары кəсіптік деңгейде басқара білу қажет. Өз проблемаларын шешу барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.

Қолданылған әдебиеттер:

1 Белых А.С. Педагогика высшей школы. – Луганск: Изд-во ЛНУ им. В. Даля, 2018. – 248

2 Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы: «Нұр-пресс», 2005. – 228 бет.

3 Коянбаев Ж. Б., Коянбаев Р. М. Педагогика. - Алматы, 2002. - 384 бет.

2-80,70

3-70,90


4-85

5-80


6-

7- 80


8-

9 -90 70


10-85

2-80


3-70

4-85


5-80

6-

7- 80



8-

9 -90


10-85

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет