Баяндама тақырыбы: Френелдің тәжірибелері Орындаған: Пернебай А. Қабылдаған: Нурашев Х. Тобы: еп-21-3к2 Жоспар



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі193,35 Kb.
#135249
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтсүтік Қазақстан Университеті

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Френелдің тәжірибелері



Орындаған: Пернебай А.
Қабылдаған: Нурашев Х.
Тобы: ЕП-21-3к2
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.1.Френельдің қос жалған тәжірибесі
1.2.Бипризмамен жacалған тәжірибе
1.3.Френель теориясы
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Френель Огюстен Жан (1788-1827) - француз физигі, Париж Fылым Академиясының мүшесі. Ол жарықтың толқындық табиғаты жөніндегі болжамға сүйене отырып жарықтың интерференциясы мен дифракциясының теориясын жасады, жарықтың поляризациясы мен қосарланып сынуын зерттеді, жарық тербелістернің көлденең көлденең тербеліс екендігін дәлелдеді. Френель жарықтың толқындық теориясының негізінде екі мөлдір орта шекарасының бетінен сынған дарықтың интенсивтілігн анықтайтын формуланы қорытып шығарды. Оның негізгі ғылыми еңбектері 1815-22 жылдары орындалды. Ферель Френель айнасы мен Френель линзасын құрастырды
Френель қазіргі толқындық оптиканың негізін салды. Гюйгенс принципін, екінші реттік толқындар идеясымен толықтыра отырып, ол дифракцияның сандық теориясын құрды. Осы принцип негізінде Френель геометриялық оптика заңдарын атап айтқанда, жарықтың біртекті ортада түзу сызықты таралу сипатын түсіндірді. Ол толқын бетінің зоналарға бөлінуіне негізделген дифракциялық көріністі есептеудің жуық методың жасап шығарған. Жарық толқындарының көлденендігін алғаш Френнель дәлелдеді.

Негізгі бөлім
Қос жасалған тәжірибе.
Дербес екі жарық көзінен (екі электр лампадан, екі шамнан т.т.) таралған жарық шоқтары когерент бола алмайтындығы жоғарыда айтылды. Сөйткенмен бір жарық көзінен таралған жарықты шағылу құбылысын пайдаланып, екі шоққа айырып, когерент жарық шоқтарын алуға болады. Френель ең алғаш (1818 ж.) жазық айналарды пайдаланып осы пікірді іске асырды. Оның тәжірибесінің схемасы 1-суретте көрсетіліп отыр.
Мұндағы мен - көлбете орнатылған жазық айналар, олардың жылтыр беттері аралығындағы бұрыш 180°-қа жуық; ал бұрышы өте кішкене. S — монохромат жарық көзі; S-тен шыққан сәулелер EE экранға тіке түспес үшін K қалқа қойылған. мен — оның жорымал кескіндері. Сонда жазық айналардан шағылған жарық шоқтарын осы және жорымал кескіндерден шыққан деп қарауға болады. Бұлар когерент жарық шоқтары болып табылады. Өйткені олар, дұрысында, бір жарық көзінен шығып, қос айнадан шағылысып, екі айрылған жарық шоқтары.
Бұлар берілген нүктеге әр түрлі жол жүріп келеді. Басқаша айтқанда алынған нүктеге келген толкындардың белгілі жол айырмасы болады. Сондықтан осы толқындар қосылысқан алқапта интерференциялық бейне байқалады.
Сонда екі жарық толқындары қосылысқан нүктенің жарықталынуы толқындардың жарық көзінен, немесе оның жорымал және кескіндерінен берілген нүктеге дейінгі жолдардың айырмасына тәуелді: егер жолдар айырмасы жарты толқындардың жұп санына тең болса, онда жарықталыну максимал болады, егер осы жолдар айырмасы жарты толқындардың тақ санына тең болса, онда жарықталыну минимал болады.
Соңда интерференциялану алқабына қойылған EE экранның бетінде жарық және қара қоңыр жолақтар байқалады, интерференциялық бейненің центрінде (M нүктеде) өте жарық жолақ болып, оның екі жағына кара коңыр және жарық жолақтар алма-кезек орналасады.
Френельдің қос айнасы

Егер Френельдің қос айнасына ақ жарық (күн жарығы, электр доғасының жарығы т.т.) түсірілсе, онда орталық жолақ ақ болады, да оның екі жағындағы жолақтар түрлі түсті болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет