Баяндама тақырыбы: Отбасындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері Орындаған: Жұмалиева Жансая Тексерген: Абуханова Ажар Базарбаевна



Дата25.05.2023
өлшемі72,02 Kb.
#97443

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Отбасындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері
Орындаған: Жұмалиева Жансая
Тексерген: Абуханова Ажар Базарбаевна

Талдықорған, 2023 жыл


Отбасындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері
Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам – бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері. В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек. Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады. Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі. Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар:

  • үздіксіздік;

  • тəрбиелік əсер етудің көп факторлығы мен қайшылығы;

  • тəрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы;

  • тікелей əсер ету (көмекші бөлімшесіз, көмекші адамсыз);

  • қарым-қатынастың жекелігі;

  • өзара қарым-қатынастың табиғилығы мен көпқырлығы;

Ата-ананың міндеті – ескі өмірлік таптаурындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптаурындар жасау. «Жекеше» қаралатын əлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең бастысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының əсерін бəрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың əлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едəуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тəрбиеден басқа балаға отбасындағы атмосфера да əсер етеді. Бұл əсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі. Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы əлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі жəне өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Əрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді. Салыстырмалы түрде жеке болатын балаларды тəрбиелеуде бірқатар психологиялық механизмдер бар, олардың көмегімен ата-ана өз баласының тəрбиесіне ықпал етеді. Біріншіден, қолдау: ересектер баланың дұрыс деп санайтын əрекеттерін марапаттап, ал белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жазалау арқылы баласының санасына ережелер жүйесін ендіреді, оларды сақтау біртіндеп бала үшін əдетке сай əрі ішкі қажеттілік болып қалыптасады. Екіншіден, идентификация: бала атаанасының үлгісін байқап, оларға еліктейді, сондай болуға тырысады. Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі дүниесін біле тұра, оның мəселелеріне көңіл бөліп, ата-ана баласының санасы мен коммуникативтік қасиеттерін қалыптастырады. Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді. Керісінше, шешесі шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады. Психологиялық қарсылық механизмінің де маңызы зор: еркіндігі шектелген жасөспірімнің дербестікке ұмтылу қабілеті жақсы қалыптасады, ал ештеңеден шектелмеген бала тəуелді болып өседі. Сондықтан баланың нақты қасиеттері, негізінде, ата-анасының қасиеттеріне байланысты болмайды (ұқсастығы жағынан да, айырмасы жағынан да), тəрбиелеудің жеке əдістерінен де шықпайды. Отбасылық тəрбиенің ерекшелігін оның анықтамасынан көруге болады. Отбасылық тəрбие дегеніміз – ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Тəрбиелеу əдістерінің түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз.
Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:

  • сендіру;

  • тіршілікті ұйымдастыру;

  • түзету;

  • марапаттау жəне жазалау;

Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс отбасының педагогикалық үрдіс аясында жүреді. Мектеп оқушылары отбасының педагогикалық үрдісіне қатысатынын жəне осы үрдістің нəтижесі ата-ананың үрдісті қаншалықты саналы басқаратынына көбірек байланысты болатынын ескере отырып, осы екі педагогикалық үрдіс өзара байланысты деуге болады. Олардың нəтижелері қосылып, не оның тиімділігін арттыра түседі, не бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, онда тəрбиелік əсер едəуір төмендейді. Ата-ананың отбасы – əлеуметтендірудің маңызды институты. Алайда қазіргі отбасы бұрынғы кезеңде алған басым рөлін жоғалтты. Бұған жалпы тəрбиенің мəні де, ерекшелігі де, отбасының өзінің өзгеруі де əсер еткен: тұрақтылықтың өзгеруі, баланың аздығы, əкенің дəстүрлі рөлінің əлсіреуі, əйелдердің еңбекпен шұғылдануы жəне т.б. Отбасындағы қарымқатынас стилі де өзгерді. Авторитарлық тəрбиенің күйреуі ата-ана мен баланың өзара қарымқатынасын жұмсартып, жақындатып, екі жаққа да жекеше əрі эмоционалдық тұрғыдан маңыздырақ ете түсті. Қазіргі күні тəрбиелеуде атаананың билігі емес, моральдық беделі жөніндегі мəселе маңыздырақ. Күшке сүйенетін билікке қарағанда, ата-ананың моральдық беделін ұстап тұру қиынырақ. Тəрбиелеудегі қарым-қатынасты жекелендіру оның мəнін арттырады, сонымен бірге бұл қатынастарды, əсіресе ата-ананың қарым-қатынас ауқымы мен таңдауы кеңейген жасөспірімдік кезеңде нəзіктендіре түседі. Балаларды тəрбиелеудегі əлеуметтендіру дегеніміз – индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім, қағидалар мен құндылықтардың жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл əлеуметтік жəне психологиялық үрдістер жиынтығы. Оған саналы, қадағаланатын, мақсатты əсер ету (кең мағынада алғанда тəрбиелеу) ғана жатпайды, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына əсер ететін тылсым, кездейсоқ үрдістер де жатады. Барлығына белгілі, отбасы адамзатты бірегей əлеуметтік құрушы болып табылады. Болашақ əлеуметтік білім ретінде, отбасының белгілі əлеуметтік функциялары бар, оның өмір сүруінің қоғамдық қажеттіліктері ретінде, сондай-ақ отбасы мүшелерінің дербес қажеттіліктері де бейнесі болып табылады. Отбасының бейнесі əлеуметтік институт ретінде, əлеуметтік нормаларда, жұбайлардың, ата-аналардың, балалардың жəне басқа да туысқандардың арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші санкциялар мен ұстаным үлгілерінде тұжырымдалған. Соңғы онжылдықта ата-ана мен балалардың қарым-қатынастары терең жəне бір-біріне бауыр басқандықпен анықталады, себебі көптеген адамдар үшін балалар негізгі құндылықтардың бірі болып келеді. Бірақ, бұл қазіргі отбасының қарым-қатынасын қиындатады. Мұндағы себептер, ата-аналардың əдеттегі мінезқұлқы өзгеруде. Əке – экономикаға қатысты отбасының басшысы емес, бұл қызметтерді анасы жиі орындайды, жұмыс істемейді, бұрынғыдай ата-ана билігінің беделі емес. Оған ауысымға ата-ананың жеке беделі келеді. Қазіргі уақытта балалар ата-аналарынан гөрі жақсы білім алған, уақытының көп бөлігін отбасынан тыс өткізуіне мүмкіндігі бар, демек, өмір сүрудің басқа саласында. Барлығы аз бақыланатын жəне жүзеге асырылатын ата-аналарының қарсылығы болды. Кейде ата-аналар өздері де нені болатынын, неге тыйым салу керектігін білмей қалады. Бұл балаларға қатысты əкесі мен анасының тəрбиедегі əлеуетін жиірек драматикалық жасайды. Бүгінгі отбасында дағдарыс құбылыстары дамуда. Бұл отбасының тұрақсыздығына да əсер етеді, оны іріткі салуынан көруге болады, онда күйеу мен əйел бір-бірін түсінбейді, ол баланы тəрбиелеуге ортақ жолды таба алмайды деген сөз. Іріткі салынған отбасыларда ережеге сəйкес, баланың қалыпты əлеуметтенуі мен дербестіктің дамуы үшін қажетті жағдайлар жоқ. Бұған социологтардың, психологтардың, педагогтардың, құқықтанушылардың, отбасымен жұмыс істейтін тəжірибешілердің ғылыми зерттеулерінің деректері куəлік етеді. Тəрбиенің жоқтығы да – тəрбиеге жатады. Қараусыз қалу, қараусыз қалғандағы жағымсыз əсерлер де тəрбиелейді. Өзіне деген назарды сезінбегенде, бала басқаларға немқұрайды немесе долданғыш, қарсы келгіш болады. Бағытталған тəрбиелеуші əсері жоқ, бірақ та жанама түрде бар. Бала отбасында тұрғандықтан жəне оған оның үлкен мүшелерінің өмір сүру салауаты əсер етеді. Егер олардың барлығын жасыратын болса жəне егер ата-анасының өмірі ашық болса, егер отбасында көп сөйлесе жəне көп сөйлемейтін болса, сол жағдайда оларды тəрбиелей бастайды. Мұның барлығы баланың жеке тұлғасының қалыптасуына əсер етеді. Егер жұмыс жəне басқалар туралы айтып отырса жəне оларды қалай айтқаны; егер ұрысса немесе табысса; егер отбасы бірлікте немесе əркім өзөзімен болса; егер отбасында біреуді бүйірлесе жəне егер əкесі «пəтер жалдаушы» сияқты болса: кеш келеді, үндемей теледидар көрсе, оқыса, ұйықтаса жəне таңертен білдірмей жұмысқа кетіп қалатын болса, бұл əсерлер де балаларды тəрбиелейді. Мұның барлығы да тəрбие.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет